114 жастағы жапон әйеліне Гиннес куәлігі тапсырылды (видео)

27 Ақпан 2013, 11:55

114 жастағы жапон әйелі Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең кәрі әйел болып енді. Осака префектурасындағы қарттар үйіндегі Мисао Окаваға Гиннес куәлігі тапсырылды. 1898 жылы 5 наурызда дүниеге келген қарт әйел жақында 115 жасқа толады. Қарт ананың үш баласы, төрт немересі және алты шөбересі бар. Балаларының алды 90-ға келген. Қарттар үйінің жетекшісі қарияның тағамға еш шектеу қоймай, қалағанының барлығын жейтіндігін айтты. Жапония әлем бойынша көп жасайтын адам жағынан алдыңғы қатарда тұр. Елдің Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінң мәліметіне сүйенсек, елде 51 мыңнан астам ұзақ өмір сүруші бар. Олардың 87%-ы әйел.

114 жастағы жапон әйелі Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең кәрі әйел болып енді.

Осака префектурасындағы қарттар үйіндегі Мисао Окаваға Гиннес куәлігі тапсырылды. 1898 жылы 5 наурызда дүниеге келген қарт әйел жақында 115 жасқа толады. Қарт ананың үш баласы, төрт немересі және алты шөбересі бар. Балаларының алды 90-ға келген. Қарттар үйінің жетекшісі қарияның тағамға еш шектеу қоймай, қалағанының барлығын жейтіндігін айтты. Жапония әлем бойынша көп жасайтын адам жағынан алдыңғы қатарда тұр. Елдің Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінң мәліметіне сүйенсек, елде 51 мыңнан астам ұзақ өмір сүруші бар. Олардың 87%-ы әйел.

Бөлісу: