Еуропалық одақ

8 Қараша 2012, 11:03

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің — Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция елдерінің қатысуымен құрылған (1993). ЕО еур. қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым ЕО-тың құрылуына негіз қалады), Еур. экономикалық қауымдастықтың (1957 ж. Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еур. қауымдастықтың (1957 ж. құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. ЕО аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еур. актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) айқындалған. Соңғы жылдары ЕО мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экон. және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта т. жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеум. саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте 11 мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті беркіндірілген бірегей еуро (1996 ж. дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. ЕО-тың жалпы органдары мен ин-ттарының қатарына Еур. комиссия, Еур. парламент, Еур. Одақтың Кеңесі, Еур. қауымдастықтардың комиссары, Еур. сот, Аудиторлар палатасы, сондай-ақ, экон. және әлеум. к-т, Аймақтар жөніндегі к-т жатады. ЕО әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында ЕО комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссельде Қазақстан Республикасы мен ЕО және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.  Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға ЕО ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда. М. Қзімұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа елдерінің — Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция елдерінің қатысуымен құрылған (1993). ЕО еур. қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым ЕО-тың құрылуына негіз қалады), Еур. экономикалық қауымдастықтың (1957 ж. Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еур. қауымдастықтың (1957 ж. құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. ЕО аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еур. актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) айқындалған. Соңғы жылдары ЕО мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экон. және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта т. жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеум. саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте 11 мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті беркіндірілген бірегей еуро (1996 ж. дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. ЕО-тың жалпы органдары мен ин-ттарының қатарына Еур. комиссия, Еур. парламент, Еур. Одақтың Кеңесі, Еур. қауымдастықтардың комиссары, Еур. сот, Аудиторлар палатасы, сондай-ақ, экон. және әлеум. к-т, Аймақтар жөніндегі к-т жатады.

ЕО әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында ЕО комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссельде Қазақстан Республикасы мен ЕО және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға ЕО ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда.

М. Қзімұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Бөлісу: