27 Ақпан 2013, 05:34
Қазақстанды өскери казактар мен қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау (18 және 19 ғасырдың басы) Акмола мен Ақмола обл. халық санының өзгеруіне ықпал етті. Алғашында ол казактардың көшіп келуі болса, кейіннен 19 ғасырда ол шаруалардың қоныстануымен толықты. Сонымен бірге татар, неміс, ұйғыр, дүнген және поляк диаспоралары пайда болды. Кейіннен Столыпиннің аграрлық реформасы шығыс славян және неміс шаруаларының өңірге көптеп көшіп келуіне себеп болды. Кеңестік кезеңде Ақмола және облыс орталығында көші-қонның бірнеше толқыны өтті. Алғашқы көші-қон 1920-1930 жылдарды қамтиды. Бұл репрессияға ұшыраған халықты жер аудару (адамдардың этникалык белгісі бойынша күштеп көшіру) және республиканың өндіріс орындарына Ресейдің Шығыс Еуропалық тұрғындарын таңдап көшіру еді. Көші-қонның ағымы келесі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында болды. Бұл кезде арнайы көші-қон ұйымдастырылды. Республика аумағына 3-ші рет көші-қон тың және тыңайған жерлерді игеру, сондай-ақ Қазақстанның өндірістік құрылыс бағдарламасы нәтижесінде жүзеге асырылды. Одан әрі жағдай өзгеріп 1990 жылдардың бірінші жартысында Қазақстаннан тысқары жерлерге қоныс аудару аңғарыла бастады.
Кеңестік модернизациялау нәтижесінде дәстүрлі өндіріс пен өмір сүру салтынан қазіргі заманғы өндіріске және өмір сүру салтына көшкеннен кейін 1970 жылдан бастап өңірде балалардың дүниеге келуі, яғни табиғи өсім төмендеп кетті. Сонымен бірге адамдардың орта жас мөлшері де өзгеріске ұшырады. Халықтың қартаю жасы артты.
Тәуелсіз Қазақстанның астанасы тұрғында-рының саны 2008 жылдың 1 қаңтарында 602 408 адам болды. Ал Қазақстан Республикасы халық саны 15 565 647 адамды құрады. Оның ішінде, үстіміздегі жылы Қазақстандағы қала тұрғындарының саны 8230,3 мың адам (52,9%), ауылдағылар 7335,3 (47,1%) болды. Бұл 2007 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ҚР тұрғындарының 1,1%-ға өскендігін көрсетеді. Он жыл бұрын 1999 жылы Астана халқының саны 318 мың адам еді. Сондықтан да қарапайым обл. орталығы адам саны жөнінен Қазақстандағы екінші қала болуы үшін біршама уақытты қажет етті. Классикалық демографияның канондарына сәйкес қандай бір елде болмасын оның халық санының өсуі немесе азаюы, көші-қон, сәбидің дүниеге келу немесе шетінеу тенденциялары әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйе факторларымен анықталады. Қазіргі демография бағытына зер салғанда қоғамның жаһандық демографиясы қоғамның масштабына және трансформациясына, экономикасы мен саясатының өзгеруіне елеулі әсер етеді. Сондықтан да бір мемлекеттің, қаланың немесе еңірдің тұрғындарының жалпы саны, олардың сапалы құрамы немесе адам капиталы оның жағдайы мен дамуын сипаттау көрсеткіші болып табылады. 19 ғасырдың аяғында Жер шары тұрғындарының 5%-ы ғана қалада тұрды. Миллионер қалалар қатарына тек қана Лондон жатты. Ал 20 ғасырдың аяғында Жер шары халқының тең жарымынан астамы қалада тұратын болды. Экономикалық жағынан дамыған еңірлерде (Солтүстік Америка, Еуропа, Австралия) халықтың 70%-дан астамы қала тұрғындары болып есептеледі. Бұл өңірлердегі қала тұрғындарының ең кеп өсуі 19 ғасыр мен 20 ғасыр аралығы. Алайда соңғы онжылдықта бұл елдерде кері урбанизация үрдісі жүруде. Ірі қала тұрғындары қала шетіне кошуде. Керісінше, дамушы елдерде қалаға кошу үрдісі өсе түсуде. 2007 жылғы дерек бойынша, 430 миллионер қаланың 174-і дамушы елдер үлесінде екен. Әлемдегі қазіргі заманғы соны құбылыстардың бірі Жер шары халқының бір кезде ешкім қызықпайтын қалаларға ағылуы. Бұл күнде қалалар көші-қонның орталығына айналды.
Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы