Осы аптада Дубай қаласында британдық GEMS оқыту жүйесі бойынша оқушылар мен ата-аналардың «Халықаралық күн» (International Day) шарасы өткізілді.
Біріккен Араб Әмірліктері - сырттан жұмыс істеуге келетіндер саны өте жоғары, атап айтқанда ел халқының 80-85 пайызын құрайтын мемлекет. Оның үстіне жергілікті халық «эмираттықтар» өзге ұлттарға, өзге дінді ұстанатындарға шыдамдылығы және толеранттылығымен ерекшеленеді.
БАӘ-де Парсы шығанағының өзге елдерімен қатар Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжаннан келетіндер саны артып келеді. Қазақстандықтар бұл елде ірі мұнайгаз компанияларында, ақпараттық технология, қонақүйлік индустрия, және инвестициялық басқару салаларында жұмыс істейді. Олардың балалары көбінесе жергілікті мектептерде американдық, британдық оқыту жүйесі бойынша білім алады.
Дубай мектептерінің британдық GEMS курсы жыл сайын мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үшін «Халықаралық күн» шарасын өткізеді. Мұнда оқушылар ата-аналарының көмегімен өз елдерінің таныстырылымын өткізе алады. Олар ұлттық ерекшеліктерінен, салт-дәстүрлерінен хабардар ететін арнайы стенділер ұйымдастырады.
Дубай мектептерінің біріне шақырылған ҚазАқпарат тілшісі қазақстандықтардың өз елін жоғары деңгейде таныстырғандығының куәсі болды. Олардың стендісінде қазақтың киіз үйі, әсем Астана, республикамыздың әсем табиғаты, көшпелілердің пайдаланған бұйымдары қойылды. Шетелдіктерді қазақтың ұлттық тағамдары - бауырсақ пен қымыз ерекше қызықтырды.
Бір айта кетер жайт, келушілер арасында кезінде Қазақстанда тұрған, қазіргі уақытта Дубайда жұмыс істейтін шетелдіктер де болды. Олар қазақстандықтардың қонақжайлылығын, кішіпейілділігін ықыласпен еске алды.
Отанынан алыста жүрген қазақстандықтар балалары ұлттық мәдениетті, тілді, салт-дәстүрді ұмытпауы тиіс деп есептейді.
Олар Әбу-Дабидегі ҚР Елшілігіне осынау игі шараны ұйымдастыруға көмектескендіктері үшін алғыстары білдірді.
inform.kz