8 наурызда Астанада шенді сұлуларды таңдайды (ФОТО)

5 Наурыз 2013, 09:19

Қазақстандағы әскери ведомстволар мен күш құрылымдарында қызмет ететін қыз-келіншектер арасында ұйымдастырылатын «Miss Military Kazakhstan» байқауы Астанада өткізілетін болды деп хабарлайды Voxpopuli.kz сайты. Погонды арулар арасынан ең сұлуы Әйелдердің халықаралалық күні қарсаңында анықталмақ. Бұл сайысқа республика бойынша 14 ару қатысып, өзара бақ сынасуда. Олар құқық қорғау органдары мен жол полициясында, өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінде, сондай-ақ, ТЖМ радиобайланыс саласында еңбек ететін нәзік жандылар екен. Сонымен қатар, «Miss Military Kazakhstan» жеңімпазын  анықтауға үлес қосам деушілер Voxpopuli.kz сайты арқылы өз бағасын бере алатындығын да ескертеміз. Естеріңізге сала кетейік, елімізде мұндай шара осы кезге дейін де бірнеше рет ұйымдастырылған болатын. 2012 жылдың «Қазақстан полициясының аруы» атағын Қарағанды облысының полиция сержанты Қарлығаш Егімбаева иеленген еді. Ал 2011 жылғы осы тақылеттес «Мисс Жас Қыран-2011» байқауында ІІМ №3660 ішкі әскери бөлімінің лейтенанты Анар Айтжанова жүлдегер болған. baq.kz

Қазақстандағы әскери ведомстволар мен күш құрылымдарында қызмет ететін қыз-келіншектер арасында ұйымдастырылатын «Miss Military Kazakhstan» байқауы Астанада өткізілетін болды деп хабарлайды Voxpopuli.kz сайты.

Погонды арулар арасынан ең сұлуы Әйелдердің халықаралалық күні қарсаңында анықталмақ. Бұл сайысқа республика бойынша 14 ару қатысып, өзара бақ сынасуда. Олар құқық қорғау органдары мен жол полициясында, өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінде, сондай-ақ, ТЖМ радиобайланыс саласында еңбек ететін нәзік жандылар екен. Сонымен қатар, «Miss Military Kazakhstan» жеңімпазын  анықтауға үлес қосам деушілер Voxpopuli.kz сайты арқылы өз бағасын бере алатындығын да ескертеміз.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде мұндай шара осы кезге дейін де бірнеше рет ұйымдастырылған болатын. 2012 жылдың «Қазақстан полициясының аруы» атағын Қарағанды облысының полиция сержанты Қарлығаш Егімбаева иеленген еді. Ал 2011 жылғы осы тақылеттес «Мисс Жас Қыран-2011» байқауында ІІМ №3660 ішкі әскери бөлімінің лейтенанты Анар Айтжанова жүлдегер болған.

baq.kz

Бөлісу: