28 Ақпан 2013, 06:11
Перулік археологтар 11 мумия тапты. Мамандардың айтуынша, олар шамамен 700 жыл бұрын жерленген. Қаңқалар 400 шаршы метр аумақта көлденең жатқызылып, бір-біріне жақын орналасқан. Қамыс пен матаға оралған мумиялар салт-жоралар негізінде жерленген. Қазба жұмыстарының жетекшісі Фернандо Эррера табылған жәдігерлердің құнды мәдени мұра екенін айтады. Мамандар мумиялардың үшеуі біздің заманымызға дейінгі 200 және 700-ші жылдары жерленсе, қалғандары кешірек көмілгенін анықтады. Бұл мумиялар арнайы камераның көмегімен табылған. Археологтар бұл құрылғы арқылы әлі талай нәтижелі қазба жұмыстарын жүргізетіндеріне сенімді.