Денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

1 Наурыз 2013, 10:47

2005-2010 жылдары ҚР-нда денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және Астана қаласының денсаулық сақтау саласын 2005-2007 жылдары реформалау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында мынадай негізгі басым бағыттар басты назарға алынды: ана және бала денсаулығын нығайту; алғашқы медико-санитарлық көмек қызметін дамыту және жетілдіру; қала халқына медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту; кадрмен қамтамасыз ету; қаланың денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру. Еліміздің бас қаласын дамыту және әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен инфрақұрылымының жақсаруы қала тұрғындарының жалпы санының өсуіне жағдай туғызды. Статистика басқармасының мәліметтері бойынша 2007 жылдың 1 қаңтарында қала тұрғындарының саны 574,2 мың адамды құрады, ол 2002 жылмен салыстырғанда (493,6) 80,6 мың адамға (16,4%) көбейген. Соңғы 5 жылда халық санының табиғи өсімі 3,3%-ды құрады. Қала тұрғындарының денсаулық жағдайы және негізгі көрсеткіштердің серпіні республикаға тән үрдістерге сәйкес келеді. Дүниежүзілік рейтингте медициналық-демографиялық көрсеткіштер астананың биік деңгейдегі алар орнының негізгі индикаторы болып саналады. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2002 жылғы 11,0-ден 17,4-ке дейін (2006 ж.) жоғарылады. Астана халқы арасындағы жалпы өлім деңгейі тұрақтандырылғаны байқалады. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейден 1,5 есеге аз. Жалпы өлім деңгейінің көрсеткіші 6,8-ден 6,7-ге төмендеді. 2003-2006 жылдар аралығында Денсаулық сақтау департаменті біртұтас акушерлік-терапевтік-педиатриялық кешен және отбасын жоспарлау бағдарламасын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз етті. Бала және ана өлімін төмендету комитеті жұмыс істеді. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (Б Д¥) «Бала емізуді қорғау, қолдау және марапаттау», «Қауіпсіз аналық», «Бала жасындағы ауруларға талдау жасап отыру» бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жүргізілді. 2003-2007 жылдары бала өлімі көрсеткішінің төмендеу карқыны байқалды, оған реанимациялық бөлімшелерге арнайы сатып алынған жабдықтарды пайдалану және шала туған балаларды күту бойынша жаңа технологияларды енгізу, соның ішінде, емдеу және шала туған балалардағы респираторлық дистресс синдромның профилактикасына сурфактантты енгізудің нәтижесінде қол жеткізілді, 5 жылда балалар өлімінің көрсеткіші 14,6-дан 12,9-ға дейін төмендеді. 2005 ж. «Астана қаласы тұрғындарының 2004-2005 жылдардағы денсаулығы», «Астана қаласында 2002-2005 жылдарда салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Астана қаласының аумағында 2003-2005 жылдары СПИД індетіне қарсы іс-әрекет» қалалық бағдарламалары жүзеге асырылды. 2005-2007 жылдары денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қаласында әлеуметтік сипаттағы аурулардың алдын алу және болдырмау бағытында жұмыс жүргізілді. Денсаулық сақтау департаменті негізінен ВИЧ/СПИД, туберкулез, наркологиялық асқыну, қатерлі ісіктер мәселелеріне назар аударады. Клинтон қорының, Дүниежүзілік банктің, ЮСАИД-тің СПИД, туберкулез және безгекпен күрес бойынша Дүниежүзілік қордың стратегиясына сәйкес іс-шаралар жүзеге асырылды. Ведомствоаралық деңгейде әлеуметтік сипаттағы аурулармен жүргізілген күрес, олардың өсу деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы жұмыстардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін қызметтерді каржыландыру мөлшері өсіп, халықты мақсатты түрде тексеру, білім беру іс-шараларымен қамту деңгейі жоғарылады. Қаланың медициналық ұйымдары туберкулез, нашақорлықпен, маскүнемдікпен, СПИД-тің алдын алу және оларды емдеу бойынша Ішкі істер, Әділет және Қорғаныс министрліктерінің мекемелерімен, ведомстволарымен бірлесіп жұмыс жүргізді. Эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығына қарамай, қаланың туберкулезге қарсы қызметі қарқынды жұмыс істеді. Инфекцияның эпидемиологиялық таралуының бетін қайтару мәселелері 2006 жылдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық қызметке, ал ауруларды емдеу мәселелері туберкулезге қарсы қызметке жүктелді. Жергілікті бюджеттен жыл сайын туберкулезге қарсы препараттар мен тағам сатып алу үшін мақсатты трансферттер бөлінді. 2006 ж. туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу үшін 46,245 миллионнан астам теңгеге медикаменттер сатып алынды және тамақтандыруға 34,5 млн теңге бөлінді. СПИД орталығының қолдауымен жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби-техникалық мектептерде, орта және жоғары оку орындарында білім беру бағдарламалары енгізілді. Медицина қызметкерлерімен волонтерлар оқытылып, дайындалды. Қалада педагогикалық кадрларды қайта даярлау институтының оқу бағдарламаларына «ВИЧ/СПИД проблемасының» мәселелері енгізілді. Есірткі дертіне шалдығудың таралу жағдайын сауықтыру үшін Медициналық-әлеуметтік реабилитациялау орталығы профилакториялық іс-шаралардың толық кешенін ұйымдастырып жүргізді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

2005-2010 жылдары ҚР-нда денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және Астана қаласының денсаулық сақтау саласын 2005-2007 жылдары реформалау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында мынадай негізгі басым бағыттар басты назарға алынды: ана және бала денсаулығын нығайту; алғашқы медико-санитарлық көмек қызметін дамыту және жетілдіру; қала халқына медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту; кадрмен қамтамасыз ету; қаланың денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру.

Еліміздің бас қаласын дамыту және әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен инфрақұрылымының жақсаруы қала тұрғындарының жалпы санының өсуіне жағдай туғызды. Статистика басқармасының мәліметтері бойынша 2007 жылдың 1 қаңтарында қала тұрғындарының саны 574,2 мың адамды құрады, ол 2002 жылмен салыстырғанда (493,6) 80,6 мың адамға (16,4%) көбейген. Соңғы 5 жылда халық санының табиғи өсімі 3,3%-ды құрады. Қала тұрғындарының денсаулық жағдайы және негізгі көрсеткіштердің серпіні республикаға тән үрдістерге сәйкес келеді. Дүниежүзілік рейтингте медициналық-демографиялық көрсеткіштер астананың биік деңгейдегі алар орнының негізгі индикаторы болып саналады. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2002 жылғы 11,0-ден 17,4-ке дейін (2006 ж.) жоғарылады. Астана халқы арасындағы жалпы өлім деңгейі тұрақтандырылғаны байқалады. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейден 1,5 есеге аз. Жалпы өлім деңгейінің көрсеткіші 6,8-ден 6,7-ге төмендеді. 2003-2006 жылдар аралығында Денсаулық сақтау департаменті біртұтас акушерлік-терапевтік-педиатриялық кешен және отбасын жоспарлау бағдарламасын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз етті. Бала және ана өлімін төмендету комитеті жұмыс істеді. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (Б Д¥) «Бала емізуді қорғау, қолдау және марапаттау», «Қауіпсіз аналық», «Бала жасындағы ауруларға талдау жасап отыру» бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жүргізілді. 2003-2007 жылдары бала өлімі көрсеткішінің төмендеу карқыны байқалды, оған реанимациялық бөлімшелерге арнайы сатып алынған жабдықтарды пайдалану және шала туған балаларды күту бойынша жаңа технологияларды енгізу, соның ішінде, емдеу және шала туған балалардағы респираторлық дистресс синдромның профилактикасына сурфактантты енгізудің нәтижесінде қол жеткізілді, 5 жылда балалар өлімінің көрсеткіші 14,6-дан 12,9-ға дейін төмендеді. 2005 ж. «Астана қаласы тұрғындарының 2004-2005 жылдардағы денсаулығы», «Астана қаласында 2002-2005 жылдарда салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Астана қаласының аумағында 2003-2005 жылдары СПИД індетіне қарсы іс-әрекет» қалалық бағдарламалары жүзеге асырылды. 2005-2007 жылдары денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қаласында әлеуметтік сипаттағы аурулардың алдын алу және болдырмау бағытында жұмыс жүргізілді. Денсаулық сақтау департаменті негізінен ВИЧ/СПИД, туберкулез, наркологиялық асқыну, қатерлі ісіктер мәселелеріне назар аударады. Клинтон қорының, Дүниежүзілік банктің, ЮСАИД-тің СПИД, туберкулез және безгекпен күрес бойынша Дүниежүзілік қордың стратегиясына сәйкес іс-шаралар жүзеге асырылды. Ведомствоаралық деңгейде әлеуметтік сипаттағы аурулармен жүргізілген күрес, олардың өсу деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы жұмыстардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін қызметтерді каржыландыру мөлшері өсіп, халықты мақсатты түрде тексеру, білім беру іс-шараларымен қамту деңгейі жоғарылады. Қаланың медициналық ұйымдары туберкулез, нашақорлықпен, маскүнемдікпен, СПИД-тің алдын алу және оларды емдеу бойынша Ішкі істер, Әділет және Қорғаныс министрліктерінің мекемелерімен, ведомстволарымен бірлесіп жұмыс жүргізді. Эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығына қарамай, қаланың туберкулезге қарсы қызметі қарқынды жұмыс істеді. Инфекцияның эпидемиологиялық таралуының бетін қайтару мәселелері 2006 жылдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық қызметке, ал ауруларды емдеу мәселелері туберкулезге қарсы қызметке жүктелді. Жергілікті бюджеттен жыл сайын туберкулезге қарсы препараттар мен тағам сатып алу үшін мақсатты трансферттер бөлінді. 2006 ж. туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу үшін 46,245 миллионнан астам теңгеге медикаменттер сатып алынды және тамақтандыруға 34,5 млн теңге бөлінді. СПИД орталығының қолдауымен жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби-техникалық мектептерде, орта және жоғары оку орындарында білім беру бағдарламалары енгізілді. Медицина қызметкерлерімен волонтерлар оқытылып, дайындалды. Қалада педагогикалық кадрларды қайта даярлау институтының оқу бағдарламаларына «ВИЧ/СПИД проблемасының» мәселелері енгізілді. Есірткі дертіне шалдығудың таралу жағдайын сауықтыру үшін Медициналық-әлеуметтік реабилитациялау орталығы профилакториялық іс-шаралардың толық кешенін ұйымдастырып жүргізді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: