Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бақтыгереева Ақұштап 1944 жылы 28 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Еңбек ауданында дүниеге келген.
1961 жылы Орал қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №11 орта мектепті бітірген.
1961-1966 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, жоғары білім алған.
А.Бақтыгереева еңбек жолын «Орал өңірі» облыстық газетінде бастаған.
1966-1971 жылдары Талдықорған облыстық «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен. 1971-1972 жылдар аралығында «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып еңбек еткен.
1972-1975 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, 1975-1981 жылдар аралығында «Жазушы» баспасының аударма редакциясында редактор болған.
Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Өрімтал» деген атпен 1967 жылы жарық көрді. Кейіннен «Наз» (1969 жыл), «Қанышым – іңкәрім» (1971 жыл), «Сені ойлаймын» (1973 жыл), «Ақ қанат» (1975 жыл), «Бақыт әні» (1978 жыл), «Жайық қызы» (1980 жыл), «Белокрылая» (1981 жыл), «Ақжелең» (1985 жыл), «Сүмбіле» (1990 жыл) атты кітаптары басылып шықты.
2001 жылы «Ақ шағала» атты таңдамалы жыр жинағы, 2004 жылы «Лебединая верность» атты жинағы жарық көрген.
Ақын ретінде А.Бақтыгерееваның азаматтық үні «Трибун-ақын», «Ақ Жайықтың көз жасы», «Елдің елдігі – бірлігі», «Оралдағы ойран» сияқты өлеңдерінде айқын көрінді. Туған елге деген сүйіспеншілік, ана тілі тағдыры, т.б. мәселелер ақын поэзиясының арқауы.
Ақын Ақұштап Бақтыгереева Батыс Қазақстан облысының Ақжайық өңірінде туып өскен. А.Бақтыгерееваның шығармалары поэтикалық қуатымен, тілінің шырайлылығымен қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып келді. Ақұштап - «ақ жібек» ұғымын беретін өте сирек кездесетін есім, ерте кездері әппақ әрі берік жібек матаны «ұштап» деп атаған екен. Сондық да болар ақын өлеңдері атына сай өршіл рухта жібектей төгіліп тұр. Ақын лирикасынан туған ел мен жерге деген шексіз махаббат, тазалық пен пәктікті байқайсыз.
А.Бақтыгереева – көптеген ән мәтіндерінің авторы. Оның өлеңдеріне Ө.Бәйділдаев, Ш.Қалдаяқов, Т.Бақтыгереев, Б.Оралұлы, С.Жолбарыс т.б. композиторлар ән жазған.
Ақын С.Капутикянның, В.Тушнованың, А.Ахматованың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
А.Бақтыгереева 1969 жылдан бері Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
2007 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы Батыс Қазақстан облысы филиалының төрайымы, «Қаламгер» әдеби бірлестігінің жетекшісі болып тағайындалды.
2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
2008 жылы «Астанаға – 10 жыл» медалімен марапатталды және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды.