Туристік бизнес құрылымы

1 Наурыз 2013, 13:15

Туристік бизнес құрылымы сараптағанда, Астанада бұл сала сыртқа саяхат жасауға бағытталғаны аңғарылады. Астанадағы туристік мекемелердің дені сыртқа саяхат жасау бағытында жұмыс істейді, яғни шетелге дем алу жолдамаларын, авиабилеттерін өсіріп саудалау және виза толтыру ісімен айналысады. Мәселенің бұлай болуы мынадай себептерге байланысты. Біріншіден, сыртқа саяхат туризмі – қызметтің біршама пайдалы түрі. Екіншіден, ішкі туризмді жолға қою, соған лайық мамандарды және материалдық-техникалық қорды қажет етеді. Содан келіп туындайтыны туристік бизнестің ең тиімді саласы авиабилет сату мен сыртқа саяхат турларын ұйымдастыру болып табылады. Астанада туризмнен 2001-2007 жылдар аралығында түскен пайда 2290,7 млн теңгеден 6234,0 млн теңгеге өсті. 2007 ж. маусым айында 3457,9 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткішке демалыс жолдамасының құны, виза және саяхаттату, сондай-ақ қонақ үй қызметі кіреді. Орналастыру нысандарының саны 60-тан 85-ке дейін көбейді. Оның 80%-дан астамы қосымша демалыс, қызмет көрсету орындары мен тамақтандыру нысандары (мейрамхана, кафе). Қаланың қонақ үй кешендері бір мезгілде 3327 адамға дейін қабылдай алады. Астана қаласы экономикасының туристік секторының бәсекелестік сипатының тұрақты болуын қамтамасыз етудің біртұтас стратегиясын жасау үшін туристік бизнестің жалпы-әлемдік бағдарын ескеру қажет: ең жедел дамитын және пайдалырағы іскерлік туризм; демалыстың белсенді түрлерінің орнын баяу түрі алмастырады, яғни спорттык-сауықтыру, шырғалаң саяхат, экологиялық туризмге деген сұраныс артады; туристік саяхаттың көңіл көтеру секілді түрі білім алуға ден қояды, яғни қазіргі кезде мәдени танымдық туризм тез қарқынмен дамуда; топ құрып саяхаттаудан гөрі, жеке дара сейілге шығудың сұранымы көбейеді, автобус және автомобиль сапарына деген қажеттілік артады. Сондай-ақ Астанада салыстырмалы түрде туристік саланы дамытуға ықпал ететін факторларды да ескеру кажет: ол – ең алдымен, Астана тұрғынының көбеюі, сондай-ақ астананы тамашалау, демалу үшін келушілер санының артуы; Астананы еліміздің экономикалык орталығы рөлінің күшеюі, сондай-ақ халықаралық маңызының артуы қала халқының іскерлік белсенділігін арттырады, содан жалпы туристік нөпірдің ішінен іскерлік және оқиғаға орайлас туризмнің алар үлесі көбейеді; астаналык дәреже, оңтүстік-шығыс бағытта екі жағалаудан 2 жаңа орталыктың қалыптасуы, сол жағалаудың гүлденуі қаланың көрікті жерлерін көруге деген сұранысты арттырады; қалаға шоғырланудың қарқын алуы экономиканың мәдени-танымдық сегментін өркендету қажеттігін тудырады. Экономиканы жүйелі дамытудың ең тиімді тәсілі кластерлі жол екенін ескере келіп, жоғарыда келтірілген факторлар мен озық талаптар түрғысынан Астана аумағы бойынша туристік кластер схемасын жасау мына құрылымдар бойынша жүйеленеді. Жүйе қалыптастырушы туристік бағыт (озық талап бойынша көрсетілген): іскерлік туризм; мәдени-танымдық туризм; этнотуризм; экологиялық туризм. Қызмет көрсету салалары: туристерді орналастыру; қоғамдық тамақтандыру индустриясы; көлік қатынасы инфрақұрылымы; сауда, демалыс, көңіл көтеру-серуен индустриясы; мәдениет пен спорт саласы; Астана символикасымен тамақ өнімдерін, сувенир, ұлттық киім, туристік жабдықтар, азық-түлік шығару. Кластердің қызмет жасау механизмдері (тетіктері): маркетинг және туристік өнімдерді ішкі және сыртқы сауда айналымына шығару; ақпаратпен қамтамасыз ету; электронды төлем жүйесі: кәсіби кадрмен қамтамасыз ету; инвестициялық қолдау; нормалық және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету. Туризм индустриясын дамытуда кластерлік тәсілді жүзеге асыру, туризм инфрақұрылымын жасау мен жетілдіруде, іске қосу және кластерге қатысушылардың арасындағы қарым-қатынасты дамыту механизмін (тетіктерін) қолдау бағытында мемлекеттік органдардың күш салуын кажет етеді. Осы шараларды жүзеге асыру барысында демалыс және серуен құру индустриясын кеңейту мүмкіндігі туады. Сол үшін Астанада демалу, демалыс және туристік саяхат нысандарын жүйелі түрде көбейту; жасыл желекті аумақты молайту (әрбір шағын ауданнан, сондай-ақ туристер келетін және іскерлік белсенділік нысандары жағынан) саябақтар, шағынбақтар орнату, отбасылық демалыс нысандарын (отбасылық сейіл күру клубтарын, спорттық-сауықгыру орталықтарын), хайуанаттар бағын, ботаника бағын ұлттық өнер мұражайлары мен галереяларын, қолжетерлік бағамен жұмыс істейтін тамақтандыру және орналастыру нысандарын салу ісі қолға алынды; көлік қатынасы, кафе, туристік нысандарға (Week end турлар) демалыс күндерінде жеңілдетілген тариф белгілеу; Астаналық демалыс саябағын жаңадан кайта салып, абаттандыру шаралары қарастырылды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Туристік бизнес құрылымы сараптағанда, Астанада бұл сала сыртқа саяхат жасауға бағытталғаны аңғарылады. Астанадағы туристік мекемелердің дені сыртқа саяхат жасау бағытында жұмыс істейді, яғни шетелге дем алу жолдамаларын, авиабилеттерін өсіріп саудалау және виза толтыру ісімен айналысады. Мәселенің бұлай болуы мынадай себептерге байланысты. Біріншіден, сыртқа саяхат туризмі – қызметтің біршама пайдалы түрі. Екіншіден, ішкі туризмді жолға қою, соған лайық мамандарды және материалдық-техникалық қорды қажет етеді. Содан келіп туындайтыны туристік бизнестің ең тиімді саласы авиабилет сату мен сыртқа саяхат турларын ұйымдастыру болып табылады. Астанада туризмнен 2001-2007 жылдар аралығында түскен пайда 2290,7 млн теңгеден 6234,0 млн теңгеге өсті. 2007 ж. маусым айында 3457,9 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткішке демалыс жолдамасының құны, виза және саяхаттату, сондай-ақ қонақ үй қызметі кіреді. Орналастыру нысандарының саны 60-тан 85-ке дейін көбейді. Оның 80%-дан астамы қосымша демалыс, қызмет көрсету орындары мен тамақтандыру нысандары (мейрамхана, кафе). Қаланың қонақ үй кешендері бір мезгілде 3327 адамға дейін қабылдай алады. Астана қаласы экономикасының туристік секторының бәсекелестік сипатының тұрақты болуын қамтамасыз етудің біртұтас стратегиясын жасау үшін туристік бизнестің жалпы-әлемдік бағдарын ескеру қажет: ең жедел дамитын және пайдалырағы іскерлік туризм; демалыстың белсенді түрлерінің орнын баяу түрі алмастырады, яғни спорттык-сауықтыру, шырғалаң саяхат, экологиялық туризмге деген сұраныс артады; туристік саяхаттың көңіл көтеру секілді түрі білім алуға ден қояды, яғни қазіргі кезде мәдени танымдық туризм тез қарқынмен дамуда; топ құрып саяхаттаудан гөрі, жеке дара сейілге шығудың сұранымы көбейеді, автобус және автомобиль сапарына деген қажеттілік артады. Сондай-ақ Астанада салыстырмалы түрде туристік саланы дамытуға ықпал ететін факторларды да ескеру кажет: ол – ең алдымен, Астана тұрғынының көбеюі, сондай-ақ астананы тамашалау, демалу үшін келушілер санының артуы; Астананы еліміздің экономикалык орталығы рөлінің күшеюі, сондай-ақ халықаралық маңызының артуы қала халқының іскерлік белсенділігін арттырады, содан жалпы туристік нөпірдің ішінен іскерлік және оқиғаға орайлас туризмнің алар үлесі көбейеді; астаналык дәреже, оңтүстік-шығыс бағытта екі жағалаудан 2 жаңа орталыктың қалыптасуы, сол жағалаудың гүлденуі қаланың көрікті жерлерін көруге деген сұранысты арттырады; қалаға шоғырланудың қарқын алуы экономиканың мәдени-танымдық сегментін өркендету қажеттігін тудырады. Экономиканы жүйелі дамытудың ең тиімді тәсілі кластерлі жол екенін ескере келіп, жоғарыда келтірілген факторлар мен озық талаптар түрғысынан Астана аумағы бойынша туристік кластер схемасын жасау мына құрылымдар бойынша жүйеленеді. Жүйе қалыптастырушы туристік бағыт (озық талап бойынша көрсетілген): іскерлік туризм; мәдени-танымдық туризм; этнотуризм; экологиялық туризм. Қызмет көрсету салалары: туристерді орналастыру; қоғамдық тамақтандыру индустриясы; көлік қатынасы инфрақұрылымы; сауда, демалыс, көңіл көтеру-серуен индустриясы; мәдениет пен спорт саласы; Астана символикасымен тамақ өнімдерін, сувенир, ұлттық киім, туристік жабдықтар, азық-түлік шығару. Кластердің қызмет жасау механизмдері (тетіктері): маркетинг және туристік өнімдерді ішкі және сыртқы сауда айналымына шығару; ақпаратпен қамтамасыз ету; электронды төлем жүйесі: кәсіби кадрмен қамтамасыз ету; инвестициялық қолдау; нормалық және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету. Туризм индустриясын дамытуда кластерлік тәсілді жүзеге асыру, туризм инфрақұрылымын жасау мен жетілдіруде, іске қосу және кластерге қатысушылардың арасындағы қарым-қатынасты дамыту механизмін (тетіктерін) қолдау бағытында мемлекеттік органдардың күш салуын кажет етеді. Осы шараларды жүзеге асыру барысында демалыс және серуен құру индустриясын кеңейту мүмкіндігі туады. Сол үшін Астанада демалу, демалыс және туристік саяхат нысандарын жүйелі түрде көбейту; жасыл желекті аумақты молайту (әрбір шағын ауданнан, сондай-ақ туристер келетін және іскерлік белсенділік нысандары жағынан) саябақтар, шағынбақтар орнату, отбасылық демалыс нысандарын (отбасылық сейіл күру клубтарын, спорттық-сауықгыру орталықтарын), хайуанаттар бағын, ботаника бағын ұлттық өнер мұражайлары мен галереяларын, қолжетерлік бағамен жұмыс істейтін тамақтандыру және орналастыру нысандарын салу ісі қолға алынды; көлік қатынасы, кафе, туристік нысандарға (Week end турлар) демалыс күндерінде жеңілдетілген тариф белгілеу; Астаналық демалыс саябағын жаңадан кайта салып, абаттандыру шаралары қарастырылды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: