Ақпанның 27-сі күні еліміздің бес облысында Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық пәндік олимпиада өтеді. Білім сайысына тек қана қыз балалар қатысады.
«Қыздар университеті» медиаорталығы қызметкерлерінің хабарлауынша, олимпиаданы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырып отыр. Университет ректоры Динар Нөкетаеваның айтуынша, оның мақсаты – мектептердің бітіргелі отырғандар арасынан ерекше қабілетті жастарды анықтау. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша өткізіледі. Сайыстың ең жоғарғы көрсеткіші – 100 балл. «Ы.Алтынсарин – 2013» аталатын олимпиададан жоғары нәтижеге қол жеткізген қыз балаларға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне түсуге жол ашылады. Олимпиаданың әр пәнінен алғашқы үш орынды иеленген оқушы таңдаған мамандығына сай келген және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда университет ректорының шәкіртақысыз грантына ие болады. Жүлделі орын алмағанымен, олимпиаданың жоғары деңгейлерінен өткендерге жоғары оқу орнына бірінші кезекте қабылдануға құқық беретін сертификаттар табыс етіледі. Білім сынағы сәрсенбі күні сағат 12:00-15:00 аралығында Алматы, Талдықорған, Жаркент қалалары мен Кеген ауданында, Тараз қаласы мен Қордай ауданының орталығында, Шымкент, Түркістан қалаларында, Қызылорда, Қазалы, Қармақшы қалалары мен Жаңақорған ауданының орталығында және Өскемен қаласында өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер наурыз айында анықталып, марапатталады. Еске сала кетейік, былтыр Ы.Алтынсарин атындағы олимпиадада 21 жеңімпаз Қыздар университеті ректорының грантын иеленген болатын.
Автор: Болатбек МҰХТАРОВ
Алаш айнасы