Жаңашылдыққа толы көрме ашылды (видео)

27 Ақпан 2013, 03:59

Ақтөбеде «Жаңа есімдер» деген атаумен көрме ашылды. Оған тек жастардың  еңбектері қойылды. Жас суретшілердің бұл туындылары жұрт назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Натюрморт, пейзаж, графика, кескіндеме жанрындағы шығармалар жаңашыл идеяларға толы. Сабина Наурызбаева, Ирина Придаткина және Давид Дерезовский сынды суретшілердің өзіне тән қолтаңбалары бар. Ұйымдастырушылар белгілі бір кәсіби деңгейге ұмтылған жастардың болашағынан үміт зор екендігін алға тартты. Көрменің мақсаты – жас таланттарға қолдау көрсетіп, өңірде кенжелеп қалған сурет өнеріне жаңаша серпіліс беру. Нұрбек ЖАМАЛОВ, Облыстық көркем сурет музейінің суретші-өңдеушісі: - Жас суретшілердің еңбектерін бағалап, халықаралық дәрежеге дейін көтеру керек. Керемет суреттердің бәрі студенттер қолынан жасалған туындылар. Осы өнер мұражайына қойып отырмыз. Әртүрлі жанрларда салынған еңбектеріне өте жоғары баға қоюға әбден мүмкін. Давид ДЕРЕЗОВСКИЙ, жас суретші: - Алғашында экслибрис өте қарапайым сияқты көрінеді. Ақ, қара түстер. Ең бастысы – осы кішкентай графикаға барлық мағынаны, мақсатты сыйдыруға болады. Менің ойымша, осы кішкентай дүниеге үлкен мазмұнды бейнелей білу өте қызықты.  

Ақтөбеде «Жаңа есімдер» деген атаумен көрме ашылды. Оған тек жастардың  еңбектері қойылды.

Жас суретшілердің бұл туындылары жұрт назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Натюрморт, пейзаж, графика, кескіндеме жанрындағы шығармалар жаңашыл идеяларға толы.

Сабина Наурызбаева, Ирина Придаткина және Давид Дерезовский сынды суретшілердің өзіне тән қолтаңбалары бар. Ұйымдастырушылар белгілі бір кәсіби деңгейге ұмтылған жастардың болашағынан үміт зор екендігін алға тартты. Көрменің мақсаты – жас таланттарға қолдау көрсетіп, өңірде кенжелеп қалған сурет өнеріне жаңаша серпіліс беру.

Нұрбек ЖАМАЛОВ, Облыстық көркем сурет музейінің суретші-өңдеушісі:

- Жас суретшілердің еңбектерін бағалап, халықаралық дәрежеге дейін көтеру керек. Керемет суреттердің бәрі студенттер қолынан жасалған туындылар. Осы өнер мұражайына қойып отырмыз. Әртүрлі жанрларда салынған еңбектеріне өте жоғары баға қоюға әбден мүмкін.

Давид ДЕРЕЗОВСКИЙ, жас суретші:

- Алғашында экслибрис өте қарапайым сияқты көрінеді. Ақ, қара түстер. Ең бастысы – осы кішкентай графикаға барлық мағынаны, мақсатты сыйдыруға болады. Менің ойымша, осы кішкентай дүниеге үлкен мазмұнды бейнелей білу өте қызықты.

 

Бөлісу: