Халықаралық деңгейдегі мәдени интеграция

2 Наурыз 2013, 04:30

Халықаралық деңгейдегі мәдени интеграцияға үлкен көңіл бөлінуде. Әрбір өнер туындысы өзі шыққан топырақтың, сол ұлт мәдениетінен сыр шертеді. Бүгінгі таңда Астана 26 бауырлас каламен тығыз қарым-қатынас жүргізіп келеді. Астананы таяу шетелдер қалалары және Шығыс пен Батыс елдері астаналарымен бауырластық қарым-қатынас байланыстарып жатыр. Қалалар арасында Қазақстан мен оның астанасының халықаралық беделін қалыптастыру бағытындағы шаралар өткізіліп түрады. Астана символы – Бәйтеректі Днепр жағалауы, Мәскеу өзені бойы, Потомака және басқа да ірі және шағын өзендер бойы халықтары жақсы біледі. Астананың ең негізгі серіктесі Мәскеу екені белгілі жайт. Ресей Федерациясы астанасы мен Қазақстан Республикасы елордасы арасындағы достық қарым-қатынас 2000 жылдың 20 маусымындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салада өзара ынтымақтастық қарым-қатынас келісімімен бекітілген. Осы құжатқа сай 2001 жылы 9 маусымда Астанада Мәскеу мәдениет күндерінің ресми ашылуы болды, ол астана қоныс аударуының үш жылдығы аясындағы мәдени шаралар бағдарламасын байыта түсті. Астана күні Қазіргі заман өнері мұражайында мәскеулік суретші С.Андрякиннің «Акварель сиқырлы сыры» атты көрмесі, Қазақстан өнерінің «Көпір» атты көрмесімен біріктіріліп өтті. 2004 жылы Мәскеудің «Замоскваречье» көрме залында «Астана қаласы Қазіргі заман мұражайының қорындағы Ресей коллекциясының» көрмесі ұйымдастырылды. Екі мәдениеттің мызғымас байланыстылығын сипаттайтын 2005 жылы Қазақстанда Пушкин жылының, ал 2006 жылы Абай жылының Ресейде өтуі Мәскеу мен Астананың бір-біріне достық құшағының айқара ашық екенін көрсетті. 2005-2006 жылдар аралығында «Сон в летнюю ночь» атты классикалык музыканың халықаралық жазғы түні фестивалі, халыкаралық Астана блюз джаз фестивалі, «Театр әлемі» атты халықаралық театрлар фестивальдері болды. Актерлер мен режиссерлер, театр суретшілері үшін «Театр әлемі» атты жаңа театр фестивалі «шеберлік класы» ашылды. Оған үш казақстандық, төрт шетелдік – барлығы жеті театр қатысты. Фестивальдың эстетикасы екі бағытта өткізіледі: дәстүрлі театр-классика; қазіргі театр-эксперименті. Бұл фестиваль біліктілікті арттыруға және театр өнері мамандарының адами және кәсіби қарым-қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақ музыкалық драма театрында француздың «Мсье и мадам О» (дыбыссыз театр) труппасының екі спектаклі болып өтті. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Халықаралық деңгейдегі мәдени интеграцияға үлкен көңіл бөлінуде. Әрбір өнер туындысы өзі шыққан топырақтың, сол ұлт мәдениетінен сыр шертеді. Бүгінгі таңда Астана 26 бауырлас каламен тығыз қарым-қатынас жүргізіп келеді. Астананы таяу шетелдер қалалары және Шығыс пен Батыс елдері астаналарымен бауырластық қарым-қатынас байланыстарып жатыр. Қалалар арасында Қазақстан мен оның астанасының халықаралық беделін қалыптастыру бағытындағы шаралар өткізіліп түрады. Астана символы – Бәйтеректі Днепр жағалауы, Мәскеу өзені бойы, Потомака және басқа да ірі және шағын өзендер бойы халықтары жақсы біледі. Астананың ең негізгі серіктесі Мәскеу екені белгілі жайт. Ресей Федерациясы астанасы мен Қазақстан Республикасы елордасы арасындағы достық қарым-қатынас 2000 жылдың 20 маусымындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салада өзара ынтымақтастық қарым-қатынас келісімімен бекітілген. Осы құжатқа сай 2001 жылы 9 маусымда Астанада Мәскеу мәдениет күндерінің ресми ашылуы болды, ол астана қоныс аударуының үш жылдығы аясындағы мәдени шаралар бағдарламасын байыта түсті. Астана күні Қазіргі заман өнері мұражайында мәскеулік суретші С.Андрякиннің «Акварель сиқырлы сыры» атты көрмесі, Қазақстан өнерінің «Көпір» атты көрмесімен біріктіріліп өтті. 2004 жылы Мәскеудің «Замоскваречье» көрме залында «Астана қаласы Қазіргі заман мұражайының қорындағы Ресей коллекциясының» көрмесі ұйымдастырылды. Екі мәдениеттің мызғымас байланыстылығын сипаттайтын 2005 жылы Қазақстанда Пушкин жылының, ал 2006 жылы Абай жылының Ресейде өтуі Мәскеу мен Астананың бір-біріне достық құшағының айқара ашық екенін көрсетті. 2005-2006 жылдар аралығында «Сон в летнюю ночь» атты классикалык музыканың халықаралық жазғы түні фестивалі, халыкаралық Астана блюз джаз фестивалі, «Театр әлемі» атты халықаралық театрлар фестивальдері болды. Актерлер мен режиссерлер, театр суретшілері үшін «Театр әлемі» атты жаңа театр фестивалі «шеберлік класы» ашылды. Оған үш казақстандық, төрт шетелдік – барлығы жеті театр қатысты. Фестивальдың эстетикасы екі бағытта өткізіледі: дәстүрлі театр-классика; қазіргі театр-эксперименті. Бұл фестиваль біліктілікті арттыруға және театр өнері мамандарының адами және кәсіби қарым-қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақ музыкалық драма театрында француздың «Мсье и мадам О» (дыбыссыз театр) труппасының екі спектаклі болып өтті.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: