Бүгін «Барыс» өз алаңында «Трактормен» ойнайды

Бүгін «Барыс» өз алаңында «Трактормен» ойнайды

Бүгін «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Трактор» (Челябі) командасымен ойнайды.

Құрлық хоккей лигасының плей-офф сындары аясында бұған дейін «Барыс» хоккейшілері «Трактормен» екі рет кездесіп, барлық ойындарда қарсыласынан басым түсті. Жалпы есеп - 2:0. Плей-оффтың ережесі бойынша төрт рет жеңген команда келесі айналымға өтеді. Сондықтан «Барысқа» тағы екі ұпай жинау қажет.

Айта кетейік, бүгінгі ойын Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде кешкі сағат 19.00-де басталады. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.

Автор: Арман Асқаров

inform.kz