Спорт 2000-2005 жылдары

1 Наурыз 2013, 13:00

Қазақстандық балуандар дәстүрін қазақша күрес бойынша астаналық балуан Г. Сейділдаев жалғастырды. Ол үш жыл ішінде қатарынан екі мәрте Азия чемпионы және Әлем чемпионы атанды. Олимпиадалық ойындарға қатысушылар қатарында Қазақстанға белгілі спортшылар: С. Шакимов, А. Житкеев (дзюдо), С. Якшин (стенд ату), Н. Кәрімжанов, Қ. Әбутәліпов, М. Ақшалов (бокс), М. Иглинский, 3. Забирова (велоспорт), Э. Ужахова (байдарка мен каноэ есу), Ю. Рысик (суда жүзу) болды. Астананың «Еуразия-Рахат» су добы әйелдер командасының алты ойыншысы Қазақстан құрама командасының құрамында. Олимпиадалық ойындар кезінде Астана даңқын әлемге танытқан спортшы қыздар да Қазақстан спортының мақтанышы. Боксшы Г. Головкин 2004 жылғы Афинадағы 28-ші жазғы олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері болды. Афинадағы олимпиадалық ойындардың ашылуында қазақстандық спорт сарбаздарының атынан ҚР-ның Туын қолына алған дзюдошы, Азия ойындарының чемпионы А. Житкеев еді. 2006 жылғы дүбірлі жарыс Дохе (Катар) қаласында өткен 15-жаздық Азия ойындарына спорттың 11 түрінен астаналық 25 спортшы қатысып, 12 медальмен (5 алтын, 3 күміс, 4 қола) оралды. Олардың қатарында: М. Зайнуллина, А. Каулдашева (көркем гимнастика), Д. Груздев, 3. Забирова (велоспорт), М. Раков, А. Житкеев (дзюдо), Е. Бежнар (байдарка мен каноэ есу), Г. Корчма (мылтық ату), С. Якшин (стенд ату), А. Батуева (гандбол) болды. Мұның алдындағы 14-Азия ойындарында (2002) астаналық спортшылар 11 медаль (2 алтын, 5 күміс, 4 қола) жеңіп алған болатын. 2006 жылғы 15-Азия ойындарының чемпионы, велосипедші Зульфия Забирова Пекиндегі 29-жазғы олимпиадалық ойындарға қатысу лицензиясын жеңіп алған бірінші спортшы болды. Қала тұрғындары үшін мұнда спорттық-бұқаралық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі. Олар – шаңғы спорты әуесқойларының фестивалі, жүгіру жарысы фестивалі, «Жұлдызша», «Былғары доп» турнирлері, мектептің баскетбол лигасы ойындары. «Салауатты өмір салты үшін» атты жүгіру жарысын өткізу дәстүрге айналды. Жыл сайын 23 қыркүйекте республикалық акция шеңберінде «Президенттік мың қадам – денсаулықты шыңдаған» атты он мыңдаған адам қатысатын жүгіру жарысы фестивалі өткізіледі. Халықты жаппай спортпен шүғылдану, дене шынықтырумен айналысуға ынталандыру мақсатында астанада әрбір мереке күндері танымал спортшылар мен спорт ардагерлері шақырылып, алуан түрлі жарыстар ұйымдастырылады. Жыл сайын, 6 шілдеде Астана күнін мерекелеу шеңберінде Мәскеу және Астана қалаларының футбол ардагерлерінің дәстүрлі жолдастық кездесуі өткізіледі. Соның арқасында футболдың мыңдаған жанкүйерлері бір кездегі атақты «былғары доп» шеберлерін, КСРО құрамасы ойыншылары – Р. Досаев, Ф. Черенков, Ю. Гаврилов және тағы басқаларды көруге мүмкіндік алды. «Қазақстан» спорт сарайында Астана және Минск қалалары шайбалы хоккей ардагерлерінің жолдастық кездесуі өткізілді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Қазақстандық балуандар дәстүрін қазақша күрес бойынша астаналық балуан Г. Сейділдаев жалғастырды. Ол үш жыл ішінде қатарынан екі мәрте Азия чемпионы және Әлем чемпионы атанды. Олимпиадалық ойындарға қатысушылар қатарында Қазақстанға белгілі спортшылар: С. Шакимов, А. Житкеев (дзюдо), С. Якшин (стенд ату), Н. Кәрімжанов, Қ. Әбутәліпов, М. Ақшалов (бокс), М. Иглинский, 3. Забирова (велоспорт), Э. Ужахова (байдарка мен каноэ есу), Ю. Рысик (суда жүзу) болды. Астананың «Еуразия-Рахат» су добы әйелдер командасының алты ойыншысы Қазақстан құрама командасының құрамында. Олимпиадалық ойындар кезінде Астана даңқын әлемге танытқан спортшы қыздар да Қазақстан спортының мақтанышы. Боксшы Г. Головкин 2004 жылғы Афинадағы 28-ші жазғы олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері болды. Афинадағы олимпиадалық ойындардың ашылуында қазақстандық спорт сарбаздарының атынан ҚР-ның Туын қолына алған дзюдошы, Азия ойындарының чемпионы А. Житкеев еді. 2006 жылғы дүбірлі жарыс Дохе (Катар) қаласында өткен 15-жаздық Азия ойындарына спорттың 11 түрінен астаналық 25 спортшы қатысып, 12 медальмен (5 алтын, 3 күміс, 4 қола) оралды. Олардың қатарында: М. Зайнуллина, А. Каулдашева (көркем гимнастика), Д. Груздев, 3. Забирова (велоспорт), М. Раков, А. Житкеев (дзюдо), Е. Бежнар (байдарка мен каноэ есу), Г. Корчма (мылтық ату), С. Якшин (стенд ату), А. Батуева (гандбол) болды. Мұның алдындағы 14-Азия ойындарында (2002) астаналық спортшылар 11 медаль (2 алтын, 5 күміс, 4 қола) жеңіп алған болатын. 2006 жылғы 15-Азия ойындарының чемпионы, велосипедші Зульфия Забирова Пекиндегі 29-жазғы олимпиадалық ойындарға қатысу лицензиясын жеңіп алған бірінші спортшы болды. Қала тұрғындары үшін мұнда спорттық-бұқаралық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі. Олар – шаңғы спорты әуесқойларының фестивалі, жүгіру жарысы фестивалі, «Жұлдызша», «Былғары доп» турнирлері, мектептің баскетбол лигасы ойындары. «Салауатты өмір салты үшін» атты жүгіру жарысын өткізу дәстүрге айналды. Жыл сайын 23 қыркүйекте республикалық акция шеңберінде «Президенттік мың қадам – денсаулықты шыңдаған» атты он мыңдаған адам қатысатын жүгіру жарысы фестивалі өткізіледі. Халықты жаппай спортпен шүғылдану, дене шынықтырумен айналысуға ынталандыру мақсатында астанада әрбір мереке күндері танымал спортшылар мен спорт ардагерлері шақырылып, алуан түрлі жарыстар ұйымдастырылады. Жыл сайын, 6 шілдеде Астана күнін мерекелеу шеңберінде Мәскеу және Астана қалаларының футбол ардагерлерінің дәстүрлі жолдастық кездесуі өткізіледі. Соның арқасында футболдың мыңдаған жанкүйерлері бір кездегі атақты «былғары доп» шеберлерін, КСРО құрамасы ойыншылары – Р. Досаев, Ф. Черенков, Ю. Гаврилов және тағы басқаларды көруге мүмкіндік алды. «Қазақстан» спорт сарайында Астана және Минск қалалары шайбалы хоккей ардагерлерінің жолдастық кездесуі өткізілді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: