Оқушылардың «Жарқын болашақ» V республикалық «KATEV» қазақ тілінен олимпиада

26 Ақпан 2013, 12:30

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығының және қазақ-түрік лицейінің  ұйымдастыруымен 2013 жылдың 22 ақпанында қазақ тілінен өткен «Жарқын болашақ» олимпиадасына Күршім ауданынан үздік 10 оқушы қатысып, 6-уы жеңімпаз атанды. «Сөз шеберлері» конкурсының І орын иегері Қалжыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы Оралбекова Ақеркенің 4-5 сәуір күндері Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алуы мектеп, аудан, облыс үшін үлкен мәртебе болды. Ақеркенің үлкен сайыстан да жүлдемен оралатынына сенеміз. Күршім №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Юдина Анастасия, 11 сынып оқушысы Семенова Виктория, Қалжыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тоқтарғалиева Сындар, №1 Теректі орта мектебінің 7 сынып оқушысы Синицина Аня, Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның 9 сынып оқушысы Бақтиярова Жансая  ІІ орынды иеленіп,  дипломмен марапатталды. Білімдерімен оза шауып, жүлдегер атанған оқушыларымызды мақтан етіп, болашақтарынан үлкен үміт күтеміз.    Күршім ауданы әкімінің ресми сайты http://kurchum.vko.gov.kz

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығының және қазақ-түрік лицейінің  ұйымдастыруымен 2013 жылдың 22 ақпанында қазақ тілінен өткен «Жарқын болашақ» олимпиадасына Күршім ауданынан үздік 10 оқушы қатысып, 6-уы жеңімпаз атанды.
«Сөз шеберлері» конкурсының І орын иегері Қалжыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы Оралбекова Ақеркенің 4-5 сәуір күндері Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алуы мектеп, аудан, облыс үшін үлкен мәртебе болды. Ақеркенің үлкен сайыстан да жүлдемен оралатынына сенеміз.
Күршім №1 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Юдина Анастасия, 11 сынып оқушысы Семенова Виктория, Қалжыр орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тоқтарғалиева Сындар, №1 Теректі орта мектебінің 7 сынып оқушысы Синицина Аня, Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның 9 сынып оқушысы Бақтиярова Жансая  ІІ орынды иеленіп,  дипломмен марапатталды.
Білімдерімен оза шауып, жүлдегер атанған оқушыларымызды мақтан етіп, болашақтарынан үлкен үміт күтеміз.

  

Күршім ауданы әкімінің ресми сайты

http://kurchum.vko.gov.kz

Бөлісу: