2 Наурыз 2013, 01:27
2006 жылдың қыркүйек айында Бейбітшілік пен келісім сарайының (белгілі британдық сәулетші лорд Фостердің бірегей пирамидасы) салтанатты ашылуы өткізілді. Астана ел дамуын басқарудың орталығы болып табылады. Ол қалалық басқарманың және оның түрлі серіктестерімен, мақсатты топтарымен тікелей байланыстарын жоспарлау, үйлестіру және бақылаудың күрделі үрдістерін жинақтаушы қызметін атқарады. Бұл орталықтың басты мақсаты қалалық қызметтер арасындағы қатынастарды және оларға деген халықтың, компаниялардың, туристердің, халықаралық өкілділіктердің, шетелдік компаниялардың, аккредиттелген елшіліктердің және іскерлік әріптестік орталықтарының сүраныстарын барынша қанағаттандыруға бағытталған. Сондықтан қала, басқару нысаны ретінде, басқаруды ұйымдастыру түрлерімен де ерекшеленеді, өйткені оның түтынушылары – қала басшылығы мен әкімшілігі, Монополияға қарсы комитеттің аумақтық басқармалары және басқа да билік органдарының аймақтық өкілділіктері, шағын бизнесті қолдау жөніндегі аймақтық және қалалық агенттіктер, кәсіпкерлікті дамыту агенттіктері мен қорлар, бизнес орталықтары, көрме орталықтары, туристік және қонақ үй желілері, қоғамдықтамақтандыру, көлік қатынасы, демалыс пен туризм жүйелері, оқу-іскерлік орталықтар; аймақаралық және қалалық маркетинг орталықтары болып табылады.
Астананың негізі қаланған соңғы 10 жыл ішінде қала экономикасы қарқынды өсіп, қала ішіндегі жағдайлар жақсара түсті, соның ішінде, демографиялық жағдай оң бағыт алды, аймақтык рынокта елеулі өзгеріс болды, жаңа құрылымдар қалыптасты, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету өлшемдері сандық және сапалық жағынан артты. Қаланың даму барысын сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерден экономиканың нақты секторындағы қарқынды өсуі бойынша қалыптасып отырған жағдайларды нарықтың сегменттеріндегі инвестициялар көлемінің ұлғаюы мен әлеуметтік даму көрсеткіштерінің жақсаруынан көруге болады. Осылайша салыстырмалы түрде алғанда, 1997 жылмен салыстырғанда 2007 жылдың 1 каңтарындағы көрсеткіштер мынадай: жан басына шаққандағы аймақтық жалпы өнім 17 есе өсіп, 1,45 млн теңгені құрады; кіріс пен шығыс бойынша қала бюджетінің көлемі 32 есе өсіп, 205,4 млрд теңгеге жетті; барлық сату каналдары бойынша бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі 13,4 есе өсіп, 126,4 млрд тёңгеге жетті; қайта заңдастырылған занды түлғалар саны 5 есеге артты; инвестициялар ағымы 17,96 есе өсіп, 346085,7 млн теңгеге жетті, ал халықтың ақшалай кірісі 9,33 есе өсіп, 475,5 мвщ теңгені құрады. Аймақтық жиынтық өнімнің өсімі байқалуда: 1997 жылғы көрсеткіш 25,7 млрд теңге болса, 2007 жылдың 1 қаңтарында ол 830,7 млрд теңгені құрады. 1997 жылғы 1,7%-дан 2007 жылғы 9,1%-ға дейін көтерілген жалпы республикалық жиынтық ішкі өнімнің құрамында Астана қаласы ішкі өнімі үлесінің өсуі байқалды. Қала экономикасы қазіргі уақытта аралық тұтыну тауарларын өндіруге, тұрғындарды өнімнің негізгі түрлерімен қамтамасыз етуге, әкімшілік, тұрғын үй мен сауда ғимараттарын, қонақ үйлер, демалыс нысандарын салуға, ескірген және тозығы жеткен коммуникацияларды қайта жөндеуге, жолдар мен көпірлерді, жол айрықтарын салуға бағытталған.
Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы