Өмірбаяны

28 Ақпан 2013, 04:28

Ірі эпик ақын, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978 ж.), Қазақстанның Халық жазушысы (1985 ж.) Молдағалиев Жұбан 1920 жылдың 5 қазанында Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) Тайпақ ауданы Жыланды ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Орал ауылшаруашылық техникумын бітіріп, 1940-1947 жылдары әскер қатарында болып, әскери-саяси курстарда білім алды, Ұлы Отан соғысына қатысты. Соғыстан кейін 1948-52 жылдары «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жауапты қызметтер атқарды, 1958-63 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған. Бірнеше жыл Қазақстан Жазушылар Одағын басқарды. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және арихитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің, «Новый мир» журналының редколлегиясының және библиотека «Библиотека почта» басылымы редколлегиясының мүшесі болды.  Алғашқы өлеңдері 1939 жылы газет бетіне басылды. Алғашқы жыр жинағы «Жеңіс жырлары» деген атпен 1949 жылы шықты. Содан бергі уақытта 60-тан астам кітабы, әр кезеңде қазақ және орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бірнеше томдары жарық көрді. Жұбан Молдағалиев қаламынан туған «Мен – қазақпын», «Кісен ашқан», «Қыран дала», «Сел» поэмалары үшін ең жоғарғы Мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. 1970 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, содан кейін КСРО қорғаныс Министірлігі сыйлығының лауреаты атанды және А.Фадеев атындағы алтын медальды иеленді. 1986 жылы Жазушылар одағында Г.В.Колбинмен өткен кездесуде басын қатерге тіге отырып, жастар қозғалысын қолдады. Жұбан Молдағалиевтың өлеңдері мен поэмалары сан қырлы поэзия байлығына айналып, ауқымды оқырмандар қауымының  игілігіне  жарады. Ақын қазақ халқының тарихы туралы «Мен – қазақпын» атты толғауында халқының атынан мінбеге шығып сөйлей отырып, тарихи шындықты, халықтың эпикалық өмірін кестеледі. Сан түрлі тақырыптағы лирикалық шығармаларында туған жер, Отан, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, қазақ тілі, оның тағдыры, ана, әйел, махаббат, соғыс және бейбітшілік, замандастар бейнесін арқау етті. Ақынның көптеген шығармалары бірнеше шетел халықтары тілдеріне, атап айтқанда ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгр, араб, монгол тілдеріне аударылған. 2000 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен 31 тамыздан бастап Батыс Қазақстан ғылыми- әмбебап кітапханасына Жұбан Молдағалиев есімі берілді.

Ірі эпик ақын, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978 ж.), Қазақстанның Халық жазушысы (1985 ж.) Молдағалиев Жұбан 1920 жылдың 5 қазанында Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) Тайпақ ауданы Жыланды ауылында дүниеге келген.
1940 жылы Орал ауылшаруашылық техникумын бітіріп, 1940-1947 жылдары әскер қатарында болып, әскери-саяси курстарда білім алды, Ұлы Отан соғысына қатысты.
Соғыстан кейін 1948-52 жылдары «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жауапты қызметтер атқарды, 1958-63 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған.
Бірнеше жыл Қазақстан Жазушылар Одағын басқарды. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және арихитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің, «Новый мир» журналының редколлегиясының және библиотека «Библиотека почта» басылымы редколлегиясының мүшесі болды. 
Алғашқы өлеңдері 1939 жылы газет бетіне басылды. Алғашқы жыр жинағы «Жеңіс жырлары» деген атпен 1949 жылы шықты. Содан бергі уақытта 60-тан астам кітабы, әр кезеңде қазақ және орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бірнеше томдары жарық көрді.
Жұбан Молдағалиев қаламынан туған «Мен – қазақпын», «Кісен ашқан», «Қыран дала», «Сел» поэмалары үшін ең жоғарғы Мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды.
1970 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, содан кейін КСРО қорғаныс Министірлігі сыйлығының лауреаты атанды және А.Фадеев атындағы алтын медальды иеленді.
1986 жылы Жазушылар одағында Г.В.Колбинмен өткен кездесуде басын қатерге тіге отырып, жастар қозғалысын қолдады.
Жұбан Молдағалиевтың өлеңдері мен поэмалары сан қырлы поэзия байлығына айналып, ауқымды оқырмандар қауымының  игілігіне  жарады. Ақын қазақ халқының тарихы туралы «Мен – қазақпын» атты толғауында халқының атынан мінбеге шығып сөйлей отырып, тарихи шындықты, халықтың эпикалық өмірін кестеледі. Сан түрлі тақырыптағы лирикалық шығармаларында туған жер, Отан, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, қазақ тілі, оның тағдыры, ана, әйел, махаббат, соғыс және бейбітшілік, замандастар бейнесін арқау етті.
Ақынның көптеген шығармалары бірнеше шетел халықтары тілдеріне, атап айтқанда ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгр, араб, монгол тілдеріне аударылған.
2000 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен 31 тамыздан бастап Батыс Қазақстан ғылыми- әмбебап кітапханасына Жұбан Молдағалиев есімі берілді.

Бөлісу: