Айтпақшы, осы 4 VIP-нөмірлі бөлмелердің өз аттары да бар. Қандай дейсіз бе? «Директор», «Түрме қызметкері», «Заңгер», «Төреші». Сонымен қатар, мұнда сауна, фитнес-орталық, мейрамхана да жоқ емес. Әр нөмірде екі адамдық кереует, үлкен көлемді теледидар, желдеткіш, душ, тегін Wi-Fi интернет жүйесі, кофемашина және кішігірім бары бар.
Түрменің классикалық түрін сақтау барысында қонақ үйдің ішкі көрінісін дизайнерлер қазіргі заманға сай етіп өзгертіп тұрады.