«Абайдың қара сөздері» күміспен күптелді

28 Ақпан 2013, 06:08

Қазақстанның тарихында тұңғыш рет хәкім Абайдың қара сөздері эксклюзивті басылым болып шықты. Шектеулі данамен жарық көрген кітаптың мұқабасы терімен түптеліп, күміспен күптелген деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ал басылым беттері ескірмейтін арнайы қағаздан жасалып отыр. Кеше, ақпанның 27-сі күні Астанадағы Қазіргі заман өнер мұражайында аталған кітаптың таныстырылымы болды. Осы жұмыспен айналысқан «А» баспа үйінің директоры Дина Әбдәкімованың хабарлауынша, «Абай» кітабының эксклюзивті нұсқасы Польшада басылды. «Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, бұл кітаптың әрбір беті жібек жіппен тігіліп, дөңес қалыпта түптелген. Ондай технологияны Қазақстан да, көрші Ресейде де жасай алмайды. Екіншіден, «Nobel paper» үлгісіндегі ескірмейтін қағаз бізде жоқ. Оны тек Еуропада ғана кезек-кезекпен алады. Бұндай қағаз уақыт сынына шыдап, еш сарғаймайды. Кітаптың мұқабасын басқан кезде, біз қазақ қолөнерінің айшықты нақыштары - түйетабан, қошқармүйіз сияқты ою-өрнектерді жан-жақты зерттеп, арнайы бастырмаларды шығару арқылы былғарыға бастық. Бәріңіз білесіз, ерте заманнан бері қазақ халқы үшін күмістің орны бөлек болған ғой. Сондықтан біз кітаптың сырты мен ішін күміспен күптеп көмкердік. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық тарихында бұндай басылым алғаш рет жарыққа шығып отыр», - дейді Д. Әбдәкімова. Автор: Арман Асқаров

Қазақстанның тарихында тұңғыш рет хәкім Абайдың қара сөздері эксклюзивті басылым болып шықты. Шектеулі данамен жарық көрген кітаптың мұқабасы терімен түптеліп, күміспен күптелген деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ал басылым беттері ескірмейтін арнайы қағаздан жасалып отыр. Кеше, ақпанның 27-сі күні Астанадағы Қазіргі заман өнер мұражайында аталған кітаптың таныстырылымы болды.
Осы жұмыспен айналысқан «А» баспа үйінің директоры Дина Әбдәкімованың хабарлауынша, «Абай» кітабының эксклюзивті нұсқасы Польшада басылды. «Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, бұл кітаптың әрбір беті жібек жіппен тігіліп, дөңес қалыпта түптелген. Ондай технологияны Қазақстан да, көрші Ресейде де жасай алмайды. Екіншіден, «Nobel paper» үлгісіндегі ескірмейтін қағаз бізде жоқ. Оны тек Еуропада ғана кезек-кезекпен алады. Бұндай қағаз уақыт сынына шыдап, еш сарғаймайды. Кітаптың мұқабасын басқан кезде, біз қазақ қолөнерінің айшықты нақыштары - түйетабан, қошқармүйіз сияқты ою-өрнектерді жан-жақты зерттеп, арнайы бастырмаларды шығару арқылы былғарыға бастық. Бәріңіз білесіз, ерте заманнан бері қазақ халқы үшін күмістің орны бөлек болған ғой. Сондықтан біз кітаптың сырты мен ішін күміспен күптеп көмкердік. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық тарихында бұндай басылым алғаш рет жарыққа шығып отыр», - дейді Д. Әбдәкімова.

Автор: Арман Асқаров

Бөлісу: