Астананың жас спортшылар командасы каратэ-до кекушинкайдан республикалық ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитетінің кубогын жеңіп алды. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жарыс қалалық Мектеп оқушылары сарайында өтті. Онда Қазақстан мен Ресей Федерациясынан барлығы 420 спортшысы қатысты. Қазақстан жағынан Астана, Ақтау, Тараз, Теміртау және Оңтүстік Қазақстан командалары, ал, Ресей жағынан Түмен, Новосибирск, Челябі, Ноябрьск қаласының командалары бақ сынасты.
Бас жүлде үшін 6-7 және 14-15 жастағы жасөспірім қыздар мен жігіттер командасы тартысқа түсті.
«Қарсыластар арасында бәсеке өте тартысты басталды. Нәтижесінде, командалық есепте 1-ші орынды Астана командасы – Республикалық карате орталығының тәрбиеленушілері, 2-ші орынды Ресей Федерациясының құрама командасы, 3-ші орынды Батыс Қазақстан облысының командасы иеленді. Жеңімпаздарға грамоталар мен кубоктар тапсырылды», - делінген хабарламада.
«Аталған іс-шараның өткізілу мақсаты: спорттың олимпиадалық түрін кеңінен насихаттау, балалар қаңғыбастығы мен жасөспірімдер қылмысының алдын алу, есірткі мен алкоголизмнің жолын кесу және жастарды дене тәрбиесі мен спортқа тарту», - деп хабарлайды ведомстводан.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz