«Аполло Хоспиталз Энтерпрайз Лимитед» және «Prime Group International» арасы

1 Наурыз 2013, 11:14

Астана қаласы әкімінің бастамасымен «Аполло Хоспиталз Энтерпрайз Лимитед» және «Prime Group International» арасындағы әріптестік туралы мәселелер анықталды, оның аясында 2007-2009 жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша денсаулық сақтау саласының 100 нысанын салу жүзеге асырылады. «Аполло Хоспиталз Энтерпрайз Лимитед» жобалау-сметалық құжаттарды, құрылыс жүргізу бойынша консультацияларды, сонымен қатар денсаулық сақтау нысандарын басқару консультацияларын ұсынады. Нәтижесінде жүрек-қан тамырлар жүйесінің, онкологиялық аурулардың, апатқа ұшырау, жарақат және улану, тыныс жолдарының аурулары және басқа да әлеуметтік сипаттағы ауру салдарынан болатын өлім деңгейін төмендетуге арналған іс-шараларды жүргізу, астана халқының денсаулығы мен өмір сүруінің ұзақтығына оң әсерін тигізетін болады. АМК-ні жетілдіру ең алдымен жергілікті бюджет есебінен төмендегі нысандарды салып, АМК нысандарының жүйесін кеңейтуді көздейді: 360 кереуетке арналған көп салалы стационар, онкологиялық диспансер. Болжам бойынша АМК нысандарының қуаты 4 есеге артады, ол 2010 жылға қарай емхананың шамадан тыс жұмысбастылығын 3-тен 1,2 есеге дейін төмендетеді. Қалалық жедел жәрдем стансасын қосымша санитарлық арнайы автокөлікпен жабдықтау және қосалқы бекеттер жүйесін ғимараттардың ішіне орналастыру оның жұмысының қажеттілігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сұраныс артып отырған кереует жеткіліксіздігі мәселесін тез арада шешу мақсатында 2010 ж. жалпы салынатын стационарлардың санын 34-ке жеткізу көзделіп отыр. Бұл жағдайда мың халыққа 68,3 кереуеттен келеді, яғни нормативті көрсеткішке қол жеткізіледі деп күтуге болады. 2008 ж. стационарлық кереует орындарымен қамтамасыз ету көрсеткішін 42,3-тен 56,9-ға жеткізу жоспарланды. Дәрілік көмектің кепілдік берілген жалпы көлемін қаржыландыруды кеңейтудің нәтижесінде, оның кол жетімділігі, сонымен қатар халықтың жекелеген топтарының әлеуметтік қорғалуы (балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер, әлеуметтік сипаттағы аурулармен ауыратын науқастар) қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау департаментінің кадрлық саясаты алғашқы лектегі мамандарды орнықтыруға, аса тапшы мамандықтар бойынша мамандар даярлауға, соның ішінде, мақсатты түрде шетелде даярлауға бағдарланған. Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру мен қайта даярлаудың жалпы практикасына 16,5 млн теңге қарастырылған. Менеджмент, сала ресурстары және қаржыландырылуды басқару мәселелері бойынша мамандарды қайта даярлауға 1 млн теңге, қалалық медицина колледжіне мемлекеттік тапсырыс бойынша оқушыларды қабылдауды көбейтуге 1,6 млн теңге бөлінді. Жас кадрларды тарту және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін, республикалық бюджет қаржысына медицина қызметкерлеріне арналған 120 пәтерлік тұрғын үй салу қолға алынды. Жыл сайын орта буынды медицина қызметкерлеріне сүраныс азайып, болжам бойынша 2010 ж. орта буынды медицина қызметкерлерінің саны 68,5%-ды кұрайды, ол нормативке сай, яғни 10 мың халыққа 70,1-ден келеді. Білікті және жас кадрларды тартуға 2010 жылға дейін жалақының 4 есеге көбеюі үлкен демеу болады деп күтілуде. Астана қаласының біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастыру транспорттық ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді, оған 2008 ж. қаланың біртұтас ақпараттық жүйесі, телемедициналық технологияларды жандандыру, медициналық интернеттің қызмет етуі, әкімшіліктендірілген Интернетке шығу аясында мәліметтер алмасу үшін қаланың барлық медицина ұйымдары қосылады. Құрылған материалдық база негізінде (мәліметтердің радиожелілі жүйесі, серверлік кеңістікте жасалған байланыс каналдары, т.б.) транзакциялық бизнесті (мәліметтерді жіберу, транкингтік радиобайланыс, ІР-телефония, Интернет-хостинг және т.б.) жүргізу мүмкіндігі туады. Мұндай жүйе денсаулық сақтау саласына түскен қаражаттарды реттеуге және Астана қаласы тұрғындарының ден саулығын қорғауға арналған барлық бағыттағы бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Елбасының барлықтапсырысын басты назарға ала отырып, өңірлік Бағдарлама міндеттерінің нақты орындалуы және соңғы нәтижеге қол жеткізу республикалық клиникалардың, мүмкіндігінше Ғылыми-зерттеу институттары мен Ғылыми орталықтардың қуатын пайдаланатын қаланың барлық медицина ұйымдарының және денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторының қатысуымен және ең бастысы – деннің сау болуы үшін мемлекет пен адамның ниеттес жауапкершілік қағидасын жүзеге асыратын қала халқының белсенді атсалысуы арқылы қамтамасыз етіледі. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Астана қаласы әкімінің бастамасымен «Аполло Хоспиталз Энтерпрайз Лимитед» және «Prime Group International» арасындағы әріптестік туралы мәселелер анықталды, оның аясында 2007-2009 жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша денсаулық сақтау саласының 100 нысанын салу жүзеге асырылады. «Аполло Хоспиталз Энтерпрайз Лимитед» жобалау-сметалық құжаттарды, құрылыс жүргізу бойынша консультацияларды, сонымен қатар денсаулық сақтау нысандарын басқару консультацияларын ұсынады. Нәтижесінде жүрек-қан тамырлар жүйесінің, онкологиялық аурулардың, апатқа ұшырау, жарақат және улану, тыныс жолдарының аурулары және басқа да әлеуметтік сипаттағы ауру салдарынан болатын өлім деңгейін төмендетуге арналған іс-шараларды жүргізу, астана халқының денсаулығы мен өмір сүруінің ұзақтығына оң әсерін тигізетін болады. АМК-ні жетілдіру ең алдымен жергілікті бюджет есебінен төмендегі нысандарды салып, АМК нысандарының жүйесін кеңейтуді көздейді: 360 кереуетке арналған көп салалы стационар, онкологиялық диспансер. Болжам бойынша АМК нысандарының қуаты 4 есеге артады, ол 2010 жылға қарай емхананың шамадан тыс жұмысбастылығын 3-тен 1,2 есеге дейін төмендетеді. Қалалық жедел жәрдем стансасын қосымша санитарлық арнайы автокөлікпен жабдықтау және қосалқы бекеттер жүйесін ғимараттардың ішіне орналастыру оның жұмысының қажеттілігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сұраныс артып отырған кереует жеткіліксіздігі мәселесін тез арада шешу мақсатында 2010 ж. жалпы салынатын стационарлардың санын 34-ке жеткізу көзделіп отыр. Бұл жағдайда

мың халыққа 68,3 кереуеттен келеді, яғни нормативті көрсеткішке қол жеткізіледі деп күтуге болады. 2008 ж. стационарлық кереует орындарымен қамтамасыз ету көрсеткішін 42,3-тен 56,9-ға жеткізу жоспарланды. Дәрілік көмектің кепілдік берілген жалпы көлемін қаржыландыруды кеңейтудің нәтижесінде, оның кол жетімділігі, сонымен қатар халықтың жекелеген топтарының әлеуметтік қорғалуы (балалар, жасөспірімдер, жүкті әйелдер, әлеуметтік сипаттағы аурулармен ауыратын науқастар) қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау департаментінің кадрлық саясаты алғашқы лектегі мамандарды орнықтыруға, аса тапшы мамандықтар бойынша мамандар даярлауға, соның ішінде, мақсатты түрде шетелде даярлауға бағдарланған. Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру мен қайта даярлаудың жалпы практикасына 16,5 млн теңге қарастырылған. Менеджмент, сала ресурстары және қаржыландырылуды басқару мәселелері бойынша мамандарды қайта даярлауға 1 млн теңге, қалалық медицина колледжіне мемлекеттік тапсырыс бойынша оқушыларды қабылдауды көбейтуге 1,6 млн теңге бөлінді. Жас кадрларды тарту және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін, республикалық бюджет қаржысына медицина қызметкерлеріне арналған 120 пәтерлік тұрғын үй салу қолға алынды. Жыл сайын орта буынды медицина қызметкерлеріне сүраныс азайып, болжам бойынша 2010 ж. орта буынды медицина қызметкерлерінің саны 68,5%-ды кұрайды, ол нормативке сай, яғни 10 мың халыққа 70,1-ден келеді. Білікті және жас кадрларды тартуға 2010 жылға дейін жалақының 4 есеге көбеюі үлкен демеу болады деп күтілуде. Астана қаласының біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастыру транспорттық ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді, оған 2008 ж. қаланың біртұтас ақпараттық жүйесі, телемедициналық технологияларды жандандыру, медициналық интернеттің қызмет етуі, әкімшіліктендірілген Интернетке шығу аясында мәліметтер алмасу үшін қаланың барлық медицина ұйымдары қосылады. Құрылған материалдық база негізінде (мәліметтердің радиожелілі жүйесі, серверлік кеңістікте жасалған байланыс каналдары, т.б.) транзакциялық бизнесті (мәліметтерді жіберу, транкингтік радиобайланыс, ІР-телефония, Интернет-хостинг және т.б.) жүргізу мүмкіндігі туады. Мұндай жүйе денсаулық сақтау саласына түскен қаражаттарды реттеуге және Астана қаласы тұрғындарының ден саулығын қорғауға арналған барлық бағыттағы бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Елбасының барлықтапсырысын басты назарға ала отырып, өңірлік Бағдарлама міндеттерінің нақты орындалуы және соңғы нәтижеге қол жеткізу республикалық клиникалардың, мүмкіндігінше Ғылыми-зерттеу институттары мен Ғылыми орталықтардың қуатын пайдаланатын қаланың барлық медицина ұйымдарының және денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторының қатысуымен және ең бастысы – деннің сау болуы үшін мемлекет пен адамның ниеттес жауапкершілік қағидасын жүзеге асыратын қала халқының белсенді атсалысуы арқылы қамтамасыз етіледі.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: