Театр

8 Қараша 2012, 11:22

  Соңғы редакциялау: 22 қазан 2012 жыл ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ – ұлттық сахналық өнер саласы. Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығарм-на (әнші, ақындар айтысы мен шешендік өнерге), ежелден келе жатқан әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа (беташар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауық (алтыбақан, қызойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) пен Алдар Көсе, т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. Қазақ халқының қоғамдық ортасында туған, қиыннан қисын табар тапқыр, ой-қиялы жүйрік, ділмар адамның жиынтық бейнесі болып, аты аңызға айналған Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында ертеден белгілі. Ал Айдарбек, Битан-Шитан, Зәрубай, Күндебай, Қантай-Тонтай, Мауқай, Текебай, Торсықбай, т.б. белгілі халық қуларының өнері туралы кезінде Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаев (“Шаншарлар”), Ж.Шанин (“Айдарбек”, “Торсықбай”), т.б. драматургтар пьесалар жазды. Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, т.б. актерлер өз ойындарында халық қуларының бай тәжірибесін мол пайдаланды. Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы 19 ғ-дың 2-жартысынан басталады. 1859 ж. Оралда, 1869 ж. Орынборда, 1875 ж. Омбыда орыс драма театрларының негізі қаланып, жұмыс істей бастады. 1890 ж. Семей қ-нда “Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы” ұйымдастырылды. Алғашқы драм. шығармаларда Г.Д. Гребенщиков “Жақсы жігіт” пьесасының (1907) сюжетін қазақ тұрмысына құрса, Н.П. Анненкова-Бернар ұлттық дастан негізінде 1908 ж. “Бекет” атты драма жазып, кейін оны сахнаға шығарды. 1911 – 12 ж. Шымкент, Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола (Астана), Қостанай, Петропавл, Орал мен Семей қ-ларында ойын-сауық үйірмелері ұйымдаса бастады. 1913 – 14 ж. Семейде қазақ мұғалімдері мен оқушы-жастар бірлесіп, “шығыс кеші” деген атпен ойын-сауық кештерін ұйымдастырды. Ұлттық театр өнері тарихында мәні зор ойын-сауықтар қатарында: Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына арналған әдеби, этногр.-муз. кеш (1914), “Біржан мен Сара айтысы” (1915, екеуі де Семейде) және “Қазақша қыз ұзатудың” (1915, Атбасарда) сахнаға лайықталған нұсқасын атауға болады. Осы жылдары ұлттық драматургияның алғашқы туындылары жазылып, баспа бетін көрді әрі оның бірқатары әуесқойлар күшімен сахнада қойылды. Мұғалім Б.Х. Серкебаев (“Бақсы”, “Ғазиза”, т.б.) пен И.Меңдіханов (“Малдыбай”, бәрі де 1912) тұңғыш пьесалар жазды. 1917 ж. маусым айында Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығ. Қазақстан обл., Абай ауд.) М.О. Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясы алғаш рет қойылып, оған автордың өзі жетекшілік етті. 1918 – 24 ж. Ақмолада (қазіргі Астанада), Әулиеатада, Көкшетауда, Орынборда, Ташкентте, Түркістанда және Шымкентте көптеген қазақ драм. үйірмелері ұйымдастырылып, Ж.Аймауытовтың, Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерданаевтың, Қ.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің, Серкебаевтың, Ә.Сұлтановтың, т.б-лардың драм. шығармалары сахнаға шығарылды. 1918 ж. Алматыда, Семейде, Петропавлда, т.б. қ-ларда бірқатар орыс драма театрлары ашылды. “Ес-аймақ” сахнасында сол уақытта жарық көрген Аймауытовтың (“Рәбиға”, “Қанапия-Шәрбану”, “Ел қорғаны”, “Сылаң қыз”), Әуезовтың (“Еңлік – Кебек”, “Қарагөз”, “Ел ағасы”, “Бәйбіше – тоқал”), Сейфуллиннің (“Қызыл сұңқарлар”), т.б. пьесалары қойылды. Бұл спектакльдердің көпшілігін сахнада қойған Шанин мен Аймауытов болды. 1925 ж. Қызылорда қ-нда тұңғыш кәсіби ұлт театрының (қ. Қазақ драма театры) ұйымдастырылуы Қазақстанның мәдени тарихында мәні зор оқиғаға айналды. Қ. т. өнерінің қалыптасып даму кезеңі спектакльдерде натуралистік, әлеум.-тұрмыстық және фольклорлық-этногр. бояудың қатаң сақталуымен, халық әндерін мол пайдалануымен ерекшеленеді. Мұның өзі бір жағынан театр мен көрермендер арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге мүмкіндік туғызса, екінші жағынан актерлердің көп салалы өнерді меңгеруіне жол ашты. Осы кезеңде Қ. т. ұлттық пьесаларды ғана қоюмен шектелмей, алғаш рет классик. драматургия туындыларын игеруге талпыныс жасады. 1928 ж. Қазақтың мемл. драма театры республикасының жаңа астанасы Алматыға көшіп келді. Әсіресе осы кезеңдегі Қ. т. өнерінің қалыптасу жолында Әуезов драматургиясы мен Шаниннің реж. қызметінің мәні зор болды. Әуезовтың қуатты қаламынан туған “Қарагөз”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, “Абай”, “Айман – Шолпан”, “Түнгі сарын”, т.б. драм. шығармалары театр репертуарын жандандыра түсті. 30-жылдардың бас кезінде Алматыда (1927 – 28), Риддерде (1930 – 33) және Қарағандыда (1932 – 34) жұмысшы-жастар театры құрылды. Бұларды ұйымдастыруға Қ.Бадыров, К.Қармысов, С.Телғараев көп еңбек сіңірді. Қ. т. өнерін одан әрі өркендету ісінде 1933 ж. 8 қыркүйекте Қазақстан өлкелік партия к-тінің “Ұлт өнерін дамыту шаралары” туралы қаулысының рөлі ерекше болды. Осыған орай 1934 ж. Оралда (көркемдік жетек. Ғ.Төребаев), Шымкентте (көркемдік жетек. Ж.Арғынбаев), 1935 ж. Петропавл (1935 – 38) мен Ақтөбеде (1935 – 48), 1936 ж. Қарағанды (көркемдік жетек. Ш.Гатаулин) мен Жамбылда (қазіргі Тараз; көркемдік жетек. Арғынбаев) және 1938 ж. Гурьев (қазіргі Атырау; көркемдік жетек. А.И. Сусанов-Саянский) пен Павлодарда (көркемдік жетек. Н.М. Атаханов) обл. қазақ театрлары ашылып, халыққа мәдени қызмет көрсете бастады. Кәсіби дайындығы бар орыс режиссерлері қазақ актерлерін орыс театрының бай тәжірибесімен және К.С. Станиславский жүйесімен таныстырып, кәсіби сахна өнеріне шыңдады, әсіресе орыс, шет ел классикасы мен осы заман драматургиясының озық үлгілерін (Н.В. Гогольдің, Н.Ф. Погодиннің, К.А. Треневтің, У.Шекспирдің пьесалары) театр репертуарына енгізіп байытуда айтарлықтай еңбек сіңірді. 1934 ж. өткен Қазақстан жазушыларының 1 съезінде ұлттық әдебиет мәселесімен бірге драматургия мен театр жайы да кеңінен сөз болып, арнайы баяндамалар тыңдалды. Республика үкіметінің 1935 ж. “Колхоз-совхоз театрларын құру туралы” қабылданған арнайы қаулысынан кейін 30-жылдардың 2-жартысынан бастап көркемөнерпаздар үйірмелері негізінде пайда болған ауд. және ұжымшар, кеңшар театрлары кең қанат жайды. 1937 ж. ұйымдасқанына он жыл толуына байланысты Қазақтың мемл. драма театры академиялық театр деген құрметті атаққа ие болды. Обл. қазақ драма театрлары 1937 жылдан арнаулы сахналық білімі бар жас кадрлармен толықтырыла бастады. Қ. т. ұжымдарының 2-дүниежүз. соғыс кезеңінде бірқатар әскери-патриоттық тақырыптағы пьесаларды сахнаға шығарды. Майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға келген Ю.А. Завадский, В.П. Марецкая, Н.Д. Мордвинов, Н.И. Сац, Н.М. Ужвий, Г.П. Юра, т.б. көрнекті театр қайраткерлерімен қазақ өнер шеберлерінің өзара шығарм. қызметі сахналық шеберліктің кемелденіп өсуіне, жалпы рухани мәдениеттің дамуына игі ықпал етті. Реж.-педагогтар О.И. Пыжова мен Б.В. Бибиковтың бірлесіп қойған Шекспирдің “Асауға тұсау” спектаклі (1943, Петруччио – Ш.Айманов, Катарина – Х.Бөкеева) Қазақ драма театрының ең таңдаулы қойылымына айналып, ол актерлер үшін баға жетпес сахналық шыңдалу мектебі болды. Соғыс жылдары Жамбыл, Гурьев (қазіргі Атырау), Қарағанды, Павлодар обл. және 11 ұжымшар-кеңшар театрлары жергілікті көрермендерге белсенді мәдени қызмет көрсетті. 1944 ж. Алматы қ-нда Балалар мен жасөспірімдер театры ашылды. Оның алғашқы ұйымдастырушылары реж. Сац пен драматург В.С. Розов болды. 2-дүниежүз. соғыстан кейінгі жылдары республика театрлары халқымыздың бейбіт құрылыстағы еңбегін көрсетуді басты мақсат етіп қойды. Осы кезеңде Қазақ драма театрымен қатар қазіргі Атырауда, Таразда, Қарағандыда, Семейде және Шымкент қ-ларында обл. драма театрлары жұмыс істеді. 1955 ж. Еңбекшіқазақ пен Қаратал ұжымшар-кеңшар театрларының негізінде Талдықорған обл. драма театры ұйымдасты. 50-жылдары театр сахналарында ұлттық тарихи-фольклорлық драматургия бойынша спектакльдер қою ісі қайта жалғастырылып, біршама жандана түсті. Осыған орай Ғ.Мүсіреповтің “Амангелдісі” (1952), С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” (1955, екеуінің де реж. М.И. Гольдблат) және Ә.Тәжібаевтың “Майрасы” (1957, реж. А.Тоқпанов) секілді тарихи-ғұмырнамалық тақырыпта жазылған жаңа пьесалар қойылды. Әуезов романының желісімен “Абай” спектаклі (инсценировкасын жасағандар Айманов пен Л.С. Штейн, 1949) сахнаға шығарылды. 1957 – 58 ж. Алматы қ-нда “Театр көктемі” деген атпен обл. театрлардың алғашқы байқауы өткізілді. Байқауда Гурьев (қазіргі Атырау), Семей (қазіргі Шығ. Қазақстан) және Шымкент (қазіргі Оңт. Қазақстан) обл. драма театрлары жүлдегер атанды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1958 ж. Мәскеуде өткен онкүндігінде Айманов, Қ.Қуанышбаев, В.Б. Харламова КСРО халық артисі, сондай-ақ Ш.Жандарбекова мен С.Майқанова ҚазКСР-інің халық артисі деген құрметті атаққа ие болды, ал Бөкеева, Е.Я. Диордиев, С.Қожамқұлов пен Е.Өмірзақов Ленин орденімен марапатталды. 60-жылдардағы республика театр өмірі тақырыптық бағыт-бағдары мен сахналық жанрының әр алуандығымен ерекшеленді. Бүгінгі күннің көкейкесті мәселелеріне арналған төл пьесалар қою ісі одан әрі жалғасын табумен қатар шет ел драматургиясының туындылары да сахнада кеңінен қойылды. 1970 – 80 ж. республика театрларында осы заман тақырыбына арналған Т.Ахтановтың “Күтпеген кездесуі” мен “Махаббат мұңы”, О.Бөкеевтің “Құлыным, менің”, Ә.Әбішевтің “Мансап пен ұждан”, Н.Оразалиннің “Шырақ жанған түн” пьесалары бойынша спектакльдер қойылды. Осы жылдардағы көркемдік деңгейі жоғары, елеулі сахналық туындылардың бірі – Ә.Нұрпейісовтің трилогиясы негізінде қойылған “Қан мен тер” спектаклі (1973) болды. Ол – қазан төңкерісі қарсаңында қазақ даласындағы әлеум. жағдайдың диалектикасын сахналық көркем тілмен шынайы бейнеледі. Спектакль 1974 ж. КСРО Мемл. сыйлығына (реж. Мәмбетов, суретші А.С. Кривошеин жөне актерлер А.Әшімов, Ф.Шәріпова мен Ы.Ноғайбаев) ие болды. 1980 – 90 ж. Қ. т-ның режиссерлері республикадағы орыс драма театрлары сахнасында бірқатар спектакльдерді қойды. ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер ин-тындағы театр мен кино өнері бөлімі ұлттық театр өнерінің тарихын һәм оның өзекті мәселелерін зерттеумен айналысады. Арнайы білім алған маман театртанушылар: Б.Құндақбаев, Қ.Мұхамеджанов, Л.И. Богатенкова, С.Д. Қабдиева, К.Ә. Нұрпейісов, У.К. Садықова, Ә.Т. Сығай, Н.Н. Шәукенбаева, Л.М. Громова, М.В. Иовлева, И.Ф. Ким Қазақстан театр өнерінің мәселелерін зерттеумен айналысты. 1962 ж. Алматы қ-нда ерікті шығарм. ұйым – Қазақ театр қоғамы (қазіргі ҚР Театр қайраткерлерінің одағы) ұйымдастырылды. Қ. т. өнері саласындағы таңдаулы туындыларға Күләш Байсейітова атынд. Қазақстанның Мемл. сыйл. (1966 жылдан жыл сайын, ал 1971 жылдан бастап екі жылда бір рет) беріледі. 1980 жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында әміршіл-әкімшіл жүйенің көбесі сөгіле бастауы, ашық демокр. қоғамның орнауы мен цензуралық қысымның жойылуы, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі нәтижесінде республика театрларының шығарм. өміріне жаңа леп әкелді, театрлар ұжымдарының алдына соны міндеттер қойды. Театрлар жаңа қоғамдық өмір мен әлеум. көзқарас және мақсат-мұратқа сай репертуарлық қорын тың туындылармен кеңейтті. Ұлт өмірінің тарихи белестерін жаңаша бағамдау мәселесі қазақ қаламгерлерінің драм. шығармаларынан басты орын алып, ол Б.Әбілдаевтың “Айша бибі” (1986, реж. Ә.Құлданов пен М.Бекхожин, Жамбыл обл. драма театры), Ш.Мұртазаның “Сталинге хат” (1988, реж. Р.Сейтметов, Қазақ жастар мен балалар театры; 1989, реж. Б.Омаров, Талдықорған драма театры), О.Бодықовтың “Қорқыт” (реж. Ш.Зұлқашев), Б.Қорқытовтың “Ақбөбек” (екеуі де 1988, реж. А.Сұлтанғалиев, Атырау обл. драма театры), Әуезовтің “Түнгі сарыны” (1989, реж. Асылхан) мен “Хан Кене” (1992, реж. Қ.Жетпісбаев, екеуі де Талдықорған драма театрында), Н.Әбутәлиевтің “Өттің дүние” (1992, реж. Ә.С. Рақымов), Иран-Ғайыптың “Шыңғыс хан” (1994, реж. Б.Атабаев), М.Байсеркеұлының “Абылайханның ақырғы күндері” (1996, реж. Байсеркеұлы), Оразалиннің “Қилы кезең” (Әуезовтің шығармасы бойынша; 1997, реж. Рақымов), Ә.Кекілбаевтың “Абылай хан” (1998, реж. Атабаев, бәрі де Қазақтың мемл. акад. драма театрында), М.Байғұтов пен Ш.Орынбаевтың “Қарлығаш әулие – Төле би” (1993, реж. Құлданов, Шымкент обл. драма театры), К.Н. Жұмабековтің “Қаз дауысты Қазыбек” (реж. Ә.Оразбеков, Қарағанды обл. драма театры), О.Дастановтың “Әзірет сұлтан” (екеуі де 1998, реж. Мәмбетов, Қазақ жастар мен балалар театры), т.б. спектакльдерде өзінің көркем сахналық шешімін тапты. 20 ғ-дың 90-жылдары Ақмола, Павлодар, Арқалық, Орал, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Жезқазған, Атырау, Түркістан қ-ларында жаңадан қазақ театрлары ұйымдастырылды. 1975 ж. Респ. орыс драма театры академ. театр атағын алды. 1976 ж. ұлттық театрдың негізін салушылардың бірі Қожамқұлов Соц. Еңбек Ері атанды, ал реж. Мәмбетовке КСРО халық арт. (2000), Халық қаһарманы атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылған (2000).  Идеялық-көркемдік жағынан уақыт талабына сай сапалы репертуары бар, халыққа жүйелі түрде мәдени қызмет көрсетіп отыратын үздік ұжымдарға (1959 жылдан) халық театры атағы берілді. 1985 ж. Қазақстандағы әуесқой ұжымдардың жалпы саны 20 191 жетті, оның 184-і кезінде халық театры атағына ие болды. Қалың көпшілікке танымал халық театрлары қатарында Абай (бұрынғы Семей обл.), Таран (Қостанай обл.), Шаян халық театры (Оңт. Қазақстан обл.) болды. Қазақстанда кәсіби 35 театр, оның ішінде 9 қазақ драма театры – Ақтөбеде (1993), Алматыда (1926), Атырауда (1938), Тараз бен Қарағандыда (1936), Қызылордада 1960), Оралда (1991), Талдықорғанда (1975), Шымкентте (1934); 6 қазақ музыкалы драма театры – Арқалықта (1972 жылдан, 1988 ж. Жезқазғанға қоныс аударды), Жетісайда (1969), Көкшетауда (1995), Павлодарда (1990), Семейде (1934), Түркістанда (2002); 2 Балалар мен жас өспірімдер театры (1947 жылдан қазақ, ал 1945 жылдан орыс театры); Неміс драма театры (1980, Теміртау, қазір Алматы қ-нда); 3 музыкалы комедия театры – орыс (1973, Қарағанды), ұйғыр (1934, Алматы) және корей (1968, Алматы); 5 қуыршақ театры – Алматыда (1935, қазақ және орыс труппалары), Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981) және Шымкентте (1983) жұмыс істеді. К. Нұрпейісов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  

 

Соңғы редакциялау:

22 қазан 2012 жыл

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ – ұлттық сахналық өнер саласы. Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығарм-на (әнші, ақындар айтысы мен шешендік өнерге), ежелден келе жатқан әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа (беташар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауық (алтыбақан, қызойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) пен Алдар Көсе, т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. Қазақ халқының қоғамдық ортасында туған, қиыннан қисын табар тапқыр, ой-қиялы жүйрік, ділмар адамның жиынтық бейнесі болып, аты аңызға айналған Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында ертеден белгілі. Ал Айдарбек, Битан-Шитан, Зәрубай, Күндебай, Қантай-Тонтай, Мауқай, Текебай, Торсықбай, т.б. белгілі халық қуларының өнері туралы кезінде Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаев (“Шаншарлар”), Ж.Шанин (“Айдарбек”, “Торсықбай”), т.б. драматургтар пьесалар жазды. Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, т.б. актерлер өз ойындарында халық қуларының бай тәжірибесін мол пайдаланды. Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы 19 ғ-дың 2-жартысынан басталады. 1859 ж. Оралда, 1869 ж. Орынборда, 1875 ж. Омбыда орыс драма театрларының негізі қаланып, жұмыс істей бастады. 1890 ж. Семей қ-нда “Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы” ұйымдастырылды. Алғашқы драм. шығармаларда Г.Д. Гребенщиков “Жақсы жігіт” пьесасының (1907) сюжетін қазақ тұрмысына құрса, Н.П. Анненкова-Бернар ұлттық дастан негізінде 1908 ж. “Бекет” атты драма жазып, кейін оны сахнаға шығарды. 1911 – 12 ж. Шымкент, Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола (Астана), Қостанай, Петропавл, Орал мен Семей қ-ларында ойын-сауық үйірмелері ұйымдаса бастады. 1913 – 14 ж. Семейде қазақ мұғалімдері мен оқушы-жастар бірлесіп, “шығыс кеші” деген атпен ойын-сауық кештерін ұйымдастырды. Ұлттық театр өнері тарихында мәні зор ойын-сауықтар қатарында: Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына арналған әдеби, этногр.-муз. кеш (1914), “Біржан мен Сара айтысы” (1915, екеуі де Семейде) және “Қазақша қыз ұзатудың” (1915, Атбасарда) сахнаға лайықталған нұсқасын атауға болады. Осы жылдары ұлттық драматургияның алғашқы туындылары жазылып, баспа бетін көрді әрі оның бірқатары әуесқойлар күшімен сахнада қойылды. Мұғалім Б.Х. Серкебаев (“Бақсы”, “Ғазиза”, т.б.) пен И.Меңдіханов (“Малдыбай”, бәрі де 1912) тұңғыш пьесалар жазды. 1917 ж. маусым айында Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығ. Қазақстан обл., Абай ауд.) М.О. Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясы алғаш рет қойылып, оған автордың өзі жетекшілік етті. 1918 – 24 ж. Ақмолада (қазіргі Астанада), Әулиеатада, Көкшетауда, Орынборда, Ташкентте, Түркістанда және Шымкентте көптеген қазақ драм. үйірмелері ұйымдастырылып, Ж.Аймауытовтың, Әуезовтің, М.Дулатовтың, Е.Ерданаевтың, Қ.Кемеңгеровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің, Серкебаевтың, Ә.Сұлтановтың, т.б-лардың драм. шығармалары сахнаға шығарылды. 1918 ж. Алматыда, Семейде, Петропавлда, т.б. қ-ларда бірқатар орыс драма театрлары ашылды. “Ес-аймақ” сахнасында сол уақытта жарық көрген Аймауытовтың (“Рәбиға”, “Қанапия-Шәрбану”, “Ел қорғаны”, “Сылаң қыз”), Әуезовтың (“Еңлік – Кебек”, “Қарагөз”, “Ел ағасы”, “Бәйбіше – тоқал”), Сейфуллиннің (“Қызыл сұңқарлар”), т.б. пьесалары қойылды. Бұл спектакльдердің көпшілігін сахнада қойған Шанин мен Аймауытов болды. 1925 ж. Қызылорда қ-нда тұңғыш кәсіби ұлт театрының (қ. Қазақ драма театры) ұйымдастырылуы Қазақстанның мәдени тарихында мәні зор оқиғаға айналды. Қ. т. өнерінің қалыптасып даму кезеңі спектакльдерде натуралистік, әлеум.-тұрмыстық және фольклорлық-этногр. бояудың қатаң сақталуымен, халық әндерін мол пайдалануымен ерекшеленеді. Мұның өзі бір жағынан театр мен көрермендер арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге мүмкіндік туғызса, екінші жағынан актерлердің көп салалы өнерді меңгеруіне жол ашты. Осы кезеңде Қ. т. ұлттық пьесаларды ғана қоюмен шектелмей, алғаш рет классик. драматургия туындыларын игеруге талпыныс жасады. 1928 ж. Қазақтың мемл. драма театры республикасының жаңа астанасы Алматыға көшіп келді. Әсіресе осы кезеңдегі Қ. т. өнерінің қалыптасу жолында Әуезов драматургиясы мен Шаниннің реж. қызметінің мәні зор болды. Әуезовтың қуатты қаламынан туған “Қарагөз”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, “Абай”, “Айман – Шолпан”, “Түнгі сарын”, т.б. драм. шығармалары театр репертуарын жандандыра түсті. 30-жылдардың бас кезінде Алматыда (1927 – 28), Риддерде (1930 – 33) және Қарағандыда (1932 – 34) жұмысшы-жастар театры құрылды. Бұларды ұйымдастыруға Қ.Бадыров, К.Қармысов, С.Телғараев көп еңбек сіңірді.

Қ. т. өнерін одан әрі өркендету ісінде 1933 ж. 8 қыркүйекте Қазақстан өлкелік партия к-тінің “Ұлт өнерін дамыту шаралары” туралы қаулысының рөлі ерекше болды. Осыған орай 1934 ж. Оралда (көркемдік жетек. Ғ.Төребаев), Шымкентте (көркемдік жетек. Ж.Арғынбаев), 1935 ж. Петропавл (1935 – 38) мен Ақтөбеде (1935 – 48), 1936 ж. Қарағанды (көркемдік жетек. Ш.Гатаулин) мен Жамбылда (қазіргі Тараз; көркемдік жетек. Арғынбаев) және 1938 ж. Гурьев (қазіргі Атырау; көркемдік жетек. А.И. Сусанов-Саянский) пен Павлодарда (көркемдік жетек. Н.М. Атаханов) обл. қазақ театрлары ашылып, халыққа мәдени қызмет көрсете бастады. Кәсіби дайындығы бар орыс режиссерлері қазақ актерлерін орыс театрының бай тәжірибесімен және К.С. Станиславский жүйесімен таныстырып, кәсіби сахна өнеріне шыңдады, әсіресе орыс, шет ел классикасы мен осы заман драматургиясының озық үлгілерін (Н.В. Гогольдің, Н.Ф. Погодиннің, К.А. Треневтің, У.Шекспирдің пьесалары) театр репертуарына енгізіп байытуда айтарлықтай еңбек сіңірді. 1934 ж. өткен Қазақстан жазушыларының 1 съезінде ұлттық әдебиет мәселесімен бірге драматургия мен театр жайы да кеңінен сөз болып, арнайы баяндамалар тыңдалды. Республика үкіметінің 1935 ж. “Колхоз-совхоз театрларын құру туралы” қабылданған арнайы қаулысынан кейін 30-жылдардың 2-жартысынан бастап көркемөнерпаздар үйірмелері негізінде пайда болған ауд. және ұжымшар, кеңшар театрлары кең қанат жайды.

1937 ж. ұйымдасқанына он жыл толуына байланысты Қазақтың мемл. драма театры академиялық театр деген құрметті атаққа ие болды. Обл. қазақ драма театрлары 1937 жылдан арнаулы сахналық білімі бар жас кадрлармен толықтырыла бастады.

Қ. т. ұжымдарының 2-дүниежүз. соғыс кезеңінде бірқатар әскери-патриоттық тақырыптағы пьесаларды сахнаға шығарды. Майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға келген Ю.А. Завадский, В.П. Марецкая, Н.Д. Мордвинов, Н.И. Сац, Н.М. Ужвий, Г.П. Юра, т.б. көрнекті театр қайраткерлерімен қазақ өнер шеберлерінің өзара шығарм. қызметі сахналық шеберліктің кемелденіп өсуіне, жалпы рухани мәдениеттің дамуына игі ықпал етті. Реж.-педагогтар О.И. Пыжова мен Б.В. Бибиковтың бірлесіп қойған Шекспирдің “Асауға тұсау” спектаклі (1943, Петруччио – Ш.Айманов, Катарина – Х.Бөкеева) Қазақ драма театрының ең таңдаулы қойылымына айналып, ол актерлер үшін баға жетпес сахналық шыңдалу мектебі болды. Соғыс жылдары Жамбыл, Гурьев (қазіргі Атырау), Қарағанды, Павлодар обл. және 11 ұжымшар-кеңшар театрлары жергілікті көрермендерге белсенді мәдени қызмет көрсетті.

1944 ж. Алматы қ-нда Балалар мен жасөспірімдер театры ашылды. Оның алғашқы ұйымдастырушылары реж. Сац пен драматург В.С. Розов болды. 2-дүниежүз. соғыстан кейінгі жылдары республика театрлары халқымыздың бейбіт құрылыстағы еңбегін көрсетуді басты мақсат етіп қойды. Осы кезеңде Қазақ драма театрымен қатар қазіргі Атырауда, Таразда, Қарағандыда, Семейде және Шымкент қ-ларында обл. драма театрлары жұмыс істеді. 1955 ж. Еңбекшіқазақ пен Қаратал ұжымшар-кеңшар театрларының негізінде Талдықорған обл. драма театры ұйымдасты.

50-жылдары театр сахналарында ұлттық тарихи-фольклорлық драматургия бойынша спектакльдер қою ісі қайта жалғастырылып, біршама жандана түсті. Осыған орай Ғ.Мүсіреповтің “Амангелдісі” (1952), С.Мұқановтың “Шоқан Уәлиханов” (1955, екеуінің де реж. М.И. Гольдблат) және Ә.Тәжібаевтың “Майрасы” (1957, реж. А.Тоқпанов) секілді тарихи-ғұмырнамалық тақырыпта жазылған жаңа пьесалар қойылды. Әуезов романының желісімен “Абай” спектаклі (инсценировкасын жасағандар Айманов пен Л.С. Штейн, 1949) сахнаға шығарылды.

1957 – 58 ж. Алматы қ-нда “Театр көктемі” деген атпен обл. театрлардың алғашқы байқауы өткізілді. Байқауда Гурьев (қазіргі Атырау), Семей (қазіргі Шығ. Қазақстан) және Шымкент (қазіргі Оңт. Қазақстан) обл. драма театрлары жүлдегер атанды. Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1958 ж. Мәскеуде өткен онкүндігінде Айманов, Қ.Қуанышбаев, В.Б. Харламова КСРО халық артисі, сондай-ақ Ш.Жандарбекова мен С.Майқанова ҚазКСР-інің халық артисі деген құрметті атаққа ие болды, ал Бөкеева, Е.Я. Диордиев, С.Қожамқұлов пен Е.Өмірзақов Ленин орденімен марапатталды. 60-жылдардағы республика театр өмірі тақырыптық бағыт-бағдары мен сахналық жанрының әр алуандығымен ерекшеленді. Бүгінгі күннің көкейкесті мәселелеріне арналған төл пьесалар қою ісі одан әрі жалғасын табумен қатар шет ел драматургиясының туындылары да сахнада кеңінен қойылды.

1970 – 80 ж. республика театрларында осы заман тақырыбына арналған Т.Ахтановтың “Күтпеген кездесуі” мен “Махаббат мұңы”, О.Бөкеевтің “Құлыным, менің”, Ә.Әбішевтің “Мансап пен ұждан”, Н.Оразалиннің “Шырақ жанған түн” пьесалары бойынша спектакльдер қойылды.

Осы жылдардағы көркемдік деңгейі жоғары, елеулі сахналық туындылардың бірі – Ә.Нұрпейісовтің трилогиясы негізінде қойылған “Қан мен тер” спектаклі (1973) болды. Ол – қазан төңкерісі қарсаңында қазақ даласындағы әлеум. жағдайдың диалектикасын сахналық көркем тілмен шынайы бейнеледі. Спектакль 1974 ж. КСРО Мемл. сыйлығына (реж. Мәмбетов, суретші А.С. Кривошеин жөне актерлер А.Әшімов, Ф.Шәріпова мен Ы.Ноғайбаев) ие болды.

1980 – 90 ж. Қ. т-ның режиссерлері республикадағы орыс драма театрлары сахнасында бірқатар спектакльдерді қойды. ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер ин-тындағы театр мен кино өнері бөлімі ұлттық театр өнерінің тарихын һәм оның өзекті мәселелерін зерттеумен айналысады. Арнайы білім алған маман театртанушылар: Б.Құндақбаев, Қ.Мұхамеджанов, Л.И. Богатенкова, С.Д. Қабдиева, К.Ә. Нұрпейісов, У.К. Садықова, Ә.Т. Сығай, Н.Н. Шәукенбаева, Л.М. Громова, М.В. Иовлева, И.Ф. Ким Қазақстан театр өнерінің мәселелерін зерттеумен айналысты. 1962 ж. Алматы қ-нда ерікті шығарм. ұйым – Қазақ театр қоғамы (қазіргі ҚР Театр қайраткерлерінің одағы) ұйымдастырылды. Қ. т. өнері саласындағы таңдаулы туындыларға Күләш Байсейітова атынд. Қазақстанның Мемл. сыйл. (1966 жылдан жыл сайын, ал 1971 жылдан бастап екі жылда бір рет) беріледі. 1980 жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында әміршіл-әкімшіл жүйенің көбесі сөгіле бастауы, ашық демокр. қоғамның орнауы мен цензуралық қысымның жойылуы, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі нәтижесінде республика театрларының шығарм. өміріне жаңа леп әкелді, театрлар ұжымдарының алдына соны міндеттер қойды. Театрлар жаңа қоғамдық өмір мен әлеум. көзқарас және мақсат-мұратқа сай репертуарлық қорын тың туындылармен кеңейтті. Ұлт өмірінің тарихи белестерін жаңаша бағамдау мәселесі қазақ қаламгерлерінің драм. шығармаларынан басты орын алып, ол Б.Әбілдаевтың “Айша бибі” (1986, реж. Ә.Құлданов пен М.Бекхожин, Жамбыл обл. драма театры), Ш.Мұртазаның “Сталинге хат” (1988, реж. Р.Сейтметов, Қазақ жастар мен балалар театры; 1989, реж. Б.Омаров, Талдықорған драма театры), О.Бодықовтың “Қорқыт” (реж. Ш.Зұлқашев), Б.Қорқытовтың “Ақбөбек” (екеуі де 1988, реж. А.Сұлтанғалиев, Атырау обл. драма театры), Әуезовтің “Түнгі сарыны” (1989, реж. Асылхан) мен “Хан Кене” (1992, реж. Қ.Жетпісбаев, екеуі де Талдықорған драма театрында), Н.Әбутәлиевтің “Өттің дүние” (1992, реж. Ә.С. Рақымов), Иран-Ғайыптың “Шыңғыс хан” (1994, реж. Б.Атабаев), М.Байсеркеұлының “Абылайханның ақырғы күндері” (1996, реж. Байсеркеұлы), Оразалиннің “Қилы кезең” (Әуезовтің шығармасы бойынша; 1997, реж. Рақымов), Ә.Кекілбаевтың “Абылай хан” (1998, реж. Атабаев, бәрі де Қазақтың мемл. акад. драма театрында), М.Байғұтов пен Ш.Орынбаевтың “Қарлығаш әулие – Төле би” (1993, реж. Құлданов, Шымкент обл. драма театры), К.Н. Жұмабековтің “Қаз дауысты Қазыбек” (реж. Ә.Оразбеков, Қарағанды обл. драма театры), О.Дастановтың “Әзірет сұлтан” (екеуі де 1998, реж. Мәмбетов, Қазақ жастар мен балалар театры), т.б. спектакльдерде өзінің көркем сахналық шешімін тапты.

20 ғ-дың 90-жылдары Ақмола, Павлодар, Арқалық, Орал, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Жезқазған, Атырау, Түркістан қ-ларында жаңадан қазақ театрлары ұйымдастырылды.

1975 ж. Респ. орыс драма театры академ. театр атағын алды. 1976 ж. ұлттық театрдың негізін салушылардың бірі Қожамқұлов Соц. Еңбек Ері атанды, ал реж. Мәмбетовке КСРО халық арт. (2000), Халық қаһарманы атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылған (2000).  Идеялық-көркемдік жағынан уақыт талабына сай сапалы репертуары бар, халыққа жүйелі түрде мәдени қызмет көрсетіп отыратын үздік ұжымдарға (1959 жылдан) халық театры атағы берілді. 1985 ж. Қазақстандағы әуесқой ұжымдардың жалпы саны 20 191 жетті, оның 184-і кезінде халық театры атағына ие болды. Қалың көпшілікке танымал халық театрлары қатарында Абай (бұрынғы Семей обл.), Таран (Қостанай обл.), Шаян халық театры (Оңт. Қазақстан обл.) болды. Қазақстанда кәсіби 35 театр, оның ішінде 9 қазақ драма театры – Ақтөбеде (1993), Алматыда (1926), Атырауда (1938), Тараз бен Қарағандыда (1936), Қызылордада 1960), Оралда (1991), Талдықорғанда (1975), Шымкентте (1934); 6 қазақ музыкалы драма театры – Арқалықта (1972 жылдан, 1988 ж. Жезқазғанға қоныс аударды), Жетісайда (1969), Көкшетауда (1995), Павлодарда (1990), Семейде (1934), Түркістанда (2002); 2 Балалар мен жас өспірімдер театры (1947 жылдан қазақ, ал 1945 жылдан орыс театры); Неміс драма театры (1980, Теміртау, қазір Алматы қ-нда); 3 музыкалы комедия театры – орыс (1973, Қарағанды), ұйғыр (1934, Алматы) және корей (1968, Алматы); 5 қуыршақ театры – Алматыда (1935, қазақ және орыс труппалары), Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981) және Шымкентте (1983) жұмыс істеді.

К. Нұрпейісов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 
Бөлісу: