Бүкіләлемдік халал кеңесінің еуропалық бөлімшесі Италияда алғашқы мәжілістерін өткізбек.
Аталған кеңес мұсылмандар тұтынатын азық-түлік саласындағы жетекші сарапшылардың басын қосатын ұйым болып табылады. Бұл туралы muslim.kz сайты жазады.
Сайттың жазуына қарағанда, халықаралық халал басқармасының италияндық филиалы ұйымдастырған шара 1-2 наурыз күндері Милан қаласында өтеді. Ода мамандар бірыңғай стандарттау жүйесін, сондай-ақ өзге де түйткілді мәселелерді ортаға алып, Еуропадағы азық-түлік саласының даму келешегі мен проблемаларын талқыламақ. Форумға аталмыш ұйымның мүшесі болып табылатын (солардың ішінде НІА, Халал сапасын бақылау басқармасы, Халал кеңесі, Испан халал институты, Еуропалық халал институты, Париждің орталық мешіті, Польшадағы мұсылмандар одағы мен өзге де ұйымдар) барлық еуропалық агенттіктердің өкілдері қатысады.
«Халал азық-түлікті тұтынатын халықтың саны әлем бойынша екі миллиардтан асады. Олардың 35 миллионнан астамы Еуропада тұрады екен. Алайда, ұйымдастырушылардың айтуынша, халал сертификаттарды берумен халықаралық лицензиясы жоқ белгісіз ұйымдар айналысып келеді. Бүкіләлемдік халал кеңесі дүниежүзіндегі халал сертификат беретін органдармен ынтымақтастық орнату мақсатында Индонезияда 1999 жылы құрылған болатын», - деп жазады Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.
http://www.today.kz