Рысжан Ілиясқызы Ілиясова 1937 жылы 12 тамызда Ырғыз ауданы Толыбай ауылында дүниеге келген.
1963-1973 жылдары облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері қызметін атқарған.
1973-1974 жылдар аралығында Торғай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры қызметін үлкен абыроймен және үлкен жауапкершілікпен атқарған.
1974-1976 жылдары Ақтөбе қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. Осы жылдар аралығында Ақтөбе қалалық кеңесінің екі дүркін депутаты болып сайланды.
1957-1963 жылдар аралығында Ырғыз аудандық мәдениет мекемелерінде түрлі қызметтер атқарды.
Рысжан Ілиясқызы 1980-2003 жылдары Ақтөбе облыстық мұражайының директоры қызметін атқара жүріп, халық мұрасын жинап, еліміздің егемендік алуына орай ұлттық мұрамызды түгендеу ісіне белсене араласып, өткен тарихымызды ашып көрсете алатын жаңа экспозицияларды алғашқы болып жасақтады.
1990-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген мәдениет қызметкері атағын иеленген, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының танымал журналистерге берілетін Н.Құлжанова атындағы сыйлығымен, Ақтөбе облысы әкімі сыйлықтарымен және «Құрмет» орденімен марапатталған.
2001 жылы Р.Ілиясованың мұражай тарихында өлкемізге, тарихи тұлғаларымызға қатысты «Қазына», «Арулар – аналар, даналар», «Далам тұнған шежіре» атты кітаптары жарыққа шықты.
1993-2005 жылдары өлкетанудың келелі мәселелері бойынша ұйымдастырылған Ақтөбе облыстық телекомпаниясының «Атамұра» бағдарламасы арқылы сыры жұмбақ, шежіре аңызға айналған тарихи сәулет ескертікіштерін, киелі атақты адамдардың өмірін ақпарат құралдары арқылы тарихи жәдігерлерді жұртшылыққа кеңінен насихаттап, мұражайға жүзден астам алтын қор жинақтады.
2009 жылы Ақтөбе қаласының 140 жылдығына орай арнайы түсірілген «Ақтөбем – алтын бесігім» атты тарихи-деректі фильмнің кеңесшісі болды.
Рысжан Ілиясқызы Ілиясова - Ақтөбе облысы мен қаласының қоғамдық өмірінде белгілі орны, көрнекті абыройы бар зиялы қауым өкілі. Азаматтық белсенді позициясымен, көп жылғы ұлтжанды еңбегімен мәдениет қызметкерлері арасында үлкен лайықты беделге ие болған, мұражай ісінің республикадағы майталман білгірі.
Бүгінгі таңда Р.Ілиясова жарты ғасыр еңбек жолын мұражай ісіне арнаған құрметті ардагер атанғанына қарамастан, өлке тарихын зерттеуді тоқтаусыз жалғастыруда.