Шахин Аманкелді

28 Ақпан 2013, 04:42

Аманкелді Шахин 1954 жылы 16 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Айдархан ауылдық кеңесіне қарасты Фокеев ауылында (қазіргі Сарыкөл ауылдық окургінің Сарыкөл ауылы) дүниеге келген. 1979 жылы Орал педагогика институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген ол ұзақ жылдар журналистік қызметте болып, Жаңақала аудандық "Жаңарған өңір", облыстық "Орал өңірі" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерінде жасаған. 1998 жылдан Батыс Қазақстан облыстық сотында бас маман – баспасөз хатшысы. Бірнеше поэзиялық, прозалық, публицистикалық кітаптардың авторы. 1999 жылы "Мәңгі көктем" өлеңдер жинағы, 2002 жылы "Сол бір сүргін" кітабы,  2003 жылы "Езуіңді жи" атты деректі және көркем әзіл әңгімелер жинағы, 2005 жылы "Жайсаңдары-ай Жайықтың" атты өлеңдер, әзіл әңгімелер, әндер жинағы, 2009 жылы «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы» сериясымен «Жарқ еткен дәурен» атты шығармаларының таңдамалы жинағы, 2012 жылы «Тілім қышиды» атты әзіл әңгімелер жинағы жарық көрген. Құқықтық тақырыпта жазған мақалалары мен очерктері республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында үзбей жарық көріп келеді. 2002 жылы «Батыс Қазақстан облыстық соты: қалыптасу және даму кезеңдері» атты тарихи танымдық кітабы жарық көрді. 2011 жылғы 16 желтоқсаннан бері Батыс Қазақстан облыстық сотының құқықтық – танымдық «Ақ Жайық ақиқаты» газетін шығаруға басшылық жасап келеді. Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құқықтық тақырыпта жазатын журналистер арасында өткізген «Интеллектуал – Парасат» конкурсының жүлдегері. Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінде ұзақ жылдардан бері үздіксіз қызмет атқарып келе жатқан қаламгер А.Шахин еліміздің сот жүйесіне сіңірген еңбегі және соңғы жылдардағы шығармашылық табыстары үшін 28 маусым - Баспасөз, телевидение және радио күні қарсаңында Жоғарғы Соттың марапатына ұсынылды. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігі мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым – қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталған облыстық соттың баспасөз хатшысы А.Шахин Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Құрмет грамотасымен де марапаталған.

Аманкелді Шахин 1954 жылы 16 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Айдархан ауылдық кеңесіне қарасты Фокеев ауылында (қазіргі Сарыкөл ауылдық окургінің Сарыкөл ауылы) дүниеге келген.
1979 жылы Орал педагогика институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген ол ұзақ жылдар журналистік қызметте болып, Жаңақала аудандық "Жаңарған өңір", облыстық "Орал өңірі" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерінде жасаған.
1998 жылдан Батыс Қазақстан облыстық сотында бас маман – баспасөз хатшысы.
Бірнеше поэзиялық, прозалық, публицистикалық кітаптардың авторы. 1999 жылы "Мәңгі көктем" өлеңдер жинағы, 2002 жылы "Сол бір сүргін" кітабы,  2003 жылы "Езуіңді жи" атты деректі және көркем әзіл әңгімелер жинағы, 2005 жылы "Жайсаңдары-ай Жайықтың" атты өлеңдер, әзіл әңгімелер, әндер жинағы, 2009 жылы «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы» сериясымен «Жарқ еткен дәурен» атты шығармаларының таңдамалы жинағы, 2012 жылы «Тілім қышиды» атты әзіл әңгімелер жинағы жарық көрген.
Құқықтық тақырыпта жазған мақалалары мен очерктері республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында үзбей жарық көріп келеді. 2002 жылы «Батыс Қазақстан облыстық соты: қалыптасу және даму кезеңдері» атты тарихи танымдық кітабы жарық көрді.
2011 жылғы 16 желтоқсаннан бері Батыс Қазақстан облыстық сотының құқықтық – танымдық «Ақ Жайық ақиқаты» газетін шығаруға басшылық жасап келеді.
Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құқықтық тақырыпта жазатын журналистер арасында өткізген «Интеллектуал – Парасат» конкурсының жүлдегері.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінде ұзақ жылдардан бері үздіксіз қызмет атқарып келе жатқан қаламгер А.Шахин еліміздің сот жүйесіне сіңірген еңбегі және соңғы жылдардағы шығармашылық табыстары үшін 28 маусым - Баспасөз, телевидение және радио күні қарсаңында Жоғарғы Соттың марапатына ұсынылды.
Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны және сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігі мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым – қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталған облыстық соттың баспасөз хатшысы А.Шахин Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Құрмет грамотасымен де марапаталған.

Бөлісу: