ХІХ ғасырдың 70-жылдарына дейін

1 Наурыз 2013, 10:00

19 ғасырдың ортасына дейін облыс аймағында медициналық мекемелер болған жоқ. Науқастарды емдеуге халық медицинасының бай тәжірибесі колданылды. Дәрігерлік емдеу тәсілдерінде, қазақ халқының анатомиялық және физиологиялық танымы, шығыстың басқа да халықтары медицинасының әсері, қоршаған орта туралы түсінігі көрініс тапты. Емдеу сеанстарының сценарийіне қарай, колданылатын емдеу әдістеріне және көрсетілетін көмек көлеміне байланысты, емшілер арасында дәстүрлі біліктілік болды: бақсылық, дәрігерлік, кіндік шешелер, сынықшылар, диуаналар, молдалар, ахундар, жауырыншылар және т.б.; халық емшілерінің арасында шешектен емдейтін кезбе-қожалардың орны ерекше болатын. Кеңінен қолданылатын емдік өсімдіктер 4 топқа бөлінді: күш беретін, денені қыздыратын, салқындататын және іш айдайтын. Бие сүтінен дайындалатын қымыз тағамдық дәрілердің ішінде ерекше орын алды, оны қолданатын аурулардың тізімі (құрт ауруы, құрқұлақ, қаназдық, асқорыту органдары жұмысының бұзылуы және т.б.) мен емдеу әдістері белгілі болды. Минералдардан жасалатын препараттардан тотияйын, сынап, уқорғасын, ашудас, мүсәтір және т.б. қолданылды. Жарақаттарды, іріңдеген ісікті және шелденген іріңдерді емдеуден басқа, хирургиялық әдістердің ішінде аяқ-қолды түйе жүнімен, шендеуішпен орау, жаңа сойылған малдың терісіне салу секілді түрлерін атауға болады. Шынтақ, маңдай және басқа да көктамырлардан қан алу әдісі және жазда сүлік салу, табиғи родон, тұзды бұлаулар қолданылды. 1835 ж. Ақмола бекінісінде 16 кереует қойылған әскери емдеу мекемесі және дәріхана ашылды. Дәрігер ретінде Сібір корпусынан В. Богословский жіберілді. Емдеу мекемесі және дәріхана шағын үйдің 2 бөлмесінде орналасты, ал басқа бөлігінде онда жұмыс істейтін мүгедектер және бақылаушы отбасымен бірге тұрды. Алғашқы медицина қызметкерлері әскери дәрігерлер мен фельдшерлер болатын, олар аймақтың түрғылық-ты халқына медициналық көмек көрсетіп тұрды. 1835 ж. 10 қазанда лазарет бақылаушыларына «Науқас қырғыздарды жұмысқа пайдалану үшін лазареттерге қабылдау, оларды қазына есебінен төменгі шенді әскерилермен теңдей дәрежеде ұстау, ал тәулігіне жұмсалатын 54 тиын шығынды аймақтықприказдан талап ету» тапсырылды. Әскери емшілер індетке қарсы іс-шаралар жүргізу үшін қазақ ауылдарына жиі барып тұрды. 1841 жылдан бастап шешекке қарсы егу жүргізіле бастады. Бүл ұйымдар жұмысының тиімділігі жөнінде шешектен жазылғандардың саны бойынша мәлімет алуға болады. 1851 ж. Ақмола жартылай госпиталінде 602 науқас шешектен емделіп шықты, қайтыс болғаны 13 адам (2,7%). 1868 жылы Омбы қаласы Ақмола облысының орталығы болып құрылуына байланысты уездік дәрігер (бір уезге – 1), уездік фельдшер (бір уезге – 2), кіндік шеше қызметтері бекітілді. 1868 жылдан кейін Ақмола облысының далалық аймақтарында бар болғаны Көкшетаудағы лазарет пен 1873 жылы лазарет болып өзгертілген Ақмола жартылай госпиталі ғана қалды. Ақмола жартылай госпиталінде 1871 жылы 583 науқас емделсе, 1872 жылы емделгендер саны 560-қа ғана жетті. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

19 ғасырдың ортасына дейін облыс аймағында медициналық мекемелер болған жоқ. Науқастарды емдеуге халық медицинасының бай тәжірибесі колданылды. Дәрігерлік емдеу тәсілдерінде, қазақ халқының анатомиялық және физиологиялық танымы, шығыстың басқа да халықтары медицинасының әсері, қоршаған орта туралы түсінігі көрініс тапты. Емдеу сеанстарының сценарийіне қарай, колданылатын емдеу әдістеріне және көрсетілетін көмек көлеміне байланысты, емшілер арасында дәстүрлі біліктілік болды: бақсылық, дәрігерлік, кіндік шешелер, сынықшылар, диуаналар, молдалар, ахундар, жауырыншылар және т.б.; халық емшілерінің арасында шешектен емдейтін кезбе-қожалардың орны ерекше болатын. Кеңінен қолданылатын емдік өсімдіктер 4 топқа бөлінді: күш беретін, денені қыздыратын, салқындататын және іш айдайтын. Бие сүтінен дайындалатын қымыз тағамдық дәрілердің ішінде ерекше орын алды, оны қолданатын аурулардың тізімі (құрт ауруы, құрқұлақ, қаназдық, асқорыту органдары жұмысының бұзылуы және т.б.) мен емдеу әдістері белгілі болды. Минералдардан жасалатын препараттардан тотияйын, сынап, уқорғасын, ашудас, мүсәтір және т.б. қолданылды. Жарақаттарды, іріңдеген ісікті және шелденген іріңдерді емдеуден басқа, хирургиялық әдістердің ішінде аяқ-қолды түйе жүнімен, шендеуішпен орау, жаңа сойылған малдың терісіне салу секілді түрлерін атауға болады. Шынтақ, маңдай және басқа да көктамырлардан қан алу әдісі және жазда сүлік салу, табиғи родон, тұзды бұлаулар қолданылды.

1835 ж. Ақмола бекінісінде 16 кереует қойылған әскери емдеу мекемесі және дәріхана ашылды. Дәрігер ретінде Сібір корпусынан В. Богословский жіберілді. Емдеу мекемесі және дәріхана шағын үйдің 2 бөлмесінде орналасты, ал басқа бөлігінде онда жұмыс істейтін мүгедектер және бақылаушы отбасымен бірге тұрды. Алғашқы медицина қызметкерлері әскери дәрігерлер мен фельдшерлер болатын, олар аймақтың түрғылық-ты халқына медициналық көмек көрсетіп тұрды. 1835 ж. 10 қазанда лазарет бақылаушыларына «Науқас қырғыздарды жұмысқа пайдалану үшін лазареттерге қабылдау, оларды қазына есебінен төменгі шенді әскерилермен теңдей дәрежеде ұстау, ал тәулігіне жұмсалатын 54 тиын шығынды аймақтықприказдан талап ету» тапсырылды. Әскери емшілер індетке қарсы іс-шаралар жүргізу үшін қазақ ауылдарына жиі барып тұрды. 1841 жылдан бастап шешекке қарсы егу жүргізіле бастады. Бүл ұйымдар жұмысының тиімділігі жөнінде шешектен жазылғандардың саны бойынша мәлімет алуға болады. 1851 ж. Ақмола жартылай госпиталінде 602 науқас шешектен емделіп шықты, қайтыс болғаны 13 адам (2,7%). 1868 жылы Омбы қаласы Ақмола облысының орталығы болып құрылуына байланысты уездік дәрігер (бір уезге – 1), уездік фельдшер (бір уезге – 2), кіндік шеше қызметтері бекітілді. 1868 жылдан кейін Ақмола облысының далалық аймақтарында бар болғаны Көкшетаудағы лазарет пен 1873 жылы лазарет болып өзгертілген Ақмола жартылай госпиталі ғана қалды. Ақмола жартылай госпиталінде 1871 жылы 583 науқас емделсе, 1872 жылы емделгендер саны 560-қа ғана жетті.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: