1 Наурыз 2013, 11:12
Ана мен баланың денсаулығын қорғау қызметі 2005 жылдан бастап, бекітілген тізімге сәйкес 5 жаска дейінгі балалар тегін амбулаторлық дәрілік емдеумен, жүкті әйелдерді темір, йод препараттарымен, ал 2006 жылдан бастап, бекітілген тізімге сәйкес ем қабылдайтын диспансерлік бақылауда тұрған балалар мен жасөспірімдер амбулаторлық дәрілік заттармен қамтамасыз етілді. ҚР 2005-2010 жылдары денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша айқындалған стратегияны және Елбасының «2005 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, тұтастай алғанда, саланы дамытуда таңдалған стратегиялық бағыт өзінін дұрыстығын және тиімділігін дәлелдеді» деген бағасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласы Денсаулық сақтау департаменті мынадай басым бағыттарды айқындады: халыққа медициналык кызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесін реформалау және дамыту; санитарлық эпидемологиялық баяндылық; халық денсаулығын сақтауға сектораралық тұрғыдан келу; денсаулық сақтаудың басқару жүйесін жетілдіру; қаржыландыру жүйесін жетілдірудің басты қадамдарын жасау; дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру; ана мен бала денсаулығын сақтау; әлеуметтік сипаттағы ауруларға диагноз қою, емдеу және реабилитациялау; денсаулық сақтау кадрларын даярлау және білімін жетілдіру. Халыққа медициналық көмек көрсету жүйесін дамыту және адам денсаулығы сапасын арттыру мен өмірін ұзарту мақсатында, туберкулез, ВИЧ/СПИД, маскүнемдік, қатерлі ісіктер, жүрек-қан тамырлар аурулары, диабет және т.б. әлеуметтік сипаттағы аурулардың алдын алу, ерте анықтау, тиімді емдеу және реабилитациялау бойынша іс-шаралар жалғасын табады. Аталған ауру түрлері қолданыста бар және дайындалып жатқан мынадай бағдарламалар аясында қарастырылған: Астана қаласында 2008-2010 жылдары денсаулық сақтау саласын реформалау және дамуының кешенді бағдарламасы; Астана қаласында 2006-2008 жылдарды салауатты өмір салтын қалыптастырудың кешенді бағдарламасы; 2006-2008 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы; ҚР-нда 2007-2009 жылдары кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасы; Астана қаласының аумағында 2007-2010 жылдары СПИД індетіне қарсы іс-әрекет бағдарламасы; Астана қаласының халқына психиатриялық ауруларды емдеу және алдын алудың жаңа әдістерін енгізу (отбасына психологиялық көмек, әйелдерге арналған күйзеліс бөлімі); Астана қаласында 2008-2010 жылдары туберкулез ауруын және оған байланысты өлімді болдырмау бағдарламасы.
Қаланың денсаулық сақтау саласының әлеуметтік-экономикалық индикаторлары бойынша жүргізілген талдаулар мен іс жүзінде қалыптасқан үрдістерді қоса есептегенде, 2008-2010 жылдарға арналған болжамды көрсеткіштер мынадай көрініс береді: 2006 жылдан 2010 жылға дейінгі болжам бойынша жергілікті бюджеттің 1 тұрғынға шаққандағы шығыны 2 еседен аса жоғарылайды, ол іс жүзінде медициналық қызмет көрсетудің сапасына оң әсер етіп, қаланың денсаулық сақтау саласын дамытудың индикаторлық көрсеткіштерінің жоғарылауына әкеледі. ҚР Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауының жиырма бірінші бағытына сәйкес «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, сонымен қатар осы салада басқару жүйесінің сапасын жоғарылату негізіндегі стратегиялық инфрақұрылымды дамыту», астана жұртының денсаулығын арттыру, нақтырақ айтқанда, әлеуметтік сипаттағы аурулар бойынша Денсаулық сактау департаментімен өзара тиімді мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жұмыстары жүргізіледі, соның аясында кәсіпкерлер жәрмеңкесіне 40 әлеуметтік жоба ұсынылды.
Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы