Қаланың жылу орталықтарындағы экологиялық шаралар

2 Наурыз 2013, 00:52

Астана қаласының жылу орталықтарында қондырғыларды түбегейлі және кезекті жөндеу кезінде шлак және күл алудың жетілдірілген жүйесі зиянды шығарындыларды сүзіп қалады, мұнда азот оксидімен және күлмен ластану деңгейі 11 % пайызға төмендетілген. Промышленный елдімекені қазандығының күлтұтқы қондырғысы жаңадан жабдықталды. Қала атмосферасын ластайтын шығарындыларды азайту және ауаға таралатын газды тазарту дәрежесін төмендетпеудің экологиялық тиімділігі 85-90% пайызды құрап отыр. Осы іспетті шаралар Мичурин, Железнодорожный елдімекендері қазандықтарында да іске асырылды. Қалада жылумен және электрмен қамтамасыз етудің автономды жүйесін пайдалану әлі де қолданылып отыруына байланысты, Астана қаласының энергетика және коммуналды шаруашылық департаменті автономды жылу көздері нысандарын орталықтандырылған жылумен жабдықтауға ауыстыру жобаларын жүзеге асыруды қолға алды, онда 2007-2008 жылдары орталықтандырылған жылу көздеріне «Самал» ықшам ауданы (10 үй, 6 казандық), Ирченко көшесі, 12 (1 үй), Қабанбай батыр (7 үй, 1 қазандық) және Бөгенбай батыр (2 үй, 1 қазандық) даңғылдарындағы үйлерді қосу қарастырылған. Бұған қосымша электр қуатын өндірудің экологиялық таза көзі болып табылатын жел электр стансаларын салу да экологияны жақсартудың тағы бір тиімді жолы болуы ықтимал. Осыған орай жел қуатын және жел электр стансасын салу мүмкіндігін зерттеу мақсатында 2006 жылдың қазан айының соңында Талдыкөл көлі маңындағы жер телімінен метеорологиялык мачта тұрғызылды. Астана қаласы экологиялық кешенді мәселелерінің ішінде қала аумағын көгалдандыру ерекше орын алады. Жасыл желектің қала жоспарлық құрылымының ажырамас бір бөлігі және қоршаған ортада аса маңызды қызмет атқарып, оның экологиялық құндылығын арттыратыны баршаға мәлім. Астана қаласының тұрғындарына жайлы орта жасау мақсатымен, халықтың жиі шоғырланған аймағын табиғатпен біршама үйлестіруге мүмкіндік беретін, «эко-қала» қалыптастыруға бағытталған тұжырым – қаланы көгалдандыру ісі – Астана қаласы бас жоспарының негізгі өзегі болып табылады. Бас жоспарда сонымен қатар көгалдандырудың кеңістіктегі негізгі орталығы – «жасыл дәліз» қалыптастыру көзделген. Жылу беру көздерінен пайда болатын күл-қоқысты бір жүйеге келтіру барысында біршама жұмыс атқарылды. «Астана Қуат» АҚ шығаратын күл қалдығын пайдаға асыру жөніндегі шаралар шешімін таба бастады, оны жеке жиыстыру және қайта өңдеу қолға алынды. Қазіргі кезде күл қалдығын қайта өңдеп, силикат кірпіш құятын зауыт іске қосылды, ол күл-қоқыстың жерді ластауын азайтып, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 күл-қоқысын қайта өңдеу есебінен босаған орынды екінші рет пайдалануға мүмкіндік тудырды. ЖЭО толық қуатпен жұмыс істегенде жылына 600 мың тоннаға дейін күл-қоқыс шығарады. Зауыттың әзірге қайта өңдеу мүмкіндігі жылына 230-240 мың т, одан 800 млн кірпіш шығарады. Силикат кірпіштің негізгі материалы күл мен әк болып табылады. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Астана қаласының жылу орталықтарында қондырғыларды түбегейлі және кезекті жөндеу кезінде шлак және күл алудың жетілдірілген жүйесі зиянды шығарындыларды сүзіп қалады, мұнда азот оксидімен және күлмен ластану деңгейі 11 % пайызға төмендетілген. Промышленный елдімекені қазандығының күлтұтқы қондырғысы жаңадан жабдықталды. Қала атмосферасын ластайтын шығарындыларды азайту және ауаға таралатын газды тазарту дәрежесін төмендетпеудің экологиялық тиімділігі 85-90% пайызды құрап отыр. Осы іспетті шаралар Мичурин, Железнодорожный елдімекендері қазандықтарында да іске асырылды.

Қалада жылумен және электрмен қамтамасыз етудің автономды жүйесін пайдалану әлі де қолданылып отыруына байланысты, Астана қаласының энергетика және коммуналды шаруашылық департаменті автономды жылу көздері нысандарын орталықтандырылған жылумен жабдықтауға ауыстыру жобаларын жүзеге асыруды қолға алды, онда 2007-2008 жылдары орталықтандырылған жылу көздеріне «Самал» ықшам ауданы (10 үй, 6 казандық), Ирченко көшесі, 12 (1 үй), Қабанбай батыр (7 үй, 1 қазандық) және Бөгенбай батыр (2 үй, 1 қазандық) даңғылдарындағы үйлерді қосу қарастырылған. Бұған қосымша электр қуатын өндірудің экологиялық таза көзі болып табылатын жел электр стансаларын салу да экологияны жақсартудың тағы бір тиімді жолы болуы ықтимал. Осыған орай жел қуатын және жел электр стансасын салу мүмкіндігін зерттеу мақсатында 2006 жылдың қазан айының соңында Талдыкөл көлі маңындағы жер телімінен метеорологиялык мачта тұрғызылды.

Астана қаласы экологиялық кешенді мәселелерінің ішінде қала аумағын көгалдандыру ерекше орын алады. Жасыл желектің қала жоспарлық құрылымының ажырамас бір бөлігі және қоршаған ортада аса маңызды қызмет атқарып, оның экологиялық құндылығын арттыратыны баршаға мәлім.

Астана қаласының тұрғындарына жайлы орта жасау мақсатымен, халықтың жиі шоғырланған аймағын табиғатпен біршама үйлестіруге мүмкіндік беретін, «эко-қала» қалыптастыруға бағытталған тұжырым – қаланы көгалдандыру ісі – Астана қаласы бас жоспарының негізгі өзегі болып табылады. Бас жоспарда сонымен қатар көгалдандырудың кеңістіктегі негізгі орталығы – «жасыл дәліз» қалыптастыру көзделген.

Жылу беру көздерінен пайда болатын күл-қоқысты бір жүйеге келтіру барысында біршама жұмыс атқарылды. «Астана Қуат» АҚ шығаратын күл қалдығын пайдаға асыру жөніндегі шаралар шешімін таба бастады, оны жеке жиыстыру және қайта өңдеу қолға алынды. Қазіргі кезде күл қалдығын қайта өңдеп, силикат кірпіш құятын зауыт іске қосылды, ол күл-қоқыстың жерді ластауын азайтып, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 күл-қоқысын қайта өңдеу есебінен босаған орынды екінші рет пайдалануға мүмкіндік тудырды. ЖЭО толық қуатпен жұмыс істегенде жылына 600 мың тоннаға дейін күл-қоқыс шығарады. Зауыттың әзірге қайта өңдеу мүмкіндігі жылына 230-240 мың т, одан 800 млн кірпіш шығарады. Силикат кірпіштің негізгі материалы күл мен әк болып табылады.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: