Жалпы жерге қоныстану

27 Ақпан 2013, 05:32

Аймақтағы жаңа жерге қоныстану ерекшелігіне патшалық Ресейдің 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы отарлау саясаты әсер етті. Нәтижесінде казақтардың көбісі жер игеру кәсібімен айналысуға көше бастады. 1910 жылы Ақмола уезінде 268 казак ауылы, 129 шаруалар ауылы және 1 казак станицасы болды. Отырықшы халық саны – 110,6 мың, көшпенділер 201,2 мың болды. Осыған байланысты қазақтардың отырықшылыққа көшуі және сыртқы миграцияның өсуінен аймақта жаңа ауылдар пайда бола бастады. 1917 жылғы Қазан төңкерісі Ақмола тарихына үлкен өзгерістер енгізді. Ұжымдастыру үрдісі, казақтарды отырықшылыққа көшіру саясаты, колхоздар мен совхоздар құру науқаны басталды. 1921 жылы 132 коммуна, 779 артель, 28 ТОЗ болды. Соғыс қарсаңында 1921-1922 жылдардағы аштық, «кулактарды жер аудару» мен «сенімсіздерді» депортациялау Ақмола тұрғындарының саны мен этникалық құрамын қатты өзгертті. Ақмола депортациялау орталығына айналып, арнайы қоныстануға жіберілген халықтың екінші үйіне айналды. Ақмола қалалық партия комитеті мен депутаттар кеңесінің атқарушы комитеті арнайы жер аударылғандардвы жұмысқа орналастыру, шаруашылық-тұрмыстық қоныстандыру мәселелерін шешті, әскерге шақыруды жүйелеп, мал бөліп, Солтүстік Кавказдан жер аударылғандарға жәрдемақы берді, оларға арнап білім беру және мәдениет мекемелерін ашты. 1938 жылы Ақмола облыс орталығы болып белгіленді. Бұл тегіннен тегін емес болатын: Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында ол индустриясы дамыған үлкен қалаға айналған еді. Қалада 6 мекеме жұмыс істеді. Оның үшеуі республикалық деңгейде болса, қалған үшеуі жергілікті және кооперативті өндірістер болды. Онда жұмыс істейтін адамдар саны 801-ге дейін жетті. Қала тұрғындары – 32,5 мвщ адамға, жалпы облыс бойынша 322,8 мың адамға жетті. Қалалық мұрағатта Ақмола қалалық атқару комитетінің қала аумағына әскери құрылымдарды енгізу және орналастыру туралы шешімінің, адам ресурстарының жалпы көлемі туралы ақпарларының, Қызыл Армияға ат беру туралы нарядтарының түпнұсқалары сақталған. Қаланың барлық ересек тұрғындары әуе және химиялық шабуылдардан қорғанудың (ӘХШҚ) әдіс-тәсілдерін үйреніп, 16 мен 50-дің арасындағы ер адамдар әскери дайындықтардан өтті. Статистикаға сәйкес 10 мың адам ӘХШҚ үйреніп, 9172 адам әскери дайындықтан өткен. Жергілікті әуе шабуылынан қорғану (ЖӘШҚ) штабы құрылып, өзін-өзі қорғау топтары дайындалды, ОСО АВИАХИМ мен Қызыл Крест белсенді жұмыс істеді. №310, 387, 29 атқыштар және №106 кавалерия дивизиялары жасақталды. Майданға кеткен 9783 ақмолалықтардың 7414-і қайтып оралмаған еді. 37 ақмолалық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағымен, жетеуі Данк орденінің үш дәрежесімен марапатталды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Аймақтағы жаңа жерге қоныстану ерекшелігіне патшалық Ресейдің 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы отарлау саясаты әсер етті. Нәтижесінде казақтардың көбісі жер игеру кәсібімен айналысуға көше бастады. 1910 жылы Ақмола уезінде 268 казак ауылы, 129 шаруалар ауылы және 1 казак станицасы болды. Отырықшы халық саны – 110,6 мың, көшпенділер 201,2 мың болды. Осыған байланысты қазақтардың отырықшылыққа көшуі және сыртқы миграцияның өсуінен аймақта жаңа ауылдар пайда бола бастады.

1917 жылғы Қазан төңкерісі Ақмола тарихына үлкен өзгерістер енгізді. Ұжымдастыру үрдісі, казақтарды отырықшылыққа көшіру саясаты, колхоздар мен совхоздар құру науқаны басталды. 1921 жылы 132 коммуна, 779 артель, 28 ТОЗ болды. Соғыс қарсаңында 1921-1922 жылдардағы аштық, «кулактарды жер аудару» мен «сенімсіздерді» депортациялау Ақмола тұрғындарының саны мен этникалық құрамын қатты өзгертті. Ақмола депортациялау орталығына айналып, арнайы қоныстануға жіберілген халықтың екінші үйіне айналды. Ақмола қалалық партия комитеті мен депутаттар кеңесінің атқарушы комитеті арнайы жер аударылғандардвы жұмысқа орналастыру, шаруашылық-тұрмыстық қоныстандыру мәселелерін шешті, әскерге шақыруды жүйелеп, мал бөліп, Солтүстік Кавказдан жер аударылғандарға жәрдемақы берді, оларға арнап білім беру және мәдениет мекемелерін ашты.

1938 жылы Ақмола облыс орталығы болып белгіленді. Бұл тегіннен тегін емес болатын: Екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында ол индустриясы дамыған үлкен қалаға айналған еді. Қалада 6 мекеме жұмыс істеді. Оның үшеуі республикалық деңгейде болса, қалған үшеуі жергілікті және кооперативті өндірістер болды. Онда жұмыс істейтін адамдар саны 801-ге дейін жетті. Қала тұрғындары – 32,5 мвщ адамға, жалпы облыс бойынша 322,8 мың адамға жетті.

Қалалық мұрағатта Ақмола қалалық атқару комитетінің қала аумағына әскери құрылымдарды енгізу және орналастыру туралы шешімінің, адам ресурстарының жалпы көлемі туралы ақпарларының, Қызыл Армияға ат беру туралы нарядтарының түпнұсқалары сақталған. Қаланың барлық ересек тұрғындары әуе және химиялық шабуылдардан қорғанудың (ӘХШҚ) әдіс-тәсілдерін үйреніп, 16 мен 50-дің арасындағы ер адамдар әскери дайындықтардан өтті. Статистикаға сәйкес 10 мың адам ӘХШҚ үйреніп, 9172 адам әскери дайындықтан өткен. Жергілікті әуе шабуылынан қорғану (ЖӘШҚ) штабы құрылып, өзін-өзі қорғау топтары дайындалды, ОСО АВИАХИМ мен Қызыл Крест белсенді жұмыс істеді. №310, 387, 29 атқыштар және №106 кавалерия дивизиялары жасақталды. Майданға кеткен 9783 ақмолалықтардың 7414-і қайтып оралмаған еді. 37 ақмолалық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағымен, жетеуі Данк орденінің үш дәрежесімен марапатталды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: