Мадонна мен Леди Гага хареографтары Алматыда шеберлік сабағын өткізеді

4 Наурыз 2013, 12:27

Қазақстандық би сүйер қауымды үлкен жаңалық күтіп тұр. Алматы қаласында наурыз айының 15-де әйгілі лондондық Drive Dance Project  би мектебі ашылады. Бұл туралы Total.kz хабарлады. 14 наурызда мектептің ашылуына орай арнайы баспасөз конференциясы мен pre-party ұйымдастырылатын болады. Шақырылған хареографтар Голливудтың Madonna, Lady Gaga, Shakira, Beyonce, Janet Jackson, Pussy Cat Dolls, Britney Spears сынды жұлдыздармен жұмыс жасаған кәсіби жаттықтырушылар, әрі өз істерінің нағыз мамандары болып табылады. Мәселен, Мэнди Монтанез есімді хареограф бүгінде Джастин Тимберлейк пен Fergie тәрізді әншілерді жаттықтырып, Тұманды Альбионда өткен 2012 жылғы Олимпиаданың жабылу салтанатында көрсетілген қойлымды әзірлеуге атсалысқан көрінеді.  Үш ай мерзім ішінде танымал ағылшындар 350-ге жуық ниет білдірген алматылықтарды би өнеріне баулып, таланттарын шыңдауға мүмкіндік береді. Би мектебіне жазылушылар толассыз келіп жатқан көрінеді. BAQ.kz

Қазақстандық би сүйер қауымды үлкен жаңалық күтіп тұр. Алматы қаласында наурыз айының 15-де әйгілі лондондық Drive Dance Project  би мектебі ашылады. Бұл туралы Total.kz хабарлады.

14 наурызда мектептің ашылуына орай арнайы баспасөз конференциясы мен pre-party ұйымдастырылатын болады.

Шақырылған хареографтар Голливудтың Madonna, Lady Gaga, Shakira, Beyonce, Janet Jackson, Pussy Cat Dolls, Britney Spears сынды жұлдыздармен жұмыс жасаған кәсіби жаттықтырушылар, әрі өз істерінің нағыз мамандары болып табылады.

Мәселен, Мэнди Монтанез есімді хареограф бүгінде Джастин Тимберлейк пен Fergie тәрізді әншілерді жаттықтырып, Тұманды Альбионда өткен 2012 жылғы Олимпиаданың жабылу салтанатында көрсетілген қойлымды әзірлеуге атсалысқан көрінеді. 

Үш ай мерзім ішінде танымал ағылшындар 350-ге жуық ниет білдірген алматылықтарды би өнеріне баулып, таланттарын шыңдауға мүмкіндік береді.

Би мектебіне жазылушылар толассыз келіп жатқан көрінеді.

BAQ.kz

Бөлісу: