Архитектурасы және қала құрылысы: қалаға Астана атауы берілуі

26 Ақпан 2013, 04:09

Қаланың бұрынғы атауының айтылуы астана үшін аса орайлы болмады және түсінігіндегі екі түрлі мағына жұртшылықтың көңілінен шыға алмады. Сондықтан Президенттің Жарлығымен 1998 ж. 6 мамырда қалаға Астана атауы берілді. Астананың құқықтық мәртебесі рәсімделіп, сондай-ақ оны көшіру бойынша техникалық-ұйымдастыру іс-шаралар жүзеге асырылып, астаналық қалаларға қойылатын талаптарға сай қалыпқа келтірілгеннен кейін, елдің барлық аймағындағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін жедел әрі тиімді басқаруға ыңғайлы жағдай қалыптасты. Екі жылға жетер-жетпес уақыт ішінде үкіметтік және мемлекеттік органдардың офистері үшін әкімшілік ғимараттар күрделі қайта жөндеуден өткізілді (сәулетшілер: Қ. Монтақаев, Ә. Тәтіғұлов, Т. Әбілда, Т. Ералиев және т. б.); мемлекеттік қызметкерлерге арналған 3200 жаңа пәтер салынып, қаланың орталық бөлігіндегі алаңдар мен көшелер жабдықталды және көгалдандырылды, халықаралық стандарттарға сай ондаған дүкендер, кафелер, мейрамханалар, демалуға және бой жазуға арналған нысандар салынды. Азғана жыл ішінде қаланың келбеті мен құрылысындағы өзгерістер таңғажайып дәрежеге көтерілді. Мұны әлем елдері де ескерусіз қалдырған жоқ. 1999 ж. ЮНЕСКО тарапынан Астана қаласына медаль тапсырып, «Әлем қаласы» деген атақ берді. Астананы жаңа қонысқа көшіргенде, Елбасы республиканың барлық аймағындағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін жедел әрі тиімді басқаруға ыңғайлы жағдай тудыру мүмкіндігін шешуді ғана емес, сонымен қатар Қазақстан экономикасын құлдырау мен тығырықтан алып шығатын, өзіндік ерекшелікке ие жаңашыл, «локомотив» болуға лайық салалар құруды да көздеген болатын. Жаңа астанадағы ауқымы мен шапшаңдығы жағынан бұрын-соңды болып көрмеген аса күрделі құрылыс жұмыстары өзімен бірге құрылыс үрдісіне қызмет көрсететін барлық саланы дамытты және осы бағытта таңғажайып нәтиже көрсете отырып, еліміздегі өндірістік кәсіпорын кешендерін де жандандырды. Алайда Президент экономиканы жандандырудың қарапайым жолын таңдап, дәстүрлі, көнерген, технологиясы мен өнімі бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындарды қайта қалпына келтіруге ықылас танытпады. Сондықтан қала салу мен құрылыс жүргізу ісіндегі әлемдік озық теория мен тәжірибенің жетістіктерін пайдалана отырып, қаланы 21 ғасырға лайық қала дәрежесіне жеткізу үшін жаңа астананың құрылысшылары мен жобалаушыларына барынша жоғары талап қойып, күрделі міндеттер жүктеді. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Қаланың бұрынғы атауының айтылуы астана үшін аса орайлы болмады және түсінігіндегі екі түрлі мағына жұртшылықтың көңілінен шыға алмады. Сондықтан Президенттің Жарлығымен 1998 ж. 6 мамырда қалаға Астана атауы берілді. Астананың құқықтық мәртебесі рәсімделіп, сондай-ақ оны көшіру бойынша техникалық-ұйымдастыру іс-шаралар жүзеге асырылып, астаналық қалаларға қойылатын талаптарға сай қалыпқа келтірілгеннен кейін, елдің барлық аймағындағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін жедел әрі тиімді басқаруға ыңғайлы жағдай қалыптасты. Екі жылға жетер-жетпес уақыт ішінде үкіметтік және мемлекеттік органдардың офистері үшін әкімшілік ғимараттар күрделі қайта жөндеуден өткізілді (сәулетшілер: Қ. Монтақаев, Ә. Тәтіғұлов, Т. Әбілда, Т. Ералиев және т. б.); мемлекеттік қызметкерлерге арналған 3200 жаңа пәтер салынып, қаланың орталық бөлігіндегі алаңдар мен көшелер жабдықталды және көгалдандырылды, халықаралық стандарттарға сай ондаған дүкендер, кафелер, мейрамханалар, демалуға және бой жазуға арналған нысандар салынды. Азғана жыл ішінде қаланың келбеті мен құрылысындағы өзгерістер таңғажайып дәрежеге көтерілді. Мұны әлем елдері де ескерусіз қалдырған жоқ. 1999 ж. ЮНЕСКО тарапынан Астана қаласына медаль тапсырып, «Әлем қаласы» деген атақ берді. Астананы жаңа қонысқа көшіргенде, Елбасы республиканың барлық аймағындағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістерін жедел әрі тиімді басқаруға ыңғайлы жағдай тудыру мүмкіндігін шешуді ғана емес, сонымен қатар Қазақстан экономикасын құлдырау мен тығырықтан алып шығатын, өзіндік ерекшелікке ие жаңашыл, «локомотив» болуға лайық салалар құруды да көздеген болатын. Жаңа астанадағы ауқымы мен шапшаңдығы жағынан бұрын-соңды болып көрмеген аса күрделі құрылыс жұмыстары өзімен бірге құрылыс үрдісіне қызмет көрсететін барлық саланы дамытты және осы бағытта таңғажайып нәтиже көрсете отырып, еліміздегі өндірістік кәсіпорын кешендерін де жандандырды. Алайда Президент экономиканы жандандырудың қарапайым жолын таңдап, дәстүрлі, көнерген, технологиясы мен өнімі бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындарды қайта қалпына келтіруге ықылас танытпады. Сондықтан қала салу мен құрылыс жүргізу ісіндегі әлемдік озық теория мен тәжірибенің жетістіктерін пайдалана отырып, қаланы 21 ғасырға лайық қала дәрежесіне жеткізу үшін жаңа астананың құрылысшылары мен жобалаушыларына барынша жоғары талап қойып, күрделі міндеттер жүктеді.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу: