Мемлекеттік тілді дамыту. Кәсіптік білім беру

28 Ақпан 2013, 08:40

Мемлекеттік тілді дамыту Жылдан-жылға қазақ мектептерінің саны артып келеді. Тек соңғы екі жылдың ішінде қазақ тілінде оқытатын 6 мектеп ашылды. Қазіргі таңда олардың саны – 19. Бұдан басқа 27 аралас мектеп бар. Қазак мектептері мен сыныптарындағы оқушылар саны – 30 391 немесе жалпы контингенттің 47,6%-ын құрайды. Барлық мектептердің орыс тілінде білім беретін сыныптарының оқу жоспарына мемлекеттік тілді оқыту үшін аптасына бұрынғының үстіне тағы 2 сағат қосылды. Қазақ тілі бойынша білім сапасының 2006-2007 жылдары 60%-дан 69%-ға жоғарылауы табысты нәтиже болып табылады. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру туралы 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында қазақ тілі мен әдебиетінің үздік мұғалімдеріне әкім гранттарын беруге арналған конкурс өткізу қарастырылған. Кәсіптік білім беру Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту барысында кәсіптік білім беру ісі де елеулі өзгерістерді басынан кешірді. Кәсіптік бағыттағы оқу орындарының жұмысы баршаға ортақ білім қолжетімдігі мен нарық конъюнктурасын ескере отырып, жастармен қатар ересектерді де ұдайы дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау міндетін шешуге бағытталған. Қалада бастауыш және орта кәсіптік білім ұйымдарының желісі тұрақты сақталуда. Орта кәсіптік білім саласындағы білім беру қызметін 32 оқу орны (10 мемлекеттік және 22 мемлекеттік емес) жүзеге асырады. Еңбек нарығында болған өзгерістер жастардың кәсіптік дайындық бейініне едәуір серпілістер әкелді. Осылайша, мемлекеттік білім беру тапсырысындағы жұмысшы кәсіптерінің тізбесі лифтілер мен эскалаторлар бойынша электротехник, автоматика, телемеханика және көлік қозғалысын баскару, зертханалық диагностика, электрмен дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, автомеханик, әмбебап-токарь, сүттағамдары өнімдерін өндіру шебері сияқты жаңа мамандықтармен толықты. Қала колледждері кәсіпорындармен және ұйымдармен әріптестік туралы 400-ге жуык келісімшарттар жасады. Кәсіпорындармен арадағы келісімшарттарда мемлекеттік стандарттарға сәйкес мамандықтар бойынша кәсіптік практиканы ұйымдастыруға баса назар аударылады. Халықаралык ынтымақтастық нығаюда, Сеул қаласының мэрі Ли Менг Бактың Астана қаласына ресми сапары аясында екі мемлекеттің астаналары арасындағы меморандумға қол қойылды, осы аталған құжаттың 4-тармағына сәйкес Астана қаласының жас мамандарын Сеул қаласында авто-слесарь, жиһаз дизайнері, визажшы, аспаз, веб-шебер мамандықтары бойынша даярлау туралы келісімдер жүзеге асырылуда. Техникалық және кәсіптік білім саласындағы біліктілікті куәландыру мен тағайындауға тәуелсіз бағалау сапасын енгізу бойынша Корея Республикасының жұмыс тәжірибесі зерттеліп енгізілуде. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Мемлекеттік тілді дамыту

Жылдан-жылға қазақ мектептерінің саны артып келеді. Тек соңғы екі жылдың ішінде қазақ тілінде оқытатын 6 мектеп ашылды. Қазіргі таңда олардың саны – 19. Бұдан басқа 27 аралас мектеп бар. Қазак мектептері мен сыныптарындағы оқушылар саны – 30 391 немесе жалпы контингенттің 47,6%-ын құрайды. Барлық мектептердің орыс тілінде білім беретін сыныптарының оқу жоспарына мемлекеттік тілді оқыту үшін аптасына бұрынғының үстіне тағы 2 сағат қосылды. Қазақ тілі бойынша білім сапасының 2006-2007 жылдары 60%-дан 69%-ға жоғарылауы табысты нәтиже болып табылады. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру туралы 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында қазақ тілі мен әдебиетінің үздік мұғалімдеріне әкім гранттарын беруге арналған конкурс өткізу қарастырылған.

Кәсіптік білім беру

Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту барысында кәсіптік білім беру ісі де елеулі өзгерістерді басынан кешірді. Кәсіптік бағыттағы оқу орындарының жұмысы баршаға ортақ білім қолжетімдігі мен нарық конъюнктурасын ескере отырып, жастармен қатар ересектерді де ұдайы дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау міндетін шешуге бағытталған. Қалада бастауыш және орта кәсіптік білім ұйымдарының желісі тұрақты сақталуда. Орта кәсіптік білім саласындағы білім беру қызметін 32 оқу орны (10 мемлекеттік және 22 мемлекеттік емес) жүзеге асырады. Еңбек нарығында болған өзгерістер жастардың кәсіптік дайындық бейініне едәуір серпілістер әкелді. Осылайша, мемлекеттік білім беру тапсырысындағы жұмысшы кәсіптерінің тізбесі лифтілер мен эскалаторлар бойынша электротехник, автоматика, телемеханика және көлік қозғалысын баскару, зертханалық диагностика, электрмен дәнекерлеуші, слесарь-сантехник, автомеханик, әмбебап-токарь, сүттағамдары өнімдерін өндіру шебері сияқты жаңа мамандықтармен толықты. Қала колледждері кәсіпорындармен және ұйымдармен әріптестік туралы 400-ге жуык келісімшарттар жасады. Кәсіпорындармен арадағы келісімшарттарда мемлекеттік стандарттарға сәйкес мамандықтар бойынша кәсіптік практиканы ұйымдастыруға баса назар аударылады. Халықаралык ынтымақтастық нығаюда, Сеул қаласының мэрі Ли Менг Бактың Астана қаласына ресми сапары аясында екі мемлекеттің астаналары арасындағы меморандумға қол қойылды, осы аталған құжаттың 4-тармағына сәйкес Астана қаласының жас мамандарын Сеул қаласында авто-слесарь, жиһаз дизайнері, визажшы, аспаз, веб-шебер мамандықтары бойынша даярлау туралы келісімдер жүзеге асырылуда. Техникалық және кәсіптік білім саласындағы біліктілікті куәландыру мен тағайындауға тәуелсіз бағалау сапасын енгізу бойынша Корея Республикасының жұмыс тәжірибесі зерттеліп енгізілуде.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: