Білім беру саласы

2 Наурыз 2013, 23:08

Облыста білім беру саласында 500-ге жуық орта білім беретін мектептер, кешкі жалпы білім беретін 10 мектеп, 18 кәсіптік-техникалық лицей, 7 мемлекеттік және 26 жеке меншік колледж, 2 мемлекеттік және 3 жеке меншік жоғары оқу орны қызмет етеді. Облыс орталығындағы жоғарғы оқу орындары: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті – Жамбыл университеті, Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институты, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институттарын біріктіру негізінде 1998 жылы құрылған. Университет құрамында: - Заң факультеті – 4 бағытта; - Экономика және бизнес факультеті – 8 бағытта; - Технологиялар және ақпараттық жүйелер факультеті 17 бағытта; - Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультеті – 12 бағытта; - Гуманитарлық - әлеуметтік ғылымдар факультеті – 10 бағытта; - Мұнай-газ ісі, энергетика және транспорт факультеті – 7 бағытта мамандар даярлайды. Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты – 2004 жылы 1 сәуірде М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінен бөлініп шығып, педагогикалық мамандар даярлауға толық бет бұрған. «Қайнар» оқу кешені мына құрамда: Тараз техникалық институты (ТарТИ) техникалық мамандардың 13 бағыты бойынша, «Қайнар» Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі (ТГТК) педагогикалық, экономикалық, технологиялық, техникалық мамандықтар даярлайды. Тараз иновациялық гуманитарлық университеті – Ясауи атындағы қазақ-түрік халықаралық институты негізінде 2008 жылы құрылған. 27 бағытта мамандар даярлайды Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті - Әулиеата университеті және Тараз техникалық институтының бірігуі нәтижесінде 2007 жылы құрылған. Облыс орталығындағы арнаулы орта оқу орындары: Абай атындағы гуманитарлық педагогикалық колледж – 1997 жылы Жамбыл орталық мәдениет және өнер колледжі және Абай атындағы гуманитарлық педагогикалық колледжінің қосылуы негізінде ашылған. Колледж шет ел тілінен, қазақ тілінен, информатика пәндерінен бастауыш білім беру; Музыкалық білім беру; Сәндік қолданбалы өнер және халық кәсіпшілігі; Аспапта орындаушылық және эстрада; Бейнелеу өнері және сызу; Өмір қауіпсіздігінің негіздері және валиология; Хор дирежоры мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Жамбыл медициналық колледжі – Тараз қаласында 1936 жылы 12 ақпанда ашылған. Колледж қазіргі кезде «емдеу ісі», «акушерлік іс», «медбике ісі», «формация», «ортопедиялық стоматология» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Жамбыл политехникалық колледжі – Тараз қаласында 1997 жылы Жамбыл химия-механика және статистика техникумдарын біріктіру негізінде ашылған. Негізі 1954 жылы (бұрынғы Жамбыл қаласы) қаланған. Колледж 18 бағытта  техника, экономика, құқық құрылыс, технология салалары бойынша мамандар даярлайды. Қазақ-түрік есеп экономикалық колледжі – Тараз қаласында 1993 жылы ашылған. Колледж маркетинг, менеджер, банк ісі және бухгалтерлік есеп мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Тараз политехникалық колледжі, Тараз «Парасат», «Болашақ», «Өркениет» колледждері сияқты облыста 35 колледж әр бағыттағы мамандықтарды даярлап,  келешектегі маман иелерін үздіксіз толықтырып отыр.

Облыста білім беру саласында 500-ге жуық орта білім беретін мектептер, кешкі жалпы білім беретін 10 мектеп, 18 кәсіптік-техникалық лицей, 7 мемлекеттік және 26 жеке меншік колледж, 2 мемлекеттік және 3 жеке меншік жоғары оқу орны қызмет етеді.

Облыс орталығындағы жоғарғы оқу орындары:

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті – Жамбыл университеті, Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институты, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институттарын біріктіру негізінде 1998 жылы құрылған.

Университет құрамында:
- Заң факультеті – 4 бағытта;
- Экономика және бизнес факультеті – 8 бағытта;
- Технологиялар және ақпараттық жүйелер факультеті 17 бағытта;
- Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультеті – 12 бағытта;
- Гуманитарлық - әлеуметтік ғылымдар факультеті – 10 бағытта;
- Мұнай-газ ісі, энергетика және транспорт факультеті – 7 бағытта мамандар даярлайды.

Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты – 2004 жылы 1 сәуірде М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінен бөлініп шығып, педагогикалық мамандар даярлауға толық бет бұрған.

«Қайнар» оқу кешені мына құрамда: Тараз техникалық институты (ТарТИ) техникалық мамандардың 13 бағыты бойынша, «Қайнар» Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі (ТГТК) педагогикалық, экономикалық, технологиялық, техникалық мамандықтар даярлайды.

Тараз иновациялық гуманитарлық университеті – Ясауи атындағы қазақ-түрік халықаралық институты негізінде 2008 жылы құрылған. 27 бағытта мамандар даярлайды

Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті - Әулиеата университеті және Тараз техникалық институтының бірігуі нәтижесінде 2007 жылы құрылған.

Облыс орталығындағы арнаулы орта оқу орындары:

Абай атындағы гуманитарлық педагогикалық колледж – 1997 жылы Жамбыл орталық мәдениет және өнер колледжі және Абай атындағы гуманитарлық педагогикалық колледжінің қосылуы негізінде ашылған. Колледж шет ел тілінен, қазақ тілінен, информатика пәндерінен бастауыш білім беру; Музыкалық білім беру; Сәндік қолданбалы өнер және халық кәсіпшілігі; Аспапта орындаушылық және эстрада; Бейнелеу өнері және сызу; Өмір қауіпсіздігінің негіздері және валиология; Хор дирежоры мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.

Жамбыл медициналық колледжі – Тараз қаласында 1936 жылы 12 ақпанда ашылған. Колледж қазіргі кезде «емдеу ісі», «акушерлік іс», «медбике ісі», «формация», «ортопедиялық стоматология» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.

Жамбыл политехникалық колледжі – Тараз қаласында 1997 жылы Жамбыл химия-механика және статистика техникумдарын біріктіру негізінде ашылған. Негізі 1954 жылы (бұрынғы Жамбыл қаласы) қаланған. Колледж 18 бағытта  техника, экономика, құқық құрылыс, технология салалары бойынша мамандар даярлайды.

Қазақ-түрік есеп экономикалық колледжі – Тараз қаласында 1993 жылы ашылған. Колледж маркетинг, менеджер, банк ісі және бухгалтерлік есеп мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.

Тараз политехникалық колледжі, Тараз «Парасат», «Болашақ», «Өркениет» колледждері сияқты облыста 35 колледж әр бағыттағы мамандықтарды даярлап,  келешектегі маман иелерін үздіксіз толықтырып отыр.

Бөлісу: