Ғалымдар компьютер клавиатурасындағы латынның 26 әрпі мен бір ғана белгіні (аксант граф) пайдалана отырып, қазақ әліпбиін жасап шығарды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жасанды зерде» ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Шәріпбайдың жобасы бойынша қазірдің өзінде кез келген компьютерде латын қарпімен қазақша жаза беруге болады.
Қазіргі таңда латын әліпбиін енгізу, әлде енгізбеу туралы пікірталас аяқталған. «Ендігі мәселе – әліпбиді таңдап алуда» деді сенатор Ғарифолла Есім. Ол бұл мәселені биыл шешу қажеттігіне тоқталып, профессор Шәріпбайдың жобасын әріптестерінің талқысына салуды ұсынды.
– Ақпараттық-технологиялық заманда жаңа жазуды енгізгенде заманауи талаптар ескерілуі шарт. Яғни оны компьютерде, интернетте қолданғанда қаншалықты тиімді әрі оңай болмақ? Мәселен, классикалық латын әліпбиінен тыс әріптермен компьютерде жұмыс істеу үшін қосымша шрифтер, драйверлер және сұрыптау программалары қажет. Бұл қыруар қаржы мен жұмыс күшін талап ететіні түсінікті. Яғни жаңа жазуды қазіргі кез келген компьютерде орнатылған 26 әріптік классикалық латын әліпбиінде жасаған тиімді, – дейді профессор Шәріпбай.
Мұны латын жазуын қабылдаған кейбір елдердің тәжірибесі де дәлелдеп отыр. Классикалық латын әліпбиінен тыс 6 әріпті қолданып отырған түрік әліпбиін компьютерлендіруде мәселелер туындағанын айтады маман. Ал 1993 жылы қабылданған өзбек әліпбиінің осындай қосымша әріптері болғандықтан, екі жылдан кейін ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану мақсатында оларды алып тастап, әліпбиді қайта өзгерткен. 2004 жылғы әзірбайжанның латын әліпбиінде де осындай әріптер бар. Енді әзірбайжандар әліпбиін классикалық латынға өзгерту туралы ұсыныстарды талқылап, ойлануда.
Сондықтан қазақтың жаңа әліпбиін жасаған кезде де дыбыстарды компьютердің пернетақтасындағы таңбалармен ғана белгілеу керек деп есептейді ғалым. Бұл компьютерлік және телекоммуникациялық құралдар арқылы қазақ тілінде ешқандай кедергісіз жазбаша қатынасуға жол ашады. Себебі ондай құралдардың кейбіреуінде классикалық латын әліпбиінен тысқары әріптері бар ұлттық тілдерді қолдауға қажетті пернетақта, шрифтер мен драйверлерді орнатуға мүмкіндік жоқ.
Сонымен бірге жаңа әліпби тек қана қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне негізделіп жасалуы керектігін алға тартады жоба авторы. Бұл дыбыстардың қазақша айтылуы мен жазылуын сәйкестендіріп, қазақ тілін оқуды жеңілдетіп, мемлекеттік тіл ретінде басқа тілдерге тәуелсіздігін дамытады. Мәселен, қазір қазақ тіліндегі кейбір халықаралық терминдер орыс тілі заңдылығына сәйкес жасалғаны мәлім. Енді латын қарпін енгізген кезде терминдерді қазақ тілі заңдылықтарына сай беру қажеттілігі туындайды.
Ал классикалық латын әліпбиі 26 әріптен тұрады. Бірақ қазақ тілінің 28 төл дыбысы ( 9 дауысты және 19 дауыссыз) бар. 1929 жылғы реформа кезінде дауыссыз «х – һ» қосылып, жалпы, дыбыстар саны 29 болыпты. Ал қазіргі әліпбидегі әріптердің бәрі қазақ тілінде пайдаланылып отыр ма? Мамандар компьютер арқылы қазіргі әліпбимен жазылған қазақ мәтіндер жинағындағы әріптердің кездесу жиілігін анықтаған. Сонда 100 миллион әріп қамтитын мәтінде а әрпінің кездесу жиілігі – 12,25 пайыз болса, ё әрпінің кездесу жиілігі – 0,00 пайыз, һ әрпінікі – 0,01, ъ әрпінікі – 0,02, ч әрпінікі – 0,03 пайыз болған. Яғни, қазіргі қолданыстағы әліпбидегі кейбір әріптер сөздік айналымда мүлдем жоқ. Осыған сәйкес жаңа әліпбиде қазақ тілінің дыбысталуына жат 11 әріп (ё,һ,и, ц,ч,щ, ъ,ь,э,ю,я) алынып тасталған. Сонда әліпбиде белгіленуі тиіс 31 әріп қалады. Ал классикалық латын әліпбиінде барлығы 26 әріп барын ескерсек, қосымша белгілеуді қажет ететін 5 қазақтың дыбысы қалады. Олар: ә, ө, ү, ж,ң. Ағылшын, өзбек сияқты тілдерде бір дыбыс екі әріппен беріледі. Қазақ тілінде бұл әдісті қолданғанда кейбір сөздердің оқылуы дұрыс болмай, немесе бөлек сөздердің жазылулары бірдей болып кету мәселесі туындаған. Онда не істеу керек?
Мамандар ең алдымен ә, ө, ү, ж,ң әріптерін белгілегенде оларды a, o, u, y, z, n әріптерінің сыңары ретінде беруді құп көреді. Онда оларды компьютер клавиатурасындағы 26 әріптің аясына қалай сыйғызуға болады? «Әдетте біз мәтінді пернетақтаның тек төменгі регистрі арқылы (shif батырмасын баспай) тереміз. Бізге цифрлар, жақшалар, арифметикалық амалдар таңбалары, тыныс белгілері, тырнақшалар және көлденең сызықшалардан басқа таңба керек» дейді сарапшы. Ондай таңбалар екеу ғана: ’ аксант эгю (э батырмасы) және ` аксант граф (ё батырмасы). Мұндағы аксант эгю таңбасы қосақталып, мәтіндегі тырнақша ретінде, ‘ ’ жиі кездеседі, себебі ол кез келген таңбаның алдында ‘ түрінде, ал таңбадан кейін ’ түрінде бейнеленеді. Сонда пернетақтада қолданылмаған жалғыз аксант граф таңбасы қалды. Оны қазақтың ә, ө, ү, ң, ж дыбыстарын қос таңба арқылы белгілеу үшін қолдануға болады деп есептейді жоба авторы. Яғни қосымша бес әріп былай таңбаланады: a`, o`, u`, n`, z`. Бұл бір жағынан сөздердің жазылуын тым ұзартпайтындығын айтады маман. Мысалы, әңгіме = a`n`gime, теңге = ten`ge, даңғыра = dan`hyra, жыл = z`yl. Сонда классикалық латын әліпбиінің барлық 26 әрпін қолдана отырып, қазақтың барлық сөздері осылай оңай беріледі.
Мамандар жаңа әліпби негізінде кез келген кітап, оқулықтың электронды нұсқасын жылдам латын қарпіне ауыстыруға болатындығын айтады. Мәселен, қазірдің өзінде интернет тұтынушы www.alphabet.kz сайты арқылы қазақша мәтінді ұсынылып отырған латын жазуына өзі ауыстыра алады.
Айжан Көшкенова
Айқын