Қала экономикасына инвестиция тарту

2 Наурыз 2013, 01:25

Қала экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесетін Джон Дир (ГЛТТА), «Петкус» (Германия), «Окан-Холдинг» (Түркия) және т.б. секілді шетел фирмаларымен біріккен қазіргі заман кәсіпорындарының қызметі экономикалық әріптестіктің бір түрі болып табылады. Құрылысқа қаражат салумен қатар Астана тәжірибесінде әр түрлі технологияларды тасымалдаудың түрлі формалары, соның ішінде, гранттық тәсілі жүзеге асырылды. Соның арқасында жабдықтарды, машиналарды, құралдарды Жапон Үкіметінің Гранты есебінен жеткізу, дәлірек айтқанда, балалар емханаларына, Астана қаласының тұрғындарына жедел жәрдем және тікелей көмек көрсету қызметіне қажетті медициналық құралдар және арнайы көліктер әкелінді. № 1 перзентханаға ҚХР тарапынан гуманитарлық көмек көрсетілді. Астана – халықаралық әріптестіктің және өндірістік қызмет пен капиталды интернационалдандырудың жемісі болып табылады. Астана қаласының құрылысын салуда түрік, израиль, италиян және т.б. шетел фирмалары белсенділік көрсетті. Соңғы жылдары шетел инвесторларының көмегімен Халыкаралық әуежай, Ислам мәдени орталығы, Астана қаласы әкімдігінің ғимараты, Астананың сол жағалауындағы Президент Резиденциясының, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентінің жаңа ғимараттары және дипломатиялық қалашықтың нысандары салынды. Қалада қолайлы тұрғын үй аудандары және баска да қазіргі заманғы сәулет ғимараттары мен кешендері бой көтерді. Ескірген және әбден тозығы жеткен үйлерді қайта жөндеу мен жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Қаланың ертеден келе жатқан тарихи бөлігі қайта жаңғыртылды. Бұл жұмысты жүзеге асыруда «Астана-холдинг», «Райымбек», «Акцепт», «Диамонд», т.б. сияқты отандық фирмалар белсенділік көрсетті. Кейінгі жылдарда қаланың астаналық мәртебесін бейнелейтін жаңа орталық тұрғызылды. Энергия куат көлемі өсуімен қатар жаңа жолдар мен қолданыстағы жолдарды жаңашаландырудың, әуежайдың, телекоммуникация желілерінің құрылыстары, осы сектордағы бәсекелестік деңгейін көтеру үшін аса кажетті көпірлер, жолайрықтар, жол тораптарын салуға баса назар аударылды. Астана – адамзаттың дамуы, қоғамды адамгершілікке баулу, әлеуметтік және рухани дамудың басты мәселелері бойынша халықаралык симпозиумдар, конференциялар, саммиттер, семинарлар, тренингтер өткізілетін Қазақстан Республиканың саяси, іскерлік және мәдени орталығы. Дреккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Қала экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесетін Джон Дир (ГЛТТА), «Петкус» (Германия), «Окан-Холдинг» (Түркия) және т.б. секілді шетел фирмаларымен біріккен қазіргі заман кәсіпорындарының қызметі экономикалық әріптестіктің бір түрі болып табылады. Құрылысқа қаражат салумен қатар Астана тәжірибесінде әр түрлі технологияларды тасымалдаудың түрлі формалары, соның ішінде, гранттық тәсілі жүзеге асырылды. Соның арқасында жабдықтарды, машиналарды, құралдарды Жапон Үкіметінің Гранты есебінен жеткізу, дәлірек айтқанда, балалар емханаларына, Астана қаласының тұрғындарына жедел жәрдем және тікелей көмек көрсету қызметіне қажетті медициналық құралдар және арнайы көліктер әкелінді. № 1 перзентханаға ҚХР тарапынан гуманитарлық көмек көрсетілді. Астана – халықаралық әріптестіктің және өндірістік қызмет пен капиталды интернационалдандырудың жемісі болып табылады. Астана қаласының құрылысын салуда түрік, израиль, италиян және т.б. шетел фирмалары белсенділік көрсетті. Соңғы жылдары шетел инвесторларының көмегімен Халыкаралық әуежай, Ислам мәдени орталығы, Астана қаласы әкімдігінің ғимараты, Астананың сол жағалауындағы Президент Резиденциясының, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентінің жаңа ғимараттары және дипломатиялық қалашықтың нысандары салынды. Қалада қолайлы тұрғын үй аудандары және баска да қазіргі заманғы сәулет ғимараттары мен кешендері бой көтерді. Ескірген және әбден тозығы жеткен үйлерді қайта жөндеу мен жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Қаланың ертеден келе жатқан тарихи бөлігі қайта жаңғыртылды. Бұл жұмысты жүзеге асыруда «Астана-холдинг», «Райымбек», «Акцепт», «Диамонд», т.б. сияқты отандық фирмалар белсенділік көрсетті. Кейінгі жылдарда қаланың астаналық мәртебесін бейнелейтін жаңа орталық тұрғызылды. Энергия куат көлемі өсуімен қатар жаңа жолдар мен қолданыстағы жолдарды жаңашаландырудың, әуежайдың, телекоммуникация желілерінің құрылыстары, осы сектордағы бәсекелестік деңгейін көтеру үшін аса кажетті көпірлер, жолайрықтар, жол тораптарын салуға баса назар аударылды. Астана – адамзаттың дамуы, қоғамды адамгершілікке баулу, әлеуметтік және рухани дамудың басты мәселелері бойынша халықаралык симпозиумдар, конференциялар, саммиттер, семинарлар, тренингтер өткізілетін Қазақстан Республиканың саяси, іскерлік және мәдени орталығы.

Дреккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: