Тексеру қорытындысы бойынша ұялы байланыс нарығында үстемдігі басым «Кселл» АҚ-на және «Кар-Тел» ЖШС-не 2013 жылғы 1 наурыздан бастап ұялы байланыс қызметінің шекті тарифтерін орташа есеппен 17 % арзандату қажеттігі жөнінде ұйғарым жіберілді. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Егер бүгінгі күні «Кселл» АҚ және «Кар-Тел» ЖШС абоненттері үшін желіішілік шығыс қоңырауларының шекті құны 1 минут үшін 18 теңгені (ҚҚС-сыз) құраса, 2013 жылғы 1 наурыздан бастап 15 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайтын болады. Қазақстанның басқа операторларының желілеріне (бекітілген және ұялы байланыс) шығыс қоңырауларының шекті құны 1 минут үшін 35 теңгеден 29 теңгеге (ҚҚС-сыз) дейін арзандауы тиіс. Сонымен бірге, мобильді интернеттің 1 Мб үшін ең жоғары құны 4 теңгеге арзандап, ол 18 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайтын болады» делінген баспасөз қызметі хабарламасында.
«Байланыс және ақпараттандыру комитетінің 2011 жылы жүргізген сараптама жұмыстарының нәтижесінде "КаР-Тел" компаниясының желіішілік сөйлесу құнының шекті тарифі орташа есеппен 31%-ға, ал басқа операторлардың желілеріне қоңырау соғу құны орташа есеппен 20 % -ға арзандатылған еді. 2012 жылы жүргізілген дәл осындай сараптама жұмыстарының қорытындысында «Кселл» АҚ-ның абоненттері үшін басқа операторларға қоңырау соғудың шекті тарифі 12% арзандатылғаны естеріңізге салып өткіміз келеді», деп түйіндейді хабарламаны министрлік.
BAQ.kz