5 Наурыз 2013, 12:12
Халықаралық теннис күніне орай бүгін Астанадағы Ұлттық теннис орталығында балалардың қатысуымен арнайы мерекелік шара өтті.
Шараға 5 пен 7 жас аралығындағы 100-ге жуық бүлдіршін қатысты. Олар арнайы бағдарлама бойынша ойындар ойнап, теннис спортының қыр-сырын түсінді. Сонымен қатар балалар теннистен жеке және жұптық бәсекелерде бақтарын сынап көрді. Ұйымдастырушылар Халықаралық теннис күніне орай балалар арасындағы осындай шараны енді дәстүрлі өткізбек.
Динара МҰСЫРҒАЛИЕВА, ата-ана:
- Менің ойымша, осындай шараларды жиі ұйымдастырып тұру керек. Себебі балараға кішкентай жасынан теннистің қыр-сырын түсіндірсе, онда олардан жақсы спортшы шығуы мүмкін. Ал жалпы бүгінгі мейрам көңілімізден шықты.