Бөкеева Хадиша (1917 - 2011)

27 Ақпан 2013, 09:32

Актриса, Қазақстанның Халық әртісі (1957 ж.), КСРО Халық әртісі (1964 ж.), профессор (1974 ж.) Бөкеева Хадиша 1917 жылғы 21 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Казталовка селосында дүниеге келді. Әке-шешесінен ерте айрылып, интернатта тәрбиеленді. Алғашқы сахналық қадамын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. 1932-34 жылдары Алматы медициналық институтының даярлық курсында оқып жүріп, Қазақ радиокомитетінде әнші болды. 1938 жылы Ленинградтың мемлекеттік сахна өнері техникумының (қазіргі Санкт-Петербургтың Театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірді. Мұнда ол атақты актерлер мен режиссерлар В.Мейерхольд, Л.Вивьен, В.Меркурьевтен тәлім-тәрбие алды. Кәсіби шығармашылық қызметі 1938 жылы Шымкент облыстық қазақ драма театрынан басталды. 1942 жылы Алматыдағы Қазақтың мем­лекеттік академиялық драма театрына ауысып, өмірінің соңына дейін үздік­сіз қызмет етті. Х.Бөкеева – қазақ сахнасында У.Шекспирдің «Укрощение строптивого» атты спектаклінде Катарина ролін ойнаған тұңғыш актриса. Талантты актриса драмалық, трагедиялық және комедиялық рөлдерді бірдей шеберлікпен ойнады. Ол ойнаған У.Шекспирдің «Асауға тұсауында», «Ричард ІІІ-де», «Отеллода» – Катарина, Королева Маргарита, Эмилия, М.Әуезовтің «Қара қып­шақ Қобыландысында» – Қарлыға, «Абайда» – Бас­таушы, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқ­тысында» – Ақтоқты, Ә.Әбішевтің «Достық пен махаббатында» – Сәуле, А.Островскийдің «Найза­ғайында» – Катерина, Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» – Айша апай, Т.Ахтановтың «Сәулесінде» – Сәуле және басқа да көптеген рөлдері орындаушылық өнердің классикалық үлгісіне енді. Әлемдік драматургия классиктері Лопе де Вега, Шиллер, Мольер, Метерлинк шығармаларындағы кейіпкерлерді сомда­ған образдары сол кейіпкердің ішкі сезімін терең ашып көрсетуімен және шынайы бейнелеуімен ерекшеленеді. Ол көркемсөз оқудың да хас шебері болды. Х.Бөкеева 1940 жылдан бастап киноға түсе бастады. Ұлттық кино өнерінде «Райхан» (1940 ж.), «Асау Ертіс жағасында» (1959 ж.), «Тұлпар­дың ізі» (1964 ж.) фильмдеріндегі рөлдерін ерекше атап өткен жөн. 1958 жылы Москва қаласында  өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне қатысты. Хадиша Бөкеева сахнамен қатар педагогикалық қызметті белсенді ұштастыра білді. 1965 жылдан бастап ұстаздық қызмет атқарды: 1965-1978 жылдары Алматы өнер институтының театр факультетінде, 1978 жылдары театр-көркемсурет институтында дәріс берді. Бірнеше буын қазақстандық әртістерді тәрбиелеп шығарды. Белгілі актрисаның қазақ өнеріне сіңірген еңбегі ескеріліп, ол «Отан», Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды. 1952 жылы «Абай» пьесасын­дағы рөлі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Актриса, Қазақстанның Халық әртісі (1957 ж.), КСРО Халық әртісі (1964 ж.), профессор (1974 ж.) Бөкеева Хадиша 1917 жылғы 21 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Казталовка селосында дүниеге келді. Әке-шешесінен ерте айрылып, интернатта тәрбиеленді.
Алғашқы сахналық қадамын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады.
1932-34 жылдары Алматы медициналық институтының даярлық курсында оқып жүріп, Қазақ радиокомитетінде әнші болды.
1938 жылы Ленинградтың мемлекеттік сахна өнері техникумының (қазіргі Санкт-Петербургтың Театр, музыка және кинематография институты) қазақ студиясын бітірді. Мұнда ол атақты актерлер мен режиссерлар В.Мейерхольд, Л.Вивьен, В.Меркурьевтен тәлім-тәрбие алды.
Кәсіби шығармашылық қызметі 1938 жылы Шымкент облыстық қазақ драма театрынан басталды. 1942 жылы Алматыдағы Қазақтың мем­лекеттік академиялық драма театрына ауысып, өмірінің соңына дейін үздік­сіз қызмет етті.
Х.Бөкеева – қазақ сахнасында У.Шекспирдің «Укрощение строптивого» атты спектаклінде Катарина ролін ойнаған тұңғыш актриса. Талантты актриса драмалық, трагедиялық және комедиялық рөлдерді бірдей шеберлікпен ойнады. Ол ойнаған У.Шекспирдің «Асауға тұсауында», «Ричард ІІІ-де», «Отеллода» – Катарина, Королева Маргарита, Эмилия, М.Әуезовтің «Қара қып­шақ Қобыландысында» – Қарлыға, «Абайда» – Бас­таушы, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқ­тысында» – Ақтоқты, Ә.Әбішевтің «Достық пен махаббатында» – Сәуле, А.Островскийдің «Найза­ғайында» – Катерина, Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» – Айша апай, Т.Ахтановтың «Сәулесінде» – Сәуле және басқа да көптеген рөлдері орындаушылық өнердің классикалық үлгісіне енді. Әлемдік драматургия классиктері Лопе де Вега, Шиллер, Мольер, Метерлинк шығармаларындағы кейіпкерлерді сомда­ған образдары сол кейіпкердің ішкі сезімін терең ашып көрсетуімен және шынайы бейнелеуімен ерекшеленеді. Ол көркемсөз оқудың да хас шебері болды.
Х.Бөкеева 1940 жылдан бастап киноға түсе бастады. Ұлттық кино өнерінде «Райхан» (1940 ж.), «Асау Ертіс жағасында» (1959 ж.), «Тұлпар­дың ізі» (1964 ж.) фильмдеріндегі рөлдерін ерекше атап өткен жөн.
1958 жылы Москва қаласында  өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне қатысты.
Хадиша Бөкеева сахнамен қатар педагогикалық қызметті белсенді ұштастыра білді. 1965 жылдан бастап ұстаздық қызмет атқарды: 1965-1978 жылдары Алматы өнер институтының театр факультетінде, 1978 жылдары театр-көркемсурет институтында дәріс берді. Бірнеше буын қазақстандық әртістерді тәрбиелеп шығарды.
Белгілі актрисаның қазақ өнеріне сіңірген еңбегі ескеріліп, ол «Отан», Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.
1952 жылы «Абай» пьесасын­дағы рөлі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Бөлісу: