2015 жылға қарай Қазақстандағы жекеменшік жоғарғы оқу орындарының саны қыстаратын болады. Білім және ғылым министрлігі жанынан жаңадан құрылған республикалық қоғамдық кеңестің басты жұмысы ЖОО-ларды оңтайландыру болмақ. Ал кеңес құрамына Парламент депутаттары мен оқу орындарының ректорлары, журналистер мен «Нұр-Отан» ХДП мүшелері және осы саладағы қауымдастықтар белсенділері қабылданып, ЖОО-ларды таразылаудан өткізбек.
Бұдан бұрын Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ЖОО-ларды оңтайландыру жұмыстары қолға алына бастайды деп хабарлаған болатын. Сол кезде ол ірі қалаларға жататын Шымкент, Қарағанды, Алматы және Астанадан басқа әрбір облыста бір ЖОО болса, жеткілікті деген ойын білдірген. Ендігі ретте мұны екі-үш оқу орнын қалдырумен шектемек көрінеді. Сонда қазір елде қызмет етіп отырған 66 ЖОО-ның 30-ға жуығы жабылуы мүмкін. Оқу орындарын осылайша оңтайландыру арқылы білім сапасына қол жеткізіледі деп күтілуде.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрінің атап өткеніндей, оқу орындарының материалдық-техникалық базасы мен жоғары білікті профессор оқытушылары тиісті талапқа сай келмейтіндері ең алдымен жабылады. Ал бұл үрдіс 2015 жылға дейін жүзеге асырылып, толық аяқталуы тиіс екен.
BAQ.kz