Алматылық тарих ғылымдарының кандидаты Владимир Осколков K1.kz сайтына берген сұхбатында Ұлы Шыңғысханның жерленген орынның жобасын тапқанын айтқан.
Ғалым қорымды Алтайда екенін, ол жерді қалың орман басып кеткенін айтады.Қорым ешкімнің аяғы баспайтын, басса да, адам өте сирек баратын жерде болуы тиіс деп болжамдайды. Бұл жер Лениногорск (Риддерская) ойпаты болуы мүмкін. Бір қызығы, ол жерде адам ізі тек тас ғасырда ғана бар, ал қола мен темір ғасырларда адам ізі жоқ.
«Адам ізі әдейі жойып жібергенге ұқсайды. Ол жер полиметалл кеніне бай, адам қоныстануына қолайлы. Сондай-ақ Ертіс өзенінің ең үлкен тармағы Үлбі өзені бастау алады. Осы құтты мекенге 1786 жылға дейін адам қоныстанбағаны таң қалдырады. Және ол аймақта не түркілік, не моңғолдың топонимдер мен гидронимдер жоқ»,– дейді ғалым.
Осколков дүниені дүр сілкіндірген Ұлы қағанның қорымы Алтайда жатыр деген пікірді қазақ, ресейлік, моңғолдық, қытайлық ғалымдардың бәрі мақұлдап отырғанын да жеткізді.
Дәулетқали Асауов
BAQ.kz