ХІХ ғасырдың 80-жылдары

1 Наурыз 2013, 10:03

Ұлттық медициналық кадрларды даярлау Омбы қаласындағы Орталық фельдшерлік мектепте жүргізілді. Оны 1880 ж. алғашқы қазақ-фельдшерлері бітіріп шықты. 1884 ж. Ақмола уезіне бөлінген болыстық-фельдшерлер К. Балабеков, А. Дәндібаев, К. Жұмағұловтар болатын. 1891 жылдан бастап стационарлық көмек және амбулаторлық қабылдау Ақмолада 5 кереует және уездік қабылдау бөлімінде 5 кереует деңгейінде болды. 1886 ж. Ақмола облысындағы 37 дәрігердің 26-сы әскери және казактар ведомствосынан, 10 дәрігер Ішкі істер министрлігінен (уездік және патшалық Ресейдегі полиция) және 1-уі өз еркімен тәжірибеден өтуші болды. Фельдшерлер – 76 адам, соның ішінде, 61-і әскери және казактар ведомстволарынан, 8-і қалалық және уездік дәрігерлер жанында, 7-і ауылдық жерлерде, 14-і кіндік шеше (3-і қалалық, 8-і уездік, 3-і казак стансаларында). Дәрігерлік көмек көрсетуді 10000 адамға шаққанда, дәрігерлер саны – 0,7; фельдшерлер -1,6; акушерлер 0,2-ден келді. Денсаулық сақтау саласына бөлінген жалпы қаражат 17456 рубльді құрады. 1897 ж. облыста 84 кереуетке лайықталған 5 емдеу мекемесі немесе 1000 адамға 0,1 кереует болды. Осы жылы Ақмола облысында ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің учаскелік жүйесі енгізілді: аймақ 15 дәрігерлік учаскеге бөлінді. Санитарлық жағдай деңгейінің төмеңдігіне, үй-тұрмыстықжағдайдың ауырлығына байланысты безгектің, шешектің, сүзектің, тері және жұқпалы аурулардың таралуы тоқтамады. «1900 жылғы Ақмола облысына шолуда» мына мәселелер хабарланды: «Барлық уездік ауруханалар ескі, аурухананың мақсатына лайықталмаған, барынша нашар жабдықталған. Олардың меңгерушілері уездік дәрігерлер, сонымен қатар оларға медициналық-сот істері қызметі жүктелген, халыққа көмек көрсету үшін уезді аралағанда ауруханаларды қадағалауды фельдшерлерге тапсырады. Кез келген уездегі науқастар дәрігер пункттерінің шалғайлығы оған ауыр халдегі науқастарды жеткізудің қиындығына байланысты дәрігер көмегінсіз қалып, сауатсыз ем-домшылар құрбаны болуда», - деп атап өтілді. Бес мың тұрғыны бар Ақмола ол кезде шалғайда жатқан шағын қала саналды. Қалада әскери команда, уездік басқарма, пошта-телеграфтық кеңсе, шіркеу, мешіт, синагоға, май шайқау, сабын қайнату, шошқа сүрлейтін ұсақ кәсіпорындар болды. Қалада 3 сыныптық училище, алғашқы әйелдер мектебі, станицалық әйелдер мектебі, ерлер мен әйелдердің қазақ бастауыш мектебі жұмыс істеді. Қазақстанның басқа қалаларындағыдай, Ақмола қаласында да медициналық көмек тапшылығы қатты білінді. Қалалық аурухананың шаңырақ көтеруіне белсене атсалысқан уездік дәрігер Н.Н. Карпитский болды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Ұлттық медициналық кадрларды даярлау Омбы қаласындағы Орталық фельдшерлік мектепте жүргізілді. Оны 1880 ж. алғашқы қазақ-фельдшерлері бітіріп шықты. 1884 ж. Ақмола уезіне бөлінген болыстық-фельдшерлер К. Балабеков, А. Дәндібаев, К. Жұмағұловтар болатын.

1891 жылдан бастап стационарлық көмек және амбулаторлық қабылдау Ақмолада 5 кереует және уездік қабылдау бөлімінде 5 кереует деңгейінде болды. 1886 ж. Ақмола облысындағы 37 дәрігердің 26-сы әскери және казактар ведомствосынан, 10 дәрігер Ішкі істер министрлігінен (уездік және патшалық Ресейдегі полиция) және 1-уі өз еркімен тәжірибеден өтуші болды. Фельдшерлер – 76 адам, соның ішінде, 61-і әскери және казактар ведомстволарынан, 8-і қалалық және уездік дәрігерлер жанында, 7-і ауылдық жерлерде, 14-і кіндік шеше (3-і қалалық, 8-і уездік, 3-і казак стансаларында). Дәрігерлік көмек көрсетуді 10000 адамға шаққанда, дәрігерлер саны – 0,7; фельдшерлер -1,6; акушерлер 0,2-ден келді. Денсаулық сақтау саласына бөлінген жалпы қаражат 17456 рубльді құрады. 1897 ж. облыста 84 кереуетке лайықталған 5 емдеу мекемесі немесе 1000 адамға 0,1 кереует болды. Осы жылы Ақмола облысында ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің учаскелік жүйесі енгізілді: аймақ 15 дәрігерлік учаскеге бөлінді. Санитарлық жағдай деңгейінің төмеңдігіне, үй-тұрмыстықжағдайдың ауырлығына байланысты безгектің, шешектің, сүзектің, тері және жұқпалы аурулардың таралуы тоқтамады. «1900 жылғы Ақмола облысына шолуда» мына мәселелер хабарланды: «Барлық уездік ауруханалар ескі, аурухананың мақсатына лайықталмаған, барынша нашар жабдықталған. Олардың меңгерушілері уездік дәрігерлер, сонымен қатар оларға медициналық-сот істері қызметі жүктелген, халыққа көмек көрсету үшін уезді аралағанда ауруханаларды қадағалауды фельдшерлерге тапсырады. Кез келген уездегі науқастар дәрігер пункттерінің шалғайлығы оған ауыр халдегі науқастарды жеткізудің қиындығына байланысты дәрігер көмегінсіз қалып, сауатсыз ем-домшылар құрбаны болуда», - деп атап өтілді.

Бес мың тұрғыны бар Ақмола ол кезде шалғайда жатқан шағын қала саналды. Қалада әскери команда, уездік басқарма, пошта-телеграфтық кеңсе, шіркеу, мешіт, синагоға, май шайқау, сабын қайнату, шошқа сүрлейтін ұсақ кәсіпорындар болды. Қалада 3 сыныптық училище, алғашқы әйелдер мектебі, станицалық әйелдер мектебі, ерлер мен әйелдердің қазақ бастауыш мектебі жұмыс істеді. Қазақстанның басқа қалаларындағыдай, Ақмола қаласында да медициналық көмек тапшылығы қатты білінді. Қалалық аурухананың шаңырақ көтеруіне белсене атсалысқан уездік дәрігер Н.Н. Карпитский болды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: