Архитектурасы және қала құрылысы 2000 жыл

26 Ақпан 2013, 05:53

Зерттеу тобы 2000 жылдың ақпаны мен 2001 жылдың мамыры аралығында материалдар жинау мен Астананың қала салуға ыңғайлылық жағдайын тексеру бойынша кажетті алқаптық зерттеу жүмыстарын жүргізді. ХӘЖА Зерттеу тобы жүргізген болжамдық есеп бойынша, астана тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 800 мыңға, ал 2010 жылға қарай 490 мың адамға жетеді. Бұл орайда К. Курокава қалалар дамуының негізгі көрсеткіштеріне болжам жасай отырып, жалпы әлемдік адам саны өсуінің орташа статистикалық жеделдігін және экономикалық мүмкіндіктер мен ірі қалалар құрылысының өсу қарқынын да негізге алды. Соның ішінде, қала тұрғындарының болашақтағы санын болжау үшін, олар Қазақстан қоғамы мен қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуына және мүмкіндіктеріне де болжаммен қарап, оларды өзара байланыстырып, экстраполяцияның теңгермелік әдісін пайдаланды. Астана қаласын дамытудың дайындалған Бас жоспарымен белгіленген тәртіп бойынша, сарапшылар мен мамандар танысып шығып, оны 2001 ж. 15 тамызда ҚР Үкіметі бекітті. Доктор К. Курокава дайындалған Бас жоспардың негізіне симбиотикалық қалалардың философиялық доктринасын енгізді. Жапон сәулетшісінің пікірі бойынша, 21 ғасыр қала құрылысының алдында тұрған негізгі құнды бағдарлар мен міндеттерді қайта қарауды талап ететін жаңа талаптармен әйгіленеді. Ғаламшардың экожүйесі енді, адамдар өндіріп жатқан техногендік және антропогендік салмақтың тоқтаусыз өсуіне төзе алмайды. Қалаға шоғырлану үрдісінің тегеурінді екпін алуы, тұрғындардың жаппай көлік иеленуі, техникалық прогресс пен өндірістік эволюция қарқынының артуы табиғат кешенін бүлдіру мен құлдырату үрдісіне кері шегінбес сипат беріп отыр. Қатерлі ісік секілді өсіп келе жатқан мегаполистер мен қаладан шығатын қалдықтар жиынтығы, миллиондаған гектар табиғи орман легінің жыл сайын жаңарып отыратын ауыл шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалуы, құбырдан шығатын қалдық судың өзендер мен көлдердегі негізгі таза ауыз суға құйылуы, оларды бүлдіріп, өзінің арнасына айналдыруы табиғи тепе-теңдікті бұзудың қуатты факторы болып табылады. Осылардың барлығы 21 ғасыр адамзатының алдына қызметтің барлық түрін, соның ішінде, қала салуды жаңа жүзжылдықтағы ең өзекті және өткір мәселе ретінде экологиялық әдіс пен қадамдарға қарай ауыстыру міндетін қойып отыр. Осындай философиялық-теориялық пайымдауларды негізге ала отырып, доктор К. Курокава 21 ғасырда қалыптасқан қала салудың теориясы мен тәжірибесін қайта қарап, экологиялық стандарттар мен талаптардың аясында уақыттың қатал сынына жауап бере алатын қала салудың қағидалары мен тәсілдерін дайындау керек деп есептеді. Доктор К. Курокава Астана қаласы Бас жоспарының тұжырымдамасын дайындағанда өзінің философиялық ой-тұжырымдарын тәжірибелік тәсілмен іс жүзінде көрсетуге талпыныс жасады. Бас жоспардың негізгі ережелері доктор К. Курокаваның сәулетке қатысты ойларының космологиялық теориясына тән мынадай басты үш санатқа негізделді: «симбиоз (сабақтастық)», «метаболикалық қала (зат алмасып тұратын)» және «абстрактілі символизм». К. Курокаваның қала салу тұжырымдамасының теориялық платформасы қаланы көшелер салып, әдемі ғимараттар орналастыратын аумақ ретінде ғана емес, керісінше, жерді, ауаны, суды пайдаланатын, осыған сәйкес өз тіршілігінің талабы бойынша сыртқа өнім (қалдық) шығаратын тірі организм ретінде тануымыз керек деген айқын пікірдің төңірегінде тұжырымдалды. Осылардың барлығы өзінің төл зандары бойынша табиғи жолмен жүзеге асып отырады. Осы екі тірі организмнің тіршілігіндегі тепе-теңдіктің сақталуы және қалалардың қарқынды түрде өсуі мен дамуы барысында бүліну мен құлдырау көрсеткіштерін болдырмау мәселесі – 21 ғасырдағы қала салудың жаңа әрі базалық қағидасы ретінде сарапшылар мойындаған К. Курокаваның қала салу теориясындағы негізгі өзек болатын. Табиғат пен қаланың сабақтастығы, қаланын ескі және жаңа бейнесінің өзара сабақтастығы, көлік пен адам арасындағы сабақтастық – үнемі диалектикалық өзара қарама-қайшылықта болатын тараптардың негізгі жұбы. Сәулетші оны Астана қаласының Бас жоспарын дайындау барысында да қарастырған. Нәтижесінде, қарастырылып отырған тарап мүддесінің балансын қамтамасыз ететін, қаланы жоспарлауды ұйымдастырудың тәсілдері мен қағидасы табылды. Бұл шешімнің мәні қала секілді табиғат экожүйесінің де үйлесімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ететін қала салу шараларының бүтіндей жүйесін дайындау болып табылады. Соның ішінде, ол суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде өзен арнасын бойлай ені 300 метр парк өсірудің аса қажет екенін басты мәселе етіп қояды. Бұл біздің құрғақ, далалық аймақта барынша маңызды ісшара болып табылады. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Зерттеу тобы 2000 жылдың ақпаны мен 2001 жылдың мамыры аралығында материалдар жинау мен Астананың қала салуға ыңғайлылық жағдайын тексеру бойынша кажетті алқаптық зерттеу жүмыстарын жүргізді. ХӘЖА Зерттеу тобы жүргізген болжамдық есеп бойынша, астана тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 800 мыңға, ал 2010 жылға қарай 490 мың адамға жетеді. Бұл орайда К. Курокава қалалар дамуының негізгі көрсеткіштеріне болжам жасай отырып, жалпы әлемдік адам саны өсуінің орташа статистикалық жеделдігін және экономикалық мүмкіндіктер мен ірі қалалар құрылысының өсу қарқынын да негізге алды. Соның ішінде, қала тұрғындарының болашақтағы санын болжау үшін, олар Қазақстан қоғамы мен қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуына және мүмкіндіктеріне де болжаммен қарап, оларды өзара байланыстырып, экстраполяцияның теңгермелік әдісін пайдаланды. Астана қаласын дамытудың дайындалған Бас жоспарымен белгіленген тәртіп бойынша, сарапшылар мен мамандар танысып шығып, оны 2001 ж. 15 тамызда ҚР Үкіметі бекітті.

Доктор К. Курокава дайындалған Бас жоспардың негізіне симбиотикалық қалалардың философиялық доктринасын енгізді. Жапон сәулетшісінің пікірі бойынша, 21 ғасыр қала құрылысының алдында тұрған негізгі құнды бағдарлар мен міндеттерді қайта қарауды талап ететін жаңа талаптармен әйгіленеді. Ғаламшардың экожүйесі енді, адамдар өндіріп жатқан техногендік және антропогендік салмақтың тоқтаусыз өсуіне төзе алмайды. Қалаға шоғырлану үрдісінің тегеурінді екпін алуы, тұрғындардың жаппай көлік иеленуі, техникалық прогресс пен өндірістік эволюция қарқынының артуы табиғат кешенін бүлдіру мен құлдырату үрдісіне кері шегінбес сипат беріп отыр. Қатерлі ісік секілді өсіп келе жатқан мегаполистер мен қаладан шығатын қалдықтар жиынтығы, миллиондаған гектар табиғи орман легінің жыл сайын жаңарып отыратын ауыл шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалуы, құбырдан шығатын қалдық судың өзендер мен көлдердегі негізгі таза ауыз суға құйылуы, оларды бүлдіріп, өзінің арнасына айналдыруы табиғи тепе-теңдікті бұзудың қуатты факторы болып табылады.

Осылардың барлығы 21 ғасыр адамзатының алдына қызметтің барлық түрін, соның ішінде, қала салуды жаңа жүзжылдықтағы ең өзекті және өткір мәселе ретінде экологиялық әдіс пен қадамдарға қарай ауыстыру міндетін қойып отыр. Осындай философиялық-теориялық пайымдауларды негізге ала отырып, доктор К. Курокава 21 ғасырда қалыптасқан қала салудың теориясы мен тәжірибесін қайта қарап, экологиялық стандарттар мен талаптардың аясында уақыттың қатал сынына жауап бере алатын қала салудың қағидалары мен тәсілдерін дайындау керек деп есептеді. Доктор К. Курокава Астана қаласы Бас жоспарының тұжырымдамасын дайындағанда өзінің философиялық ой-тұжырымдарын тәжірибелік тәсілмен іс жүзінде көрсетуге талпыныс жасады. Бас жоспардың негізгі ережелері доктор К. Курокаваның сәулетке қатысты ойларының космологиялық теориясына тән мынадай басты үш санатқа негізделді: «симбиоз (сабақтастық)», «метаболикалық қала (зат алмасып тұратын)» және «абстрактілі символизм». К. Курокаваның қала салу тұжырымдамасының теориялық платформасы қаланы көшелер салып, әдемі ғимараттар орналастыратын аумақ ретінде ғана емес, керісінше, жерді, ауаны, суды пайдаланатын, осыған сәйкес өз тіршілігінің талабы бойынша сыртқа өнім (қалдық) шығаратын тірі организм ретінде тануымыз керек деген айқын пікірдің төңірегінде тұжырымдалды. Осылардың барлығы өзінің төл зандары бойынша табиғи жолмен жүзеге асып отырады. Осы екі тірі организмнің тіршілігіндегі тепе-теңдіктің сақталуы және қалалардың қарқынды түрде өсуі мен дамуы барысында бүліну мен құлдырау көрсеткіштерін болдырмау мәселесі – 21 ғасырдағы қала салудың жаңа әрі базалық қағидасы ретінде сарапшылар мойындаған К. Курокаваның қала салу теориясындағы негізгі өзек болатын. Табиғат пен қаланың сабақтастығы, қаланын ескі және жаңа бейнесінің өзара сабақтастығы, көлік пен адам арасындағы сабақтастық – үнемі диалектикалық өзара қарама-қайшылықта болатын тараптардың негізгі жұбы. Сәулетші оны Астана қаласының Бас жоспарын дайындау барысында да қарастырған. Нәтижесінде, қарастырылып отырған тарап мүддесінің балансын қамтамасыз ететін, қаланы жоспарлауды ұйымдастырудың тәсілдері мен қағидасы табылды. Бұл шешімнің мәні қала секілді табиғат экожүйесінің де үйлесімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ететін қала салу шараларының бүтіндей жүйесін дайындау болып табылады. Соның ішінде, ол суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде өзен арнасын бойлай ені 300 метр парк өсірудің аса қажет екенін басты мәселе етіп қояды. Бұл біздің құрғақ, далалық аймақта барынша маңызды ісшара болып табылады.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: