Қытай қазақтары жаңадан құрылған IKAZAKH.COM сайтын қолдана бастады

26 Ақпан 2013, 04:35

Жақында Қытайдың қазақ тілді сайттарының қатарына iKazakh.com деп аталатын жаңа сайт келіп қосылды. Сұрақ-жауап сайты ретінде дүниеге келген «iKazakh»-ты құрған Бейжіңдегі Қытай Орталық телеарнасы сайтының қазақ бөлімін жүргізуші Еркебұлан Мүтәнұлы атты азамат болып шықты. Жаңадан жұмысын бастап жатқан сайттың жетекшісіне қоңырау шалдық. –Қазақстандағы сұрақ-жауап сайтын үнемі көріп жүретінмін. Қытайдағы қазақтарға да осындай бір сайттың жетіспейтіні мені жиі мазалап жүрген болатын. Сондықтан, осындағы қазақ сайт қолданушыларына ғылым мен білім жағынан сауат беру мақсатында «iKazakh»-тың дүниеге келгеніне санаулы күндер ғана болды. Сайттың ұраны – «Сұраған біліп алар, сұрамаған құр қалар!» деп аталады, – дейді Еркебұлан. Сайт құрушысының айтуынша, біріншіден «iKazakh» сөзі ағылшын тілі бойынша мен қазақ сөзін ұғындырса, екіншіден қытай тіліндегі ai(爱) – сүйу, жақсы көру сөзімен үндес келіп, мен қазақты сүйемін деген мәнді де меңзейтін көрінеді. Қолданушылары күннен-күнге артып келе жатқан сайттың «Мен қазақпын – Дүние қазақтары», «Оралман және виза», «Мәдениет», «Дін», «Аударма және шетел тілі», «Жаңалықтар», «Спорт», «Музыка» сияқты 40-қа таяу айдарды қамтитына көз жеткіздік. Көп ұзамай жаңа сайтқа кирилл және латын нұсқасы да қосылады екен. Осы орайда қандасымыздың латын әліпбиіне көшу жайлы көзқарасын да білуге тырыстық. «Меніңше латын жазуына тездеп көшетін болсақ әлем қазақтарының әліпби алуандығын шешер едік. Алфавит – бір ұлттың тіліне, мәдениетіне үлкен өзгеріс әкелетін фактор. Сондықтан, біз жаппай латынға көшу арқылы тек ғаламтор әлеміндегі қиындықтарды ғана шешіп қалмай, қоғамдағы үлкен рухани серпілісті орындайтынымызға күмән келтірмеймін»,-дейді ол. Соңғы кездері Қытайдағы қазақ тілді сайттары жұмысының уақытша тоқтап жататынын да көріп жүрміз. Біздің білуімізше бұл Қытайдағы қазақ сайттарының басына жиі келетін қиындық. Демек, қазақ сайттары Қытайдағы интернет полицейлері жағынан шектеуге көп ұшырайды екен. Еркебұланның пікіріне сүйенсек, Қытайдағы ресми үкіметтік қазақ сайттары болмаса жекелеген порталдардың халы тым мүшкіл. Ұлттық мәселеге саятын тақырыптар бой көтерсе немесе қазақтың мүддесіне қатысты ойлар айтылса қытайлардың көзіне тез түсетін көрінеді. Қаншама жақсы сайттар осының кесірінен жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Майгүл СҰЛТАН BAQ.kz

Жақында Қытайдың қазақ тілді сайттарының қатарына iKazakh.com деп аталатын жаңа сайт келіп қосылды. Сұрақ-жауап сайты ретінде дүниеге келген «iKazakh»-ты құрған Бейжіңдегі Қытай Орталық телеарнасы сайтының қазақ бөлімін жүргізуші Еркебұлан Мүтәнұлы атты азамат болып шықты. Жаңадан жұмысын бастап жатқан сайттың жетекшісіне қоңырау шалдық.

–Қазақстандағы сұрақ-жауап сайтын үнемі көріп жүретінмін. Қытайдағы қазақтарға да осындай бір сайттың жетіспейтіні мені жиі мазалап жүрген болатын. Сондықтан, осындағы қазақ сайт қолданушыларына ғылым мен білім жағынан сауат беру мақсатында «iKazakh»-тың дүниеге келгеніне санаулы күндер ғана болды. Сайттың ұраны – «Сұраған біліп алар, сұрамаған құр қалар!» деп аталады, – дейді Еркебұлан.

Сайт құрушысының айтуынша, біріншіден «iKazakh» сөзі ағылшын тілі бойынша мен қазақ сөзін ұғындырса, екіншіден қытай тіліндегі ai(爱) – сүйу, жақсы көру сөзімен үндес келіп, мен қазақты сүйемін деген мәнді де меңзейтін көрінеді. Қолданушылары күннен-күнге артып келе жатқан сайттың «Мен қазақпын – Дүние қазақтары», «Оралман және виза», «Мәдениет», «Дін», «Аударма және шетел тілі», «Жаңалықтар», «Спорт», «Музыка» сияқты 40-қа таяу айдарды қамтитына көз жеткіздік. Көп ұзамай жаңа сайтқа кирилл және латын нұсқасы да қосылады екен. Осы орайда қандасымыздың латын әліпбиіне көшу жайлы көзқарасын да білуге тырыстық. «Меніңше латын жазуына тездеп көшетін болсақ әлем қазақтарының әліпби алуандығын шешер едік. Алфавит – бір ұлттың тіліне, мәдениетіне үлкен өзгеріс әкелетін фактор. Сондықтан, біз жаппай латынға көшу арқылы тек ғаламтор әлеміндегі қиындықтарды ғана шешіп қалмай, қоғамдағы үлкен рухани серпілісті орындайтынымызға күмән келтірмеймін»,-дейді ол.

Соңғы кездері Қытайдағы қазақ тілді сайттары жұмысының уақытша тоқтап жататынын да көріп жүрміз. Біздің білуімізше бұл Қытайдағы қазақ сайттарының басына жиі келетін қиындық. Демек, қазақ сайттары Қытайдағы интернет полицейлері жағынан шектеуге көп ұшырайды екен. Еркебұланның пікіріне сүйенсек, Қытайдағы ресми үкіметтік қазақ сайттары болмаса жекелеген порталдардың халы тым мүшкіл. Ұлттық мәселеге саятын тақырыптар бой көтерсе немесе қазақтың мүддесіне қатысты ойлар айтылса қытайлардың көзіне тез түсетін көрінеді. Қаншама жақсы сайттар осының кесірінен жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған.

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.kz

Бөлісу: