ҚР Ұлттық ғылыми порталы латын қарпіне көшудің үш түрлі кезеңін ұсынып отыр. Қаріп ауыстыру реформасын сәтті жүзеге асыру үшін мемлекетке экономикалық ауыртпалық түсірмеу үшін, үш түрлі кезең бойынша жұмыс жасау керектігін айтады.
Бұл қаріп ауыстырған елдердің бәрінде бар тәжірибе. Мемлекеттік іс-қағаздар, жарнама, басылымдар мен маңдайшадағы жазулар, кітаптар мен құжаттардың қарпін өзгерту оңай шаруа емес. Сондықтан, расында да бұл реформаны кезең-кезеңімен, сәтімен жүзеге асыруымыз тиіс. ҚР Ұлттық ғылыми порталының ұсынып отырған үш кезеңнің бірінші – дайындық кезеңі, екіншісі – өту кезеңі, үшіншісі – нығайту кезеңі;
Дайындық кезеңінде бағытымызды айқындап, латын қарпінің үлгісін жасап, латын қарпіне көшу туралы тұжырымдаманы бекітіп, мемлекеттік бағдарлама қабылдауымыз қажет.
Өту кезеңінде қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен оқушыларды дайындауға, заң шығару, мемлекеттік және атқару органдардағы қызметкерлерді дайындауға, нормативтік құжаттарды қайта басып шығаруға, жаңа қаріпке байланысты технологиялар мен құрылғыларға, латын қарпіне байланысты оқулық, сөздік секілді кітаби өнімдерге қаржы бөлуді жүзеге асыру қажет.
Ал, үшінші кезеңде ұлттық валютамызды латынша таңбаланған төл теңгемізбен айырбастап, жеке куәліктерімізді, құжаттарды ауыстыра бастауымыз қажет.
Егер, латын қарпіне көшкен елдердің тәжірибесіне сүйенер болсақ, олар екі кезеңді артқа тастап, қазіргі уақытта үшінші кезеңде жұмыс жасап жатыр. Кітаптардың барлығы латын қарпіне ауыстырылып біткен жоқ.
Ж.Смайлов
BAQ.kz