Атақты түркітанушы ғалым Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті 2002 жылдың қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың (2000-2004жж) бастамасымен ашылған болатын. Ғалымның мұражай экспозициясын құруға оның шығармашылығының зерттеушілер – Э. Ділмұхамедов, М. Новгородов, М. Козырев, В. Биличенко, Е. Масловтың сынды белді азаматтар, жұбайы Наталья Викторовна Гумилева (Симановская) атсалысты. Бүгінде мұражай-кабинет Данияр Қаусыловтың жетекшілігімен жұмыс істеп тұр.
2004 жылы Н. Гумилева ғалымның Мәскеудегі жұмыс кабинетiн университетімізге мұра етіп қалдырған болатын. Онда жұмыс үстелі, баспа машинкасы, кресло, кiтап шкафы, кiтаптары, фотосурет және (мүсінше, құмыра, сиясауыт) әр түрлi мемориал заттары бар.
Л.Н. Гумилевтiң мұражай экспозициясын кеңейту және Мәскеудегі кабинетiн тасымалдау туралы шешімді 2005 жылы университет ректоры, профессор С.Әбдiманапов қабылдапты (2004-2008 жж.). Сол жылы қазан айында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғалымның немере жиені, профессор Маргарита Новгородованың қатысуымен мұражай-кабинеттің жаңа экспозициясының тұсаукесері өтті. 2012 жылы Лев Гумилевтің 100 жылдығы қарсаңында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың қолдауымен Е. Асылхановтың әзірленген және бекітілген дизайны бойынша мұражай-кабинет қайтадан қалпына келтірілді.
Бүгінде атақты түркітанушы ғалымның мұражайы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мұражайдың түпкi мақсаты – көрермендерді кино, фото, тарих және география ғылымдарының докторы, Еуразия ғылыми бағытының атақты өкілі, көрнекті тарихшы-этнолог Лев Гумилевтің өмірі және қызметімен таныстыру,еуразияшылдық идеясын кеңінен насихаттау және тарату,белсендi азаматтық позиция тұрғысынан тәрбиелей отырып, студенттердің мәдени, адамгершiлiк-эстетикалық, отаншылдық рухын дамыту, университет абыройын асқақтату. Мұражайдың негiзгі міндеті – ғалымның экспонаттарын зерттеуді (фотосурет, жеке заттары, құжаттар, хаттар) және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; мұражай қорларының алғашқы және екiншi есепке алу жүйесiн ретту; материалды жинақтау мен зерттеу негізінде экспозициялар және уақытша көрмелер құру; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,аспиранттармен, оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу.
BAQ.kz