Г.Н. Қыпшақованың шығармашылығы
1985 жылы Қызылорда қаласында өткен аймақтық театрлар фестиваліне Г.Боровиктің «Буенос-Айрестегі интервью» қойылымымен қатысты.
1995 жылы Жезқазған қаласында өткен Абайдың 150 жылдығына арналған Республикалық театр фестивалінде И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымында Хадиша рөлін сомдады.
1997 жылы Алматы қаласында өткен М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған халықаралық театрлар фестивалінде М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды» спектаклінде Құртқаның рөлінде ойнады.
2003 жылы Н.Сацтың 100 жылдығына орай Алматы қаласында өткен Республикалық жастар мен балаларға арналған қойылымдар фестивалінде Ж.Омаровтың «Бөлтірік пен құлыншақ» қойылымында Ана Дала рөлін сомдап, ерекше талантымен көзге түсті.
2009 жылы Біржан сал Қожағұлұлының 175 жылдығына орай Қарағанды қаласында өткен Республикалық театрлар фестивалінде Қ.Қасымовтың «Қыз Жібек» қойылымында Кербез рөлінде ойнады.
2011 жылы Шымкент қаласында өткен «Театр көктемі - 2011» республикалық аймақтық театр фестивалінде Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-ана» қойылымында Жер-Ана рөлін сомдады.
Г.Н. Қыпшақова сонымен бірге Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұжымының құрамында бірнеше халықаралық фестивальдарға қатысты. Атап айтқанда, 1999 жылы Бішкекте (Қырғызстан Республикасы) өткен «Ч.Айтматов жана театр» атты халықаралық театр фестивалінде Ш.Айтматов пен М.Шахановтың бірігіп жазған «Сократ түні» спектаклінде Айсұлу, Махаббат, Ду Дау рөлдерін сомдады. 2003 жылы Бішкек қаласында өткен «Арт-Ордо» І халықаралық театр фестивалінде Е.Әлімжановтың «Жанұран» қойылымында Доллара рөлін ойнады. Сондай-ақ, Дүниежүзілік экспериментальді театр фестиваліне Қ.Қасымовтың «Қыз Жібек» қойылымындағы Кербез рөлімен қатысты.
Гүлшат Қыпшақова туралы жарық көрген мақалалардың тізімі
Гүлшат Қыпшақова туралы бейнематериалдар тізімі