Шахматтан әлем чемпионаты жалғасуда (видео)

5 Наурыз 2013, 09:17

Астанада шахматтан әйелдер арасындағы 4-командалық әлем чемпионаты жалғасуда. Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасы ресейлік спортшылармен кездесті. Алғашқы ойында Ұлттық құрама сапындағы Гүлісхан Нахбаева қарсыласы Валинтина Гунинадан басым түсіп, бірінші ұпайды әкелді. Ал қалған 3 ойында жерлестеріміз ұтылды. Мадина Дәулетбаева 58-жүрістен кейін кездесуді тоқтатса, Жансая Әбдімәлік 60-жүрістен кейін қарсыласына жол берді. Қос құрама арасындағы қорытынды есеп 1:3. Қазақстандық шахматшылардың келесі қарсыласы – Украина құрамасы. Автор: Аслан Қаженов  

Астанада шахматтан әйелдер арасындағы 4-командалық әлем чемпионаты жалғасуда.

Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасы ресейлік спортшылармен кездесті. Алғашқы ойында Ұлттық құрама сапындағы Гүлісхан Нахбаева қарсыласы Валинтина Гунинадан басым түсіп, бірінші ұпайды әкелді. Ал қалған 3 ойында жерлестеріміз ұтылды. Мадина Дәулетбаева 58-жүрістен кейін кездесуді тоқтатса, Жансая Әбдімәлік 60-жүрістен кейін қарсыласына жол берді. Қос құрама арасындағы қорытынды есеп 1:3. Қазақстандық шахматшылардың келесі қарсыласы – Украина құрамасы.

Автор: Аслан Қаженов

 

Бөлісу: