Тәжірибе алмасу мақсаты

2 Наурыз 2013, 04:28

Тәжірибе алмасу мақсатында қазақ делегациясының Корея Республикасына сапары өтті, нәтижесінде Корея мэриясымен «электронды қаланы» енгізу тәжірибесін зерттеу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. 2008 жылы Қала күнін тойлау шеңберінде Бразилия, Афина, Румыния, Санкт-Петербург қалаларымен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қою жоспарлануда. Астана 7 жыл бойы ТМД-ның астаналары мен ірі Қалаларының Халықаралық Ассамблеясы (ҚХА) аясында шетелдік серіктестермен ұзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастарды дамытуды қамтамасыз етіп келеді. Бүгін ҚХА астаналар мен өңірлік орталықтардың бірыңғай экономикалық кеңістігін құру, қалалық басқару жүйесін жетілдіру, заманауи мегаполистердегі көлік, әлеуметтік сала және экологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешу бойынша ынтымақтастықты кеңейтуді қамтамасыз ететін тиімді мемлекетаралық құрылымға айналды. Астана ҚХА қолдауымен (2004-2006 жылдары – интеграциялық конференция және халықаралық ұйымның сессиясы) өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Астана қаласының делегациясы 2007 жылдың наурыз айында Красноярск қаласында болған қалалық шаруашылықты реформалау проблемалары жөніндегі ҚХА халықаралық экономикалық форумына, маусым айында Мәскеу қаласы мен Хорватияда өткен ҚХА ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Қалаларды тұрақты дамытудың стратегияларын әзірлеу мен іске асыру, қазан айында Уфа қаласында сәулет және қала құрылысына байланысты мәселелер қарастырылды. Магадан қаласында әлеуметтік саланы дамыту мәселелері талқыланды. 2007 жылы сәуір айында қала әкімінің басшылығымен Астана қаласының делегациясы Ыстамбұл қаласында өткен Әлем қалалары мэрлерінің IV саммитіне қатысты, бұл құрметті форумға әлемнің 200-ге жуық ірі қалаларының муниципалды органдарының басшылары жиналды. 2008 жылдың 3-4 сәуірінде Мәскеу қаласында ТМД-ның 100-ге жуық елордалары мен қалаларының қатысуымен өткен «ТМД-ның ең үздік қаласы» атты халықаралық байқау-конкурсқа қатысып, Қазақстан Республикасының елордасы негізгі 9 номинация бойынша жеңімпаз атанды, қаланы кешенді дамыту міндеттерін тиімді шешу саласында, сонымен қатар тұрақты дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу және іске асыру тәжірибесі атап көрсетілді. Соңғы жылдары сыртқы несиені тарту арқылы елордада бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске асырылды, тұрмыстық қалдықтарды жоюды жаңашаландыру жүргізілді. Испания Үкіметінің 19 млн АҚШ доллары сомасындағы несиесі есебінен жаңа тұрмыстық-техникалық қалдық (ТТҚ) полигоны жабдықталды және арнайы техника сатып алынды. Жапон несиесінің есебінен елорданың халықаралық әуежайы қайта жаңартылды, 3,5 млн АҚШ доллары сомасындағы Жапония Үкіметінің гранты бойынша медициналық жабдықтар мен қалалық жедел жәрдем станциясына арналған автокөліктер жеткізілді. Қазіргі кезде Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қатысуымен 215 млн АҚШ доллары сомасында жеңілдік несиесі бойынша сумен жаб-дықтау және су тарату жүйелерін қайта жаңарту мен дамыту жобасы іске асырылуда. Астана қаласындағы   көлік   жүйесін   жаңашаландыру мүмкіндігін зерделеу үшін Сингапур Технолоджис Инжиниринг халықаралық компаниясы шақырылды, ол қаланың қолданыстағы Бас жоспары мен көліктік инфрақұрылымына кешенді зерттеулер жүргізді. Тәжірибелік ұсынымдар әзірленді және 20 проблемалы көше қиылыстары мен бөліктерінде жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту, сонымен қатар бір жақты қозғалысты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар іске асырылуда. Шетелдік инвесторлардың көмегімен темір жол вокзалын сол жағалаудағы жаңа әкімшілік орталығымен байланыстыратын балама қала көлігі – жеңіл рельсті трамвай енгізу жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Халықаралық көрмелер Астана қаласының шетелдік серіктестермен экономикалық қарым-қатынасын кеңейтудің маңызды шарты болып табылады, олардың аясында бизнес-форумдар мен іскерлік кездесулер өткізіледі. «Астана-Промстройиндустрия» халықаралық көрмелері он жыл бойы ұйымдастырылып келеді, 2008 жылы ол Конгресс-холл мен «Алатау» спорт кешенінде өтті, көрмеге 70 отандық және шетелдік компанияның өнімдері қойылды. 2007 жылдың 12-18 қыркүйегі аралығында Токио қаласында (Жапония) өткен халықаралық туристік көрмеге Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. Жапония мен Қытайдан гранттар бойынша ауруханаларға арналған заманауи жабдықтар алынды, халықаралық қорлар мен мемлекеттік емес ұйымдардың көмегімен елорданың білім жүйесі үлкен қолдауға ие болды, «808 Киндердорф» балалар ауылы салынды, мәдени және ғылыми алмасу кеңейді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Тәжірибе алмасу мақсатында қазақ делегациясының Корея Республикасына сапары өтті, нәтижесінде Корея мэриясымен «электронды қаланы» енгізу тәжірибесін зерттеу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. 2008 жылы Қала күнін тойлау шеңберінде Бразилия, Афина, Румыния, Санкт-Петербург қалаларымен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қою жоспарлануда. Астана 7 жыл бойы ТМД-ның астаналары мен ірі Қалаларының Халықаралық Ассамблеясы (ҚХА) аясында шетелдік серіктестермен ұзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастарды дамытуды қамтамасыз етіп келеді. Бүгін ҚХА астаналар мен өңірлік орталықтардың бірыңғай экономикалық кеңістігін құру, қалалық басқару жүйесін жетілдіру, заманауи мегаполистердегі көлік, әлеуметтік сала және экологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешу бойынша ынтымақтастықты кеңейтуді қамтамасыз ететін тиімді мемлекетаралық құрылымға айналды. Астана ҚХА қолдауымен (2004-2006 жылдары – интеграциялық конференция және халықаралық ұйымның сессиясы) өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Астана қаласының делегациясы 2007 жылдың наурыз айында Красноярск қаласында болған қалалық шаруашылықты реформалау проблемалары жөніндегі ҚХА халықаралық экономикалық форумына, маусым айында Мәскеу қаласы мен Хорватияда өткен ҚХА ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Қалаларды тұрақты дамытудың стратегияларын әзірлеу мен іске асыру, қазан айында Уфа қаласында сәулет және қала құрылысына байланысты мәселелер қарастырылды. Магадан қаласында әлеуметтік саланы дамыту мәселелері талқыланды. 2007 жылы сәуір айында қала әкімінің басшылығымен Астана қаласының делегациясы Ыстамбұл қаласында өткен Әлем қалалары мэрлерінің IV саммитіне қатысты, бұл құрметті форумға әлемнің 200-ге жуық ірі қалаларының муниципалды органдарының басшылары жиналды. 2008 жылдың 3-4 сәуірінде Мәскеу қаласында ТМД-ның 100-ге жуық елордалары мен қалаларының қатысуымен өткен «ТМД-ның ең үздік қаласы» атты халықаралық байқау-конкурсқа қатысып, Қазақстан Республикасының елордасы негізгі 9 номинация бойынша жеңімпаз атанды, қаланы кешенді дамыту міндеттерін тиімді шешу саласында, сонымен қатар тұрақты дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу және іске асыру тәжірибесі атап көрсетілді. Соңғы жылдары сыртқы несиені тарту арқылы елордада бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске асырылды, тұрмыстық қалдықтарды жоюды жаңашаландыру жүргізілді. Испания Үкіметінің 19 млн АҚШ доллары сомасындағы несиесі есебінен жаңа тұрмыстық-техникалық қалдық (ТТҚ) полигоны жабдықталды және арнайы техника сатып алынды. Жапон несиесінің есебінен елорданың халықаралық әуежайы қайта жаңартылды, 3,5 млн АҚШ доллары сомасындағы Жапония Үкіметінің гранты бойынша медициналық жабдықтар мен қалалық жедел жәрдем станциясына арналған автокөліктер жеткізілді. Қазіргі кезде Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қатысуымен 215 млн АҚШ доллары сомасында жеңілдік несиесі бойынша сумен жаб-дықтау және су тарату жүйелерін қайта жаңарту мен дамыту жобасы іске асырылуда. Астана қаласындағы   көлік   жүйесін   жаңашаландыру мүмкіндігін зерделеу үшін Сингапур Технолоджис Инжиниринг халықаралық компаниясы шақырылды, ол қаланың қолданыстағы Бас жоспары мен көліктік инфрақұрылымына кешенді зерттеулер жүргізді. Тәжірибелік ұсынымдар әзірленді және 20 проблемалы көше қиылыстары мен бөліктерінде жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту, сонымен қатар бір жақты қозғалысты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар іске асырылуда. Шетелдік инвесторлардың көмегімен темір жол вокзалын сол жағалаудағы жаңа әкімшілік орталығымен байланыстыратын балама қала көлігі – жеңіл рельсті трамвай енгізу жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Халықаралық көрмелер Астана қаласының шетелдік серіктестермен экономикалық қарым-қатынасын кеңейтудің маңызды шарты болып табылады, олардың аясында бизнес-форумдар мен іскерлік кездесулер өткізіледі. «Астана-Промстройиндустрия» халықаралық көрмелері он жыл бойы ұйымдастырылып келеді, 2008 жылы ол Конгресс-холл мен «Алатау» спорт кешенінде өтті, көрмеге 70 отандық және шетелдік компанияның өнімдері қойылды. 2007 жылдың 12-18 қыркүйегі аралығында Токио қаласында (Жапония) өткен халықаралық туристік көрмеге Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. Жапония мен Қытайдан гранттар бойынша ауруханаларға арналған заманауи жабдықтар алынды, халықаралық қорлар мен мемлекеттік емес ұйымдардың көмегімен елорданың білім жүйесі үлкен қолдауға ие болды, «808 Киндердорф» балалар ауылы салынды, мәдени және ғылыми алмасу кеңейді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: