Облыс өнеркәсібі дамыған аймақтар қатарына жатады. Фосфорит кені, қоңыр көмір, алтын, мыс, табиғи газ, құрылыс материалдары өндіріледі. Өндірістің негізгі саласы химия өнеркәсібі.
Алға қойылған басымдықтар бойынша облыс экономикасын көтеруде химия, металлургия өндірісі ауқымды жетістіктерге қол жеткізіп, құрылыс жұмысына ат салысу мақсатында Мойынқұм ауданында жылына 1 миллион 200 мың тонна цемент шығаратын зауыттың құрылысы салынды
Жылу, кен орындары
Тамақ өнеркәсібі өнімдері
Тамақ өнеркәсібі: «Қант» АҚ, Қордай ауданындағы «Фудмастер» ЖШС тағам өндірістік кәсіпорны, Байзақ ауданындағы «Жамбыл құс» ЖШС, Шу ауданындағы «KAZCom-K» ЖШС – диірмен, «Меркі қант зауыты – агроөндірістік кәсіпорын. Меркі май-ірімшік зауыты АҚ, «Бурный сүт-ірімшік зауыты» АҚ, Тараз қаласындағы «Палванов» ЖК және «Төлебай май-2007» ЖШС өсімдік майын сығып ыдысқа құятын май зауыттары, «Тараз» сервистік дайындау орталығы тағы сол сияқты өндірістік кәсіпорындары кәсіпкерлерінің іскерлігінің нәтижесінде ет, сүт өңдеу, сұйық май, ұн, нан өнімдерін өндіретін кәсіпорындар мен көкөніс өсіретін жылы жайлар іске қосылған. Облыс шығарған өнімдерінің сапасы республика көлемінде жоғары бағаланып, облыс экономикасын көтерумен қатар тұтынушылардың қызығушылығын арттырып келеді. Сонымен қатар Тараз қаласында ет өңдеу зауыты салынуда.
Облыста асыл тұқымды мал өсіру, бордақылау олардан өндірілетін өнімдердің сапасына аса назар аударылып отыр.
Т.Рысқұлов ауданындағы «Луговой жылқы зауыты» ЖШС жаңа технологиялармен жұмыс істеу үстінде.
Ірі қара мал оның ішінде түйе, жылқы, сиыр, қой өсіру шаруашылығының жаңа үлгілері қалыптастырылып қолға алынып өз нәтижелері жемісін беруде.