27 Ақпан 2013, 11:53
Шымкент қаласында қыздар арасындағы бокстан Қазақстан чемпионаты өтуде.
Осымен тоғызыншы рет өткізіліп отырған жарысқа еліміздің барлық аймағынан 300-ге жуық спортшы қатысуда. Олардың қатарында Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Мария Вольнова мен Азия чемпионы Саида Хасенова да бар. Дода жасөспірімдер, жастар және ересектер санаты бойынша өткізілуде. Шешуші финалық кездесу наурыздың 3-іне жоспарланған. Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы бокстан Ұлттық құрама жасақталады.
Авторлар: Аслан Қаженов, Тимур Бошаев, 24 KZ